~267~
өңдірудің салдарынан жойылған жануарлар мен өсімдіктерді қоспағанда. 200
мың гектар топырақты қабат зиян шеккен. Мұнай кəсіпшілігінің нəтижесінде
топырақтық зиян шегу терендегі 5
-
10 метрге жеткен. АҚШ ғылымы Х. Беннеттің
айтуынша тереңдігі 2
-
3 см. жеткен топырақтың бұзылуын қайта қалпына келтіру
үшін 200 ден 1000 жылға дейін уақыт керек екен.
Сондықтан, 2005 жылдың аяғына дейін теңіз жəне жағалау маңы
экожүйелеріне залал келтірместен көмірсутегін өндірудің мүмкін болатын шекті
деңгейін айқындау жөніндегі арнаулы зерттеулерді жүргізу, геодинамикалық
мониторингті іске асыру, иесіз мұнай ұңғымаларын жəне басқа да байырға
ластануларды жою, ілеспе газды алауларда жағуды жəне мұнай құбырлары мен
радиоактивті ластанған жабдықтарды рұқсат алынбай көмуді тоқтату жөнінде
шаралар
қабылдау көзделеді.
Əлемдік тəжірибе көрсететіндей, экологиялық проблемаларды табысты
шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негізі кез келген мемлекеттің
əлеуметтік
-
экономикалық жүйесін
экологияландыру
болып табылатынын
көрсетеді.
Экономиканы
экологияландандыруды
жүзеге асыру үшін ресурс
үнемдейтін технологияларды дамыту жəне экологиялық «лас» өндірістің үлесін
азайту, табиғат пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық бақылаудың,
экологиялық мониторингтің жəне статистиканың табиғат пайдаланудың жəне
экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесін оңтайландырудың экономикалық
тетіктерін жетілдіру арқылы барлық əзірленетін мемлекеттік, өңірлік жəне
салалық бағдарламаларға экологиялық шарттар мен талаптарды енгізу қажет.
Ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде экологиялық қауіпсіздік тұрақты
дамудың міндетті шарты болып табылады жəне табиғи жүйелерді сақтаудың
жəне қоршаған ортаның тиісті сапасын қолданудың негізі болады.
Достарыңызбен бөлісу: