Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


ҚР өзін демократиялық, зайырлы



Pdf көрінісі
бет131/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#186930
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

ҚР өзін демократиялық, зайырлы, 
құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет 
деп бекітеді. 
ҚР өзін демократиялық мемлекет деп жариялайды (ежелгі грек сөзі 
«демократия» аударғанда халық билігі). Оның демократиялық сипаты келесіден 
көрінеді: онда халық билігін қамтамасыз ету;
биліктің заң шығарушы, атқарушы, 
сот тармақтарына бөлінуі; идологиялық жəне саяси алуандылық; меншіктің 
барлық формасын тану жəне тең қорғау. 
Конституция Қазақстанда мемлекеттік биліктің бірден
-
бірі көзі халық деп 
анықтайды. «Халық» сөзі заңдық көзқарас тұрғысынан «азамат» түсінігімен 


~207~ 
теңестіріледі жəне адамдар тобының белгілі бір мемлекетке тиістілігін 
анықтайды. Халық мемлекеттің құқықтық субстратын құрайды. 
Билік біреуді өзіне бағындыру мүмкіндігін көрсетеді, өзінің еркіне 
басқаларды бағындырады. Мемлекеттің пайда болуымен, мемлекеттің маңызды 
бір белгілерінің бірі мемлекеттік билік те пайда болады. Мемлекеттік биліктің 
қоғамның барлық мүшелерін өзіне бағындырудың негізгі элементі жалпы ерік 
пен күш қабілеті бар. Мемлекеттік билік мемлекеттің егемендігін сипаттайды. 
Мемлекеттік егемендік
-
бұл ел ішіндегі мемлекеттік биліктің жоғарылығы 
(мемлекет территориядағы заң шығару, тақару жəне сот билігінің толық жүзеге 
асуы) жəне оның халықаралық қатынастар сферасында шет ел мемлекеттерінің 
билігінен тəуелсіз болуы. Мемлекеттік биліктің жоғарылығы жəне 
тəуелсіздігінен басқа, мемлекеттік егемендік оның бірлігінен де көрінеді. 
Демократиялық мемлекетте биліктің бірден
-
бір бастауы жəне қорғаушысы 
халық болады. Бүкіл биліктің қорғаушысы халық деп тану халық егемендігін 
көрсетеді. Халық егемендігі халықтың толық билігін көрсетеді., яғни қоғам мен 
мемлекеттің істерін басқаруға халықтың шынайы қатысуы үшін халықтың 
əлеуметтік
-
экономикалық жəне саяси құралдарды иеленуі. 
Халық өзінің билігін тікелей республикалық референдум жəне сайлаумен 
қатар, мемлекеттік билік органдарына делегат жіберу арқылы жүзеге асырады. 
ҚР ешкім билікке иелік ете алмайды. Халық пен мемлекет атынан сөйлеу 
құқығы Президентке, сондай
-
ақ оның конституциялық өкілеттілігі шегінде 
Республика Парламентіне
беріледі. Үкімет халық атынан сөйлей алмайды жəне 
оның тек мемлекет атынан сөйлеу құқығы бар. 
Референдум

мемлекеттік жəне қоғамдық өмірдің маңызды мəселелерін 
шешу

бүкіл халықтық дауыс беру. Республикалық референдуммен қабылданған 
шешімдер жоғарғы заңдық күшке ие, қандай да бір мақұлдауды қажет етпейді 
жəне Қазақстанның бүкіл аумағында қолдануда міндетті. 
Сайлау

бұл əр бір мандатқа 2 немесе одан көп кандидаттар үміткер болу 
шартымен толық құқықты тұлғалардың дауыс беру жолымен жүзеге асырылатын 
мемлекеттік орган дарды немесе жергілікті өзін басқару органдарын 
қалыптастыру процедурасы. 
Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін
-
өзі басқару органдарын сайлау 
еркін жүзеге асырылады жəнеқұпия дауыс беру жолымен жалпы тең жəне 
тікелей сайлау құқығы негізінде жүзеге асырылады. Мемлекетті демократиялық 
ұйымдастырудың негізгі принциптерінің бірі билікті бөлу принципі болып 
табылады. Өзінің классикалық түрінде билікті бөлу теориясының Дж. Локк пен 
Ш. Монтескье құрған. Оның мəні мынада, азаматтардың еркіндігін қамтамасыз 
ету үшін мемлекеттік биліктің əр түрлі функциялары
-
заң шығарушы, атқарушы, 
сот

əр түрлі органдармен жүзеге асырылуы қажет жəне олар бір
-
бірінен тəуелсіз 
бір бірін тойтарады. 
Бірақ еркіндікті қамтамасыз ету үшін тек бір билікті бірнеше органдардың 
арасында бөлу жеткіліксіз. Бұл органдар біреуі екіншісінен жоғары болмау үшін 
өзара теңдікте болуы қажет жəне олардың əр қайсысы біреуінің жекелігіне 
екіншісі тарапынан қол сұғушылық кепілдеме болуы қажет. Мұндай жолмен 


~208~ 
ұйымдасқан олар бір
-
біріне бағынбайды, бірақ бір
-
бірімен өзара тығыз 
байланыста болады. 
Осылайша, билікті бөлу
-
бұл ортақ мемлекеттік билікті заң шығарушы
атқарушы жəне сот билігіне бөлу; құрылымдық
-
қаржылық дербестік жəне бір 
биліктің екінші биліктің үстінен билігін болдырмай жəне олардың тиімділігі 
өзара əсерін қамтамасыз ету өкілеттілігі берілген əр мемлекеттік биліктің 
тəуелсіздігі болуы. 
ҚР мемлекеттік биліктің бірлігі мемлекет басшысы жəне оның жоғарғы 
лауазымды тұлғасы болып табылатын Президент қамтамасыз етеді. Осылайша, 
ҚР Президенті Барлық билік тармақтарының үстінде тұрады, бірақ өзінің 
өкілеттілігі бойынша атқару билігіне басады. ҚР демократия идеологиялық жəне 
саяси алуан түрлілік принциптері негізінде жүзеге асырылады. 
Саяси алуан түрлілік (плюрализм)
-
бұл конституция шеңберінде əрекет 
ететін барлық саяси партиялар мен басқа да қоғамдық ұйымдардың саяси 
процеске қатысудың тең мүмкіндігін қамтамасыз етуді қарастыратын саяси 
ойлар мен саяси əрекеттердің еркіндігі жəне көп партияның болуы, сондай
-
ақ 
азаматтардың кез келген партияға кіру немесе еш қайсысына кірмеу құқығы. 
Саяси плюрализм
-
бұл конституция шеңберінде əрекет ететін кез
-
келген 
партияның құрамына кіру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар ешқайсысына 
кірмей, партиясыз болу. Ол идеологиялық біркелкілікпен сыйымсыз жəне тек 
идеологиялық алуан түрлілік жағдайында жүзеге аса алады. 
Идеологиялық алуан түрлілік (плюрализм)
-
бұл идеологиялық жəне рухани 
құндылықтарды таңдау еркіндігі жəне қоғамда мемлкеттік немесе міндетті 
идеологияны бекітуге тиім салу. Бұл саяси плюрализмді жүзеге асыру шарты 
болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет