Қазақстан республикасының



бет5/6
Дата05.11.2016
өлшемі1,23 Mb.
#921
1   2   3   4   5   6

САУАЛНАМА


  1. Оқимын, себебі сабақта қызықты.

  2. Оқимын, себебі ата-аналарым міндеттейді.

  3. Оқимын, себебі көп білгім келеді.

  4. Оқимын, себебі кейін жақсы жұмыс істеу үшін.

  5. Оқимын, себебі ата-аналарыма қуаныш әкелу үшін

  6. Оқимын, себебі жолдастарымнан қалмас үшін.

  7. Оқимын, себебі қазіргі дымбілмес болуға болмайды.

  8. Оқимын, себебі мұғалім ұнайды.

Берілулерді өңдеу үшін келесі таблицаны пайдаланыңдар:

Жауаптардың жалпы

Саны


Мотив жауаптарының саны

Сабақта қызықты

Ата-аналар міндеттейді

Көп білгім

келеді


Кейін жақсы жұмыс істеу үшін

Ата-аналарыма қуаныш әкелу үшін

Жолдастарымнан қалмас үшін

өз сыныбымды ұятқа қалдырмас үшін

Қазіргі кезде дымбілмес болуға болмайды

Мұғалім ұнайды































100%




























Бастауыш сынып балаларында оқу мотивтерінің басым мотивін анықтап, қорытынды жасаңдар.

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарының ерекшеліктерін анықтау.

Ол үшін өз сыныбыңда сауалнама жүргіз. Алдын-ала оқушыларға нұсқауда түсіндіріңдер: «Сауалнаманы аяғына дейін зейінмен оқыңдар және қай пән сендерді қызықтырады, неге соны көрсетіңдер».


  1. Қазақ тілі

  2. Математика

  3. Ана тілі

  4. Табиғаттану

  5. Еңбек

  6. Сурет салу

  7. Ән-күй

  8. Дене шынықтыру.

Берілулерді өңдеу үшін 1,2 және 3-ші таблицаларды пайдаланыңдар.

1 таблица



Сұралған оқушының саны

Жауаптардың жалпы саны

                1. Қызығушылық бағыттары

Қазақ тілі

Математика

Ана тілі

Табиғаттану

Еңбек

Сурет

Ән-күй

Дене шынықтыру

100%




























2 таблица

Сұралған оқушылардың саны

                1. Қызығушылық көрсеткен оқушылар саны

/ қызығушылық кеңдігі

Бір пәнге

Екі пәнге

Үш пәнге

Төрт пәнге

Бес пәнге

100%
















3 таблица

Сұралған оқушылардың саны

Қызығудың пайда болу себептері

Ересектердің әсері

Қабілеттер (пән жеңіл игеріледі)

Белсенді әрекет жасау мүмкіндігі

Басқа себеп-тер

Себебін көрсетпей-ді

100%
















Алынған нәтижелерді талдауда анықтаңдар:

  1. қандай да бір пәнге сынып оқушыларының басым қызығушылығын (себебін түсіндіріңдер);

  2. осы оқушыларда аз қызығушылық тудыратын пәндерін (себептерін көрсетіңдер);

  3. осы оқушылардың қызығушылықтарының кеңдігін.

Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік себебіне психологиялық талдау

Жақсы үлгеретін, орташа үлгеретін және үлгермейтін балаларда анализ және синтез тәсілдерінің қалыптасу деңгейін эксперимент әдісімен анықтаңдар.

Оқушылардан зейінмен суретті қарауды, суретте шие және алма бұтағы бейнеленген және оны толықтай сипаттап беруін сұраңдар.

Тәжірибе берулерін талдаңдар:

а) объектінің оқушы анықтаған (қасиеттерінің саны;

б) қабылданған талдауда жүйелік бар ма, жоқ па?

Әр түрлі үлгерімдегі балалар жауаптарын салыстырыңдар.

Бастауыш сынып оқушыларының жалпылау іс-әрекетінің ерекшеліктерін анықтау. Оқушыларға заттар бейнеленген суреттер көрсетіледі, онда бір ұғымға кіретін суреттер болады, оның ішінде біреуі артық.

Мысалы: комбайн, тепловоз, соқа, шөпшапқыш, сеялка. Балалар тепловозды алып тастайды, себебі ол «ауыл-шаруашылық машиналары» ұғымына кірмейді. Салыстыру үшін мынандай тәжірибе өткізіңдер – осы суреттерге теледидар бейнесін қосыңдар. Бұл жағдайда артық зат теледидар болады, қалғандары «машиналар» ұғымына біріктіріледі.

