Баланың аты мен тегін өзгерту. Ата
-
анасының екеуі де тегін өзгерткен
жағдайда кəмелетке толмаған балалардың тегі өзгереді. Бала он алты жасқа
толғанға дейін ата
-
анасының бірлескен өтініші бойынша АХАЖ органы баланың
мүдделерін негізгі ала отырып, баланың атын, сондай
-
ақ оған берілген текті
басқа ата
-
ананың тегіне өзгертуге рұқсат беруге құқылы. Неке тоқтатылған
немесе неке жарамсыз деп танылған жағдайда балалар өздеріне туған кезде
берілген тектерін сақтап қалады.
Егер ата
-
анасы бөлек тұрса жəне бала бірге тұратын ата
-
анасының біреуі
оған өзінің тегін бергісі келсе, АХАЖ оганы бұл мəселені баланың мүдделеріне
қарай жəне ата
-
ананың екіншісінің пікірін ескере отырып шешеді. Ата
-
ананың
тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған, ол ата
-
ана құқығынан айырылған,
əрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда, сондай
-
ақ ата
-
ана баланы асырап
-
бағу мен тəрбиелеуден дəлелді себептерсіз жалтарған ретте оның пікірін ескеру
міндетті емес.
Егер бала бір
-
бірімен некеде тұрмайтын адамдардан туған болса жəне əкесі
заңды тəртіппен белгіленбесе, АХАЖ органы, баланың мүдделерін
негізге ала
отырып, оның тегін анасының осындай өтініш жасаған кездегі соның тегіне
өзгертуге рұқсат етуге құқылы. Он жасқа толған баланың атын жəне (немесе)
тегін оның келісімімен ғана өзгертуге болады.
Баланың ұлты. Баланың ұлты оның ата
-
анасының ұлтымен айқындалады.
Егер ата
-
анасының ұлты əр түрлі болса, ол баланың қалаулы бойынша оған жеке
басының куəлігі немесе паспорт берілген кезде əкесінің немесе шешесінің
ұлтымен айқындалады. Одан əрі баланың ұлты оның өтініші бойынша басқа ата
-
анасының ұлтына өзгертілуі мүмкін.