«Тұлғаны психологиялық-педагогикалық диагностикалу» пәнінің электрондық оқу-әдістемелік кешені қашықтықтан оқыту технологиялалары (ҚОТ) бойынша оқитын «050103» – «Тұлғаны психологиялық-педагогикалық диагностикалау» мамандығының студенттеріне арналған. ПЭОӘК студенттерді курс мазмұнымен, өзектілігімен, қажеттілігімен, саясатымен және студенттің оқу үдерісінде қандай дағдылар мен іскерлікті үйренетінімен таныстырады.
Пәнді ҚОТ бойынша оқу кезінде ПЭОӘК негізгі құрал болып табылады.
Нормативтік сілтемелер
Осы «Тұлғаны психологиялық-педагогикалық диагностикалу» пәнінің электрондық оқу-әдістемелік кешені (ПЭОӘК) берілген пән бойынша оқу үдерісін ҚОТ пайдалана ұйымдастыру ретін анықтайды және келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес әзірленген:
5В011100 – «педагогика және психология» мамандығының Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарты ҚР МЖМБС 6.08.067-2010, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы «08» тамыздағы №349 бұйрығымен бекітілген.
СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.
Берілген тақырыпты конспектілеу.
Негізгі талаптар:
Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.
Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.
Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.
Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
СОӨЖ және СӨЖ жазуда не ескеріледі? Таңдап алған жұмыстың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студен осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.
Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.
Жұмысты орындауда студент негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.
Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.
Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.
Студенттің жазған жұмысы аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушыны қысқаша жұмыс тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студент жұмыс мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.
Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.
Жұмысты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.
Орындаған жұмыс талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы жұмысты жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
Курс бағдарламасын меңгеру. «Педагогика» курсын көрсетiлген бағдарлама бойынша меңгеру қажет. Негiзгi ұғымдар мен анықтамаларды меңгеру қажет.
Студенттiң өздiк жұмысы пәннiң сабақтарын толықтыратын маңызды және жауапты бөлiмi. Өздiк жұмысқа жекелеген теориялық бөлiмдер, жеке бағдарламалар құру т.б. жатады. СӨЖ бақылау ауызша және жазбаша бақылау, коллоквиумдар, тесттер, рефератттар түрiнде алынады.
Өздiк жұмыстар мен рефераттарды толтыру оқу орнының стандартына сәйкес келуi тиiс.
Аралық бақылауда өтiлген тақырыптар бойынша ауызша және жазбаша бақылау жұмыстары, тестiк сұрақтар берiледi
Курстың мақсаты: Болашақ маманның жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу және дамытуға бағытталған теориялық, әдіснамалық және практикалық даярлығы. Мектептегі оқу-тәрбие үрдісін жаңартудың қазіргі бағытын шығармашылықпен қарау, ізгілендіру және демократияландыру, жаңашыл-педагог іс-тәжірибелерін ескеру.
Курстың міндеттері: Қазақстан Республикасының халыққа білім беру жүйесі, принциптері мен заңдылықтары, мектептегі басқарудың ғылыми педагогикалық негіздерімен қаруландыру; қоғамға білімді, жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей білетін білікті маманды даярлау; мектептерде оқу-тәрбие жұмысын терең түсініп, әдістемелік негізде үлкен шеберлікпен жүргізудің тиімді жолдарымен, әдістерімен қаруландыру; студенттерге педагогикалық процестің жүйелі көрінісін және педагогикалық дағдылармен шеберлікті қалыптастыру; оқушылар ұжымымен, ата-аналармен қарым-қатынас жасай алу.
Тақырыптардың барлығы дәрістік, практикалық сабақтарда берілген, қалғаны өздiгiнен орындалады.
Дәрiстiк, практикалық сабақтарды орындау мiндеттi.
Аралық аттестация қортындылары студенттiң сабаққа қатысуын, өздiк жұмыстарын өз уақытында орындауын, сабақ үстiнде жауап беруiн, аралық бақылау нәтижелерiн ескере отырып қойылады.
Олар мiндеттi түрде айтылған уақытында тапсырылуы тиiс. Өз уақытынан кеш тапсырылған бақылау жұмыстарына автоматты түрде төмен баға қойылады.
Студенттердiң бiр-бiрiнен көшiргенi немесе плагиат (дайын тапсырманы көшiру) үшiн оған курс бойынша “қанағаттандырарлықсыз” деген баға қойылады.