Сурет топтары: төсек, орындық, үстел, шкаф, есік, диван («есік» сөзі «жиһаз» ұғымына кірмейді); ит, сифр, қой, мысық, жираф («жираф» сөзі артық «үй жануарлары» ұғымына кірмейді).

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:



  1. Сыныптағы оқу процесінің жалпы ерекшеліктері ұғымына не кіреді ?

  2. Бастауыш сынып оқушыларының оқу қызығушылықтарын қандай жолмен анықтауға болады ?

  3. Бастауыш мектепте оқу үлгермеушілігінің себептері қандай жолмен анықталады ?

Әдебиеттер:

  1. Немов Р.С. Психология. Кн.3. М., 1995. 256 бет.

  2. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. Т.1. Владос, 2001. 50 бет.

Кіші және орта мектеп жасындағы балаларды психодиагностикалау ерекшеліктері.

Кіші мектеп оқушыларын психодиагностикалау ерекшеліктері.

Кіші мектеп оқушыларының танымдық процестерінің даму ерекшеліктері.

Мектепте оқуға даярлық параметрлері. Кіші мектеп оқушыларының тұлғалық және өзара жеке бастық қарым-қатынас ерекшеліктері

Мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамуларымен ажыратылады. Олар психологиялық-педагогикалық зерттеулерге әр түрлі жауап көрсетуі мүмкін. Сондықтан қандай да болмасын психологиялық диагностикалық әдістемені қолданбас бұрын, оның осы жастағы баланың оқыл-ойына түсініктілігін, және тым жеңіл еместігін ескеру керек. Балаға белгілі бір мөлшерде қиын, түсінікті, бірақ аз қызықтыратын психологиялық тест ұсынсақ, ол бұл тапсырманы орындай алмайды. Бұл баланың ақыл-ой қабілетінің жоқтығынан емес, оның жекелей-психологиялық дамуының жеткіліксіз деңгейінің себебінен. Егер, керісінше, осы тестік тапсырманы ойын түрінде, істей және сырттай қызықты формада өткізсе, тестік тексеру нәтижесі біршама жоғары болар еді.

Осы жағдайды практикада балалар психологиялық-диагностикасында міндетті түрде ескеру керек, әсіресе бірінші және екінші сынып оқушыларымен.

3-ші 4-ші сынып оқушыларына келетін болсақ оларға ересектер тестерін пайдалана беруге болады, тест тапсырмалары балаларға түсінікті болса.

Түсініктілік деп тұрғанымыз, осы тапсырмалардың балада бар қабілеттерге сәйкес келуі.

Ересектер тестерін бастауыш мектеп оқушыларына қолдануда белгіленген шектеулер бар. Ол ойлауды, жеке басты және өзара қатынастарды зерттеуге жасалған және қолданылатын тестерге бағытталған шектеулер. Ересектерге арналған ақыл-ой тестері сөз-логикалық ойлауды бағалайды, ал бастауыш мектеп оқушыларында бұл ойлау түрлі даму жолында болады. Оларда көрнекі-бейнелі, көрнекі-қимылдың ойлау басым болады.

Сонымен бірге ересек адамдар үшін жасалған тестерде, ақыл-ой міндеттері ересек адамдардың өмірлік тәжірибесін көрсететін ұғым мен тіл жүйесін пайдалануды қажет ететін сөз формасында жасалған. Олар көп жағдайда балаларға түсініксіз яғни ересектерге арналған ақыл-ой тестерін балаларға қолдану үшін күрделі бейімдеу жұмысы жүргізілуі қажет.

Кейде бұны жасау мүмкін емес, онда белгілі тестің балалар үшін жаңа нұсқасын жасау қажеттілігі туады. Мысалы, Векслердің ақыл-ой тесті, Кеттел тестінің балалар нұсқасы.

Ересектерге арналған жеке бас тестерін қолданудағы шектеулердің өте маңызды сипаты бар. Ересек адамды бағалайтын тестегі жеке бас қасиеттері балаларда мүлдем болмауы мүмкін, немесе керісінше балаларда ересек адамдарда жоқ жеке бастың жастық ерекшелігі болуы мүмкін. Сондықтан ересектер тесті үлгісімен жасалған балалар тесті жеткілікті сенімді болмауы мүмкін, яғни бір жағынан балаларда әлі жоқ қасиетті бағалайды, ол екінші жағынан оларды бар нәрсені бағаламайды.

