Сабақтың тақырыбы: «Етістік» Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға етістік туралы толық мағлұмат беру. 2. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамытып, дербес жұмыс жасауға үйрету. Өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже Етістік туралы білімдерін нығайту Көрнекілігі: сөзжұмбақ, плакат, үлестірмелі қағаздар Сабақтың түрі: Дамытушылық Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап әдісі, өз бетімен жұмыс істеу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: - Сынып оқушыларын түгендеу. - Үй тапсырмасының орындалуын қадағалап, бағалау.. ІІ. Ой шақыру Сұрақ - жауап әдісі: -Зат есім деген не? - Зат есімнің қандай сұрақтарын білесіңдер? - Жалқы есім деген не? - Жалпы есім деген не? - Кім? Кімдер? деген сұрақтар қай уақытта қойылады? - Не? Нелер? деген сұрақтар қай уақытта қойылады? - Зат есімнің жекеше түрі деген не? - Зат есімнің көпше түрі деген не? ІІІ. Жаңа сабақ - Психологиялық дайындық - Білімдерін жинақтау мақсатында: дидактикалық ойын ойнату - "Тез ойла, сөз ойла" ойыны: Не? Қоздайды ... құлындайды ... лақтайды ... боталайды ... бұзаулайды
Кім? Емдейді ... оқытады ... ұшады ... тігеді Заттың атын білдіретін сөзді - зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: адам, адамдар, ағаш, ағаштар Бүгінгі сабағымыздың ұраны: Сөйлейміз, оқимыз, жазамыз, Бәрін білуге ұмтыламыз! Ендеше, осы ұранды ұстана отырып сабағымызды бастаймыз. - Сәйкестендіру тестін орындаймыз: Адасқан сөздерді орнына қой. Арыстан - боздайды Түйе - ақырады Жылқы - маңырайды Қой - мөңірейді Аю - бақырады Сиыр - кісінейді
- Етістіктің ережесін жаттату - Заттардың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді - етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? қайтті? не қылды? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: өсті, ойнады, сайрады.
І. Қызығушылығын ояту Тақтамен жұмыс 412-жаттығу. Сөйлем құрастыру, етістіктерді тізіп жазу, ережесін еске түсіру Сергіту сәті:
Жұптық жұмыс Сурет бойынша әңгіме құрап, етістіктерді тап. 413-жаттығу Жұмбақтарды оқып,шешуін тап.
ІІ. Ой толғаныс. Кубизм стратегиясы: Оқушыларға куб лақтырылады. Ол кубтың беттерінде сұрақтармен тапсырмалары бар. - етістік дегеніміз не? - етістік қандай сұрақтарға жауап береді? - етістіктерге мысал келтір – оқыды - сөзін қатыстырып сөйлем құра - барды - сөзін қатыстырып сөйлем құра – биледі - сөзін қатыстырып сөйлем құра - Өзіндік жұмыс 414- жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз. 415 –жаттығу Ауызша жұмыс
- Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құра. Қонды, жауды, жүзді, тасыды. Мысалы: Қар қалың жауды. 416- жаттығу - Берілген сөздердің ішінен етістікті тауып, етістік екенін дәлелде. - Терме диктант Жинады, айтты, сөйлесті, байлады. Бағалау (түрлері) - оқушының өзін - өзі бағалауы өзін - өзі және достарын бағалау Сабақты бекіту. 1. Қандай тақырыпта сабақ өттік? 2. Сабақта нені білдіңдер? 3. Етістік дегеніміз не? 4. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді? 5. Мысал келтір