Курс саясаты
Осы курсты оқығаннан кейін студент міндетті:
әрбір тақырыпқа конспект жазуға;
дәрістік, практикалық сабақтарды оқуға;
оқулық материалдары бойынша өз бетімен практикалық үй жұмыстарын көрсетілген уақытта орындауы;
апта сайын кеңестік сабақтардың алдында қысқаша тестік тапсырмалар берілуі мүмкін.
Баға қою саясаты
Әрбір студент пән бойынша жеткілікті рейтинг алуы үшін белгілі балл санын жинуы тиіс. Баллдардың максималды саны:
1-рейтинг нәтижесі бойынша 1-8 апталарда – 30 балл
2-рейтинг нәтижесі бойынша 9-15 апталарда – 30 балл
Пән бойынша семестрде максималды балл саны – 60
Берілген тапсырмаларды бағалау жүйесі (1 және 2 рейтинг нәтижесі бойынша)
1
27-30%
өте жақсы бағасын қою барысында тәлімгер тақырып бойыншы берілген ауысша, жазбаша, тәжірибелік жұмысты толығымен орындаған жағдай ескеріледі; егер нақтылау үшін берілген сұраққа жауап берілмеген жағдайда бір кемшілігі ескеріліп 1-4% алынып койылады
2
23-26%
жақсы бағасы ауысша, жазбаша, тәжірибелік жұмыс, оның нәтижелері жалпы түрде оқу жоспарына сай, бірақ бір немесе екі өрескел қатесі немесе үш кемшілігі жалпы пайыздан 1 шегеріліп отырылады (дұрыс, бірақ жетілген дәл жауап емес).
3
15-22%
қанағаттанарлық бағасы егер де ауысша, жазбаша, тәжірибелік жұмыс оның нәтижелері негізінен бағдарламаның талаптарына сай келіп, бірақ 1 өрескел қатесі және 2 кемшілігі болса, немесе 1 өрескел қатесі және 1 өрескел емес қатесі, немесе 2 – 3 өрескел қатесі, немесе 1 өрескел емес және 3 кемшілігі болса, немесе 4 – 5 кемшілігі болса қойылады.
4
0-14%
Негізіненқанағаттанарлықсыз бағасыжұмыстың жоқтығын көрсетеді, және оқушыға оны қайта жасауды ұсынуға болады.
Студент білімін бақылау
Студенттің білімін бақылау келесі түрде жүргізіледі:
ағымдағы бақылау (әр модуль соңында жүргізіледі)
межелік бақылау тестілеу түрінде (8 және 15 апталарда)
қорытынды бақылау – семестр соңында бір рет жүргізіледі
Студент пән бойынша емтиханға жіберілуі үшін оның семестрдегі жиынтық рейтингілік бағасы 30% тен немесе артық болуы тиіс. Қорытынды баға 1 және 2 рейтинг пен емтихан нәтижесі бойынша есептеледі: 1-рейтинг нәтижесінің 30% + 2-рейтинг нәтижесінің 30% + емтихан нәтижесінің 40% қосындысына тең.
А1 12+А2 13=25(15-тен 29-ға дейінгі балл) емтиханға жіберілмейді
Амал, Тәсіл (Способ) – бір істі атқарудың тиімді жолын іздестірудегі адамның іс-әрекеті. Амал, тәсілдің көп болуы мүмкін. Бірақ адам істейтін істі аз күш – жігер жұмсап, оңай, тиімді меңгерудің жолын іздестіреді. Оны-ең тиімді амал, тәсіл деп атайды. Амал, тәсіл тәжірибемен тығыз байланысты. Істі игерудің ең тиімді жолын меңгерген адамды әдіскер (іскер) адам дейді.
Антипатия (грек. antipatheia: anti-жауластық мағнасын беретін қосымша және pathos-сезім) – педагогика мен психологияда қолданылатын термин; жақтырмау, біреуді немесе бірдемені суқаны сүймеу сезімі. А.іш тарту, ұнатуға қарама-қарсы мәндегі сезім атауы. Я.Л.Морено (1892-1974) тұлғааралық қатынастарды зерттейтін социометрия әдісіне “симпатия” және “антипатия” терминдерін тұңғыш рет қолданды.А.көп жағынан, симпатия сияқты,кісінің еркіне байланысты қажет санауынан пайда болатын сезім емес. Әйтседе ол саналы түрде,құлқы бұзық, қатыгез,т.б. адамдарға қатысты моралдық бағамдаудың нәтижесінде пайда болуы да мүмкін.