Осында ұсынылған психологиялық-педагогикалық әдістемелер мектепке баратын және бастауыш сынып оқушыларының психологиялық даму деңгейін комплексті бағалауға бағытталған. Танымдық үрдістеріне, жеке басына және өзара қарым-қатынастарына, оларда бар практикалық іскерліктер мен дағдыларына мінездеме береді.

Осы әдістемелер жүйесін пайдалану негізінде балалардың мектепке оқуға психологиялық даярлығын, олардың бастауыш сыныптарда оқу барысындағы психологиялық дамуын бағалауға болады.

Осы комплекстегі әдістемелерді пайдаланып баланың психологиялық дамуында алған жылжуына көмектесетін, оқу-тәрбиелеу жұмысын тиімді бағалауға көмектеседі. Әдістемелерді 6-7 жастан 10-11 жас аралығындағы балаларды зерттеп, салыстыратын нәтижелер алуға болады.

Балаларды психологиялық-педагогикалық әдістемелер мына міндеттерді шешеді:



  1. Баланың қалай дамығаны анықталады.

  2. Балада бар нышан мен қабілеттерді дер кезінде анықтау.

  3. Баланың оқуда артта қалу себептерін немесе жаман тәрбие себептерін анықтайды.

  4. Мұғалімдерге, ата-аналарға ғылыми негізделген нұсқаулар беру.

Осы берілген әдістемелер көмегімен балаларға зерттеу жүргізуге кететін уақытты үнемдеу тәсілдерінің бірі – бұл балаларды топтық зерттеу мүмкіншілігі. Осындай мүмкіншіліктер мен шарттар туралы әрбір әдістеме берулеріне айтылған. Егер ондай берілулер болмаса онда бұл әдістемені жекелей де, топта да жүргізуге болатынын көрсетеді.

Психологиялық диагностикалық зерттеуді өткізуге кіріспес бұрын, мыналарды орындау ұсынылады:

  1. Әдістеме текстімен танысу, оны толықтай түсіну.

  2. Әдістемеге берілген берілуді оқып шығу.

  3. Әдістемені өткізу үшін қажетті материалды даярлау.

  4. Осы әдістеме көмегімен бір баланы байқап көріп нәтижесін өңдеу.

Жеткіншектер мен жасөспірім балаларды психодиагностикалау ерекшеліктері.

Жеткіншектер мен жасөспірім балаларды психодиагностикалау ерекшеліктері. Жеткіншектер мен жасөспірім балалардың танымдық процестерінің даму сипаты. Жеткіншектер мен жасөспірім балалардың өзара жеке бастық қарым-қатынасының ерекшеліктері.

Тақырыпты қарстыру барысында жеткіншектердің кіші мектеп оқушыларынан психологиялық ерекшеліктерін қарастыру қажет. Жеткіншектік шақ кіші мектеп оқушыларынан айырмашылығы: бұл кезең ең алдымен балалық кезеңнен ересектікке өтуімен сипатталады. Осы сипатқа байланысты жасөапірімдік шақ үш кезеңге бөлінеді:

Ерте жасөспірімдік кезең (9-11 сынып)

Орта жасөспірімдік кезең (17-18жастан 22-23 жасқа дейін)

Жоғарғы жасөспірімдік кезең (23-24жастан 29-30 жасқа дейін).

Жеткіншектік кезеңде бала өз мінез-құлқының барлық бағыттарында ересектерден тәуелсіз екендігін ұмтылуға тырысады. Кіші мектеп оқушылары ересектердің тілін алмаушылықты, шамадан тыс қозғалмалы болса, ал жеткіншектер неғұрлым тәуелсіз және ата-ана, мұғалімдер тарапынан сыртқы психологиялық ықпалды қабылдамайды. Бұл тәуелсіздікке ұмтылу баланың өз бетінше жасалған әрекет-қылықтары емес, ал кішкене бала сияқты ересектердің тілін алмауға ұқсас келеді.

