Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Денсаулық сақтаудың негізгі үлгілері



Pdf көрінісі
бет22/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#186930
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Денсаулық сақтаудың негізгі үлгілері
 
Қазіргі уақытта медициналық көмекті пайдаланушы мемлекет, өндіруші 
жəне тұтынушы арасында қалыптасқан өзара қарым

қатынасқа сəйкес барлық 
денсаулық сақтау жүйесі үш негізгі экономикалық үлгіге бөлінеді.Олар:
1.
Жеке медициналық сақтандыруды пайдалану арқылы нарықтық 
қағидатқа негізделген ақылы медицина;
2.
Бюджеттік қаржыландыру жүйесіне негізделген мемлекеттік 
медицина;
3.
Қаржыландырудың көп арналы жүйесімен нарықты реттеу 
қағидаттарына негізделген денсаулық сақтау жүйесі.
Бірінші үлгіде, мемлекеттік медициналық сақтандырудың бірыңғай жүйесі 
жоқ, медициналық көмек негізінен ақылы негізде, медициналық көмекті 
тұтынушы 
есебінен 
көрсетіледі. 
Медициналық 
қызметтерге 
қанағаттанушылықтың басты құралы

медицина қызметінің нарығы. Бұл ретте 
мемлекет өзіне мұқтаждықтың
нарықпен қанағаттанбайтын бөлігін алады 
(халықтың аз қамтылған топтары, зейнеткерлер, жұмыссыздар). Осы жүйе АҚШ 
денсаулық сақтау жүйесінде анық ұсынылған, онда денсаулық сақтау
ұйымының негізі

кедейлерге «Medicaide» жəне зейнеткерлерге қызмет 
көрсететін «Medicare» мемлекеттік бағдарламаларымен толықтырылатын 
медициналық қызметтің жеке нарығы. Осындай үлгіні əдете ақылы, нарықтық, 
американдық деп атайды, кейде жеке сақтандарудың бөлігі дейді. 
Екінші үлгі, мемлекеттің айрықша ролімен сипатталады. Негізінен 
денсаулық сақтауды қаржыландыру мемлекеттің бюджеттен, кəсіпорындар мен 
халықтан түскен салықтар есебінен қаржыландырады. Ел халқы медициналық 


~41~ 
қызметті тегін алады (кейбір медициналық қызметтер жиынтығынан басқасы). 
Осылайша, мемлекет денсаулық сақтау қызметіне қоғамдық мұқтаждықтың 
басым бөлінгін қанағаттандаруды қамтамасыз ете отырып, негізгі медициналық 
көмекті сатып алушы жəне ұсынушы болып табылады. Бұл жерде, əдетте, 
мемлекеттің бақылауымен нарыққа болмашы
қызмет беріледі. Бұл үлгі 
Ұлыбританияда 1948 жылдан бері бар. Ол Ирландия (1971ж.), Дания (1973ж.), 
Италия (1980ж.), Греция (1983ж.),Испания (1986ж.) үшін де тəн. Оны 
мемлекеттік, бюджеттік деп те атайды. 
Үшінші үлгіні, əлеуметтік сақтандыру немесе денсаулықты реттейтін 
сақтандыру деп те белгілейді. Денсаулық ісінің бұл үлгісі аралас экономика 
қағидаттарына негізделген, мемлекеттік реттеудің дамыған жүйесімен 
медициналық көмек нарығы жəне əлеуметтік кепілдіктерді, халықтың барлық 
топтары үшін қол жетімді медициналық көмекті біріктіреді. Бірінші кезекте ол 
сақтандыру қорларын қаржыландаруда мемлекеттің айқын қатысуымен барлық 
немесе барлығы дерлік халықтың міндетті медициналық сақтандырудың 
болуымен сипатталады. Мұнда мемлекет, медицина қызметтеріне ақы төлеудің 
нарықтық қағидаттарын бұзбай, кіріс деңгейіне байланыссыз, барлық немесе 
барлығы дерлік азаматтардың медициналық көмекке қоғамдық қажет 
мұқтаждығын қанағаттандарудың кепіл беруші ролін атқарады. Медициналық 
қызметтер нарығының ролі, тұтынушылардың таңдау еркіндігі мен тəуелсіздігін 
қамтамасыз етумен, олардың кепілді деңгейден жоғарғы қажеттіліктерін 
қанағаттандыру болады. Қаржыландырудың көп арналы жүйесі (сақтандыру 
компаниялардың табысынан, еңбекақыдан, мемлекет бюджетінен түскен 
аударымдар) əлеуметтік
-
сақтандару медицинасының қаржылық негізінің 
қажетті тұрақтылығы мен
айналымдылығын қамтамысыз етеді. Бұл үлгі ГФР, 
Франция, Нидерланд, Австрия, Белгия, Голландия, Швейцария, Канада жəне 
Жапония денсаулық сақтау ісінен айқын білінеді. Əлеуметтік сақтандыру 
үлгісіне мемлекеттік жəне нарықтық үлгілердің де белгілері енгізілді. Басым 
өлшемдеріне байланысты əлеуметтік

сақтандару үлгісі не мемлекеттік, не 
нарықтық үлгіге жақын болуы мүмкін. Мысалы, Скандинавия жəне Канада 
елдерінің денсаулық сақтау жүйесінің əлеуметтік

сақтандару үлгілері 
мемлекеттік үлгіге өте ұқсас, ал Францияның денсаулық сақтау жүйесі нарықтық 
үлгіге жақын. Жүйелердің осылай бөлінуі тек шартты жəне медициналық көмек 
көрсету үдерісіне қатысушымен қарым

қатынасты үстірт сипаттайтынын атап 
өту қажет. Сонымен қатар, зерттеулермен аталмыш жүйелердің жетістіктері мен 
кемшіліктері да анықталды. Мысалы, нарық үлгісінде қызу бəсекелестіктен 
сапаның өсуі, инновацияларды іздеу жəне енгізу, стратегиялар нəтижелілігін 
таңдау жəне процеске қатысушаларды табиғи іріктеу үшін жағдай туындайды. 
Оның сыртқы шығыны шамадан тыс өсуі, мемелекеттік бақылауды жүргізудің 
қиындықтары, қайта өндірудегі дағдарыстың пайда болу мүмкіндігі, ақталмаған 
қызметтерді өндіру жəне оны міндеттеу, бəсекелестіктің жауапсыз қызметтері 
үшін алдын ала жағдай жасау, алдын алу жүйесіне жеткіліксіз көңіл бөлу жəне 
ең бастысы, медицинаға қол жетімділіктің тең болмауы. Денсаулық сақтау 
жүйесінің мемлекеттік үлгідегі жағымды жақтары: халықтың барлық 
топтарының медициналық көмекке қол жетімділігін қамтамасыз ету, аурудың 


~42~ 
алдын алуға бейімделу, медициналық көмек көрсетуге жасалған жағдайға 
мемелекеттік бақылау, аса қауіпті жұқпалармен ауруға нəтижелі əсер ету. Ал 
жағымсыз жақтары: медициналық көмек сапасының бəсең өсуі, ұйымдық 
құрылымдардың жеткіліксіз икемділігі, нəтижесіз стратегияны жəне ескі 
медициналық технологияларды ұзақ уақыт бойы қолдануға əкелетін 
ынталандырушы даму факторларының болмауы, медициналық көмекті күту 
мерзімдерін ұзарту болып табылады. 
Қазіргі таңда аса назар аударатын жəне өзекті мəселе