Жеткіншектік кезең баланың өзіне, өзінің сырт кел бетіне, өзіне-өзі тануына, өзін-өзі тәрбиелеуге көп көңіл бөлуімен сипатталады. Кіші мектеп оқушылары ересектерден тәуелсіз өзіне деген көзқарасы қалыптаспаса, ал жеткіншектерге бұл көзқарас біршама қалыптасқан. Бірақ бұл көзқарастың қаншалықты деңгейде шындыққа сай екендігі жайында айтуымыз керек; Бала өзінің жақсы жақтарын және кемшіліктерін бағалай алады. Мұндай көзқарас қарама-қайшыда келуі мүмкін. Бір жағынан жеткіншек өзін жақсы жақтары бар, қасиеттері бар, оларды мақтан етуге болады деп сенеді, ал екінші жағынан кемшіліктері бар, және олардан арылу керек деп санайды. Бірақ осы екі жағдайда да жеткіншектік өзін ересек адам ретінде емес, ал балалық әрекеттер жасайды.

Келесі бір ерекшелік: әрекет-қылықтарының және өзіндік-сана сезімінің нормамен басқарылуы. Егер кіші мектеп оқушылары өзінің мінез-құлқы және ішкі бағыт бағдарын ұстануда ересектер тарапынан қойылатын әлеуметтік нормаларды ұстанса, ал жеткіншектік өз құрбыларымен қойылатын талаптарды ұстанады.

Жеткіншектер үшін мінез-құлқы, адамгершілік қасиеттен басқару үшін әлеуметтендірілген нормалар болып табылады. Бұл лидерлік немесе топтық нормалар, олар жеткіншектерге тән референтті топтарға тән.

Келесі ерекшелік: жеткіншектер құрбылары арасында беделге ие болуға. Физиологиялық дамуында жақсы жақтарын көрсетуге тырысып, кіші мектеп оқушыларымен салыстырғанда өзінен жасы үлкен бір жынысты құрбылары немесе ересектерге еліктеуге тырысады. Мұны психологияда жыныстық ролдік теңестіру (полоролевая идентификация). Бұл құбылыс жеткіншектерге және ерте жасөспірімдік кезеңге тән.

Келесі ерекшелік; кіші мектеп оқушыларына қарағанда жеткіншектер ойын ролдерінен шынайы әлеуметтік ролдерді жүзеге асыруға тырысады. Егер кіші мектеп оқушылары өмірде өздерін шынайы сипатта көрсетіп, ролдік өөө тек ойын іс-әрекеттері барысында көрсетсе, ал жеткіншектер бұл ролдері әртүрлі құрбылар тобында көрсетуге тырысады.



Диагностика барысында ескерілетін жайттар:

Жеткіншектер ақыл-ойының дамуы бойынша ересектерден артта қалмайды, сондықтан ересектерге арналған әдістерді қолдануға болады, бірақ ғылыми терминдердің болуын ескеру керек. Ал жеке бастық және өзара қарым-қатынасқа байланысты белгілі шектеулер бар. Тесттің негізгі формасы ойын түрінде болып, зейін аударып, қызығушылық туғызу керек.

Ол зерттеуші де кез келген зерттенушіде болу керек. Өзін медер терінде санай алу керек.

Ерте жасөспірімдік кезең-бұл барлық мінез-құлқы әрекетінде әлеуметтік психологиялық тәуелсіздіктең бастау кезі. Соның ішінде, материалдық, финанстық өзіне-өзі қызғаныштық көрсетуі бойынша. Бұл кезеңде күрт өзгерістер болады. Өзінің кез келген жақын адамдарының өмірі үшін жауапкершілік сезімді қабылдау кезеңі. Өмірге бейімделу.



Кәсіби психодиагностика.

Кәсіби іріктеу мен кәсіби бағыт-бағдар психодиагностикасы. Кәсіби әрекеттердің психикалық процестерінің ерекшеліктерін анықтаудың психодиагностикалық бағыттылығы. Жұмысқа қабілеттіліктің темпераментпен байланысы. Болжамалы іс-әрекет түрлерін анықтау тестісі. ДДО - Дифференционалдық – диагностикалық сұрақнама. Холланда сұрақнамасы. Ақпараттың психодиагностикалық конфиденционалдылығы. Адамды нақты психологиялық типтерге жатқызуды құру тестері. Стандартталған және эксперттік әдістер. Психодиагностика бойынша әдістемелік орталығы мен қолданушылардың өзара әрекеті. Әдістердің бланкісі мен мәліметтердің бланкісі.

Тәжірибелік бағыттылыққа ғылыми бастау негіздері - өткен ғасырдың ортасынан бастап құрала бастады. Тәжірибелік таңдаудың бірінші, алғашқы теорияларының бірі – Ф. Парсонстың (1908 ж) кәсіптік кеңес берудің үш факторлы теориясы болды. Ең басты идеясы ол – үш факторлардың бөлінуінен тұрады, фазалардан тұрады, тіжіридедегі бағыттылық жұмыстардан тұрады: оның біріншісі – психикалық және жеке ерекшеліктері қамтылушы адамның мамандыққа деген томасының оқытылуымен қосылады. (психологиялық диагностикалық фаза), екіншісі – мамандықтың талаптарының оқытылуы мен оның психологиялық терминдерде формалануын негіздейді.(тәжірибелі графикалық), үшіншісі – осы екі қатардағы факторлардың және қабылданған шешімдердің мамандақ жайлы тұрақталуымен тұрады. Яғни, мұның бәрі мамандық талабы бойынша адам ерекшеліктерінің сәйкестігін қалыптастыру негізінде базаланады.(шешім қабылдаушы фаза).

Кеңес берудің бұл типі диагностикада кәсіптік кеңес беру қатарына жатқызылады.

Сөйтіп, мамандықты таңдау – ұзақ уақыттар бойы мамандық талаптары арасындағы сәйкестік арасындағы іздеу салу ретінде қарастырылған. Мұндай бастауды диагностикалық деп атай бастаған және кәсіптік бағыттылық немесе кәсіптік кеңес беру формаларының дерективтік қатарына жатқызған.

Мамандықтар барған сайын көбеюде. Әсіресе қандай мамандықтар дейтін болсақ, адамдырдың еңбек ету барысындағы барлық оқылу кезеңі кезіндегі жеткілікті білімдерінің жұмсалуы ескеріледі. Адамдар белгілі бір мамандықты таңдау барысында, болашақтағы жұмыс таба алу жоспарларын да қарастырады. Егер адамдардың баолығы тек сонымен ғана шектелетін болса, онда берілген мамандықтары бойынша білімберінің көбейтілуі, айтатын болсақ, әрбір 12 жылда жоғары мамандықты адамдар да жұмыс жоспарларын 23 – жастарында бастап, ал 35 жасында тек жартысын ғана қамти алады. Ал 47 жасында төрттен бір бөлігімен және 59 жасында тәжірибелік қажетті жіктелген лайық болады.

Мұғалім және мектеп психологы үшін - мамандық өмірдегі бұндай өзгерістердің болуы ықтимал екендігіне дайын болу. Алайда, жобалауымыз бойынша, қандай жас мөлшерде мамандықты ауыстыруға болады немесе ауыстыру қажет екендіктерін білмейді.

Ең басты психологиялық жайт директивті – диагностикалық қалыпты жағдайды қалыптастырушы адамдардың ерекшеліктерін ескерулері.

Яғни, бұдан шығаратын қорытынды - өзі көмек сұраушы кез – келген адам, өмірлік маңызды шешім қабылдаудан әр уақытта бас тартады.

Дерективті емес кеңес берулердің классикалық типтері болып табылатын психоанализдік, гумнаистік және дамытушы. Психоаналитикалық кеңес беру – адамның танымдық импульстерінің, мамандықтарының таңдауымен шығаратын принциптер арқылы құралады. Мұндай кеңес берудің басты принципі болып – қандай да болсын өзін - өзі тәрбиелеу белгілерінің, дамыту түрлерінің толықтай араласпау болып табылады. Ең бастысы - өзіңді - өзің қандай болсаң да, кемшілігіңмен қабылдай білу. Яғни, өзіңді өзгертетін мамандықтардан бас тартпау.

Кеңес беру – ортақ психология принциптері арқылы құралады. Ерекше жағдаяттардың кеңес берумен бірге әсер етуі арқылы жүзеге асады. Өзің жайлы айтып беру, сөйлей білу, өз проблемеларына үңіліп, оларды қабылдай білу. Осының бәрі жеке шешімдерді қабылдауға әкеп соғады.

Қандай да болсын сыртқы қызығушылықтың қамтылуы арқылы мұндай сызба практика, іс – тәжірибелерде болып көрмеген, зерттелмеген жағдай. Біріншіден, кәсіптік білім беру өзінің айтарлықтай маңызды уақытын қалай өткізудегі ерекшеліктерін талап етеді. Екіншіден, мұндай кәсіптік білім беруде оның құралы жоғалады. Басты мақсат болып – жеке басқа қатысты жұмысшылар саналады.

Психологиялық стимулдардың, оның дамуының қамтамасыз етілуі айтарлықтай маңызды. Бірақ, мамандықты таңдау барысында тура жол табудан аулақ болады. Сондай – ақ, кейбір гуманистік психология принциптері – активтелген кеңес беруді құруда қолданылады.

С. С. Гриншпун кәсіптік кеңес берудің бірнеше түрлерін бөліп қарастырады: диагностикалық, медициналық, сұраулы – информациялық, формалаушы.

Осы кәсіптік кеңес беру түрлерінің әрбіреуі бірнеше қызметтерді атқарады. Жеке менінің психологиялық оқылуын көздейді, адам денсаулығының жағдайын бірінші кезекте бақылау, мамандық дүниетанымы жайлы оқушылардың білімдерінің бағытын тексеру; Атауы бойынша кеңес берудің бірінші типі классикалық бастаумен сәйкес келеді. Алайда, қалыпты жағдайы мазмұны бойынша ерекшеленеді. Арнайы түрде, қолданбалы әдістердің міндеті:


  1. Жеке бастың өзін - өзі тануына және дамуына әкелетін, тигізетін әсері

  2. Мамандықты таңдау барысындағы өзіндік тәжірибеге ие болу

  3. Даму принциптерін ескеру және жеке бастың жас ерекшеліктерін ескеру

Мектептегі кеңес берушінің жалпы бірнеше бағыт беру жұмыстарын қарастырайық.

Жоғарғы сынып оқушыларында қазіргі кездері мынадай жоба қалыптасқан. Олар өздерінің болашақ таңдаулары жөнінде психологтан көмек сұрағылары келеді. Өйткені, оларға берілетін тапсырма, болашақтағы мамандықтарын дұрыс таңдау. Олардың тәжірибелік жоспарларына тәуелсіз. Олардың даму деңгейлері қазіргі уақытта, бұрынғыға қарағанда жақсы дамыған. Оқу барысындағы жақсы білім беру деңгейі жоғарғы дәрежеде жоспарланған. Мамандық таңдау барысында, жоғары сынып оқушылары мектеп психологының кеңес беруін қажет етеді.

Қысқа түрдегі кеңес берулер психологтың қатысуымен, мамандық таңдауда өзіндік өмірлік мақсаттарына бағытталған.

Шұғыл көмектің қажеттілігін дұрыс сезіну үшін, басқа адамдарға қажетті көңіл аудару керек.



Психолог оқушылардың білімге деген талпыныстарын сыныптан кеш бастамауға тиіс. Яғни, оқушылардың тәжірибелік деңгейлерін бақылау шарт. Мысалға, оқушылардың кейбірі 9 – сыныптан кейінгі оқуларын колледж, техникумдарда жалғастыруды жоспарлайды.

8 – сыныптан бастап олармен индивидулдық түрде жиналыстар өткізіп отырған дұрыс.

11 – сыныпты аяғына дейін оқып бітіруге талпынған оқушылар психологтың аса көп көңіл аударуын қажет етеді. Яғни, 8 – 11 сыныптардағы оқушылар психологтың кеңес беруін қажет етеді.

Кәсіптік кеңес беруді жүргізудің бастапқы жолдарын оқыа – білу қажет. Оқушылардың даму деңгейіне бақылау жүргізу қажет. Олардың кейбір мүмкіншіліктерінің даму деңгейлерін тексеру қажет.

Ең басты қызығушылық көрсеткіші – ұзаққа созылған және систематикалық сабақ түрлеріне, арнайы шығармашылық түріне ұмтылыс, тырысуға бейімделу болып табылады. Сондықтан да, қарапайым бақылаулар мектеп ішінде және мектептен тыс оқушы өміріндегі әңгіме жүргізулер, таңдаған шығармашылық өнері жайлы, әңгіме – сұхбат жүргізу, оның ата – анасымен мұғалімдері тарапынан сын айтуды ұйғарады. Оқушылардың қызығушылықтарының тұрақтылығы мен мүмкіншіліктерін әр қырынан зерттеу қажет.

Осымен дәрісіміз аяқталды! Түсініксіз жерлері болса, сұрап алыңдар!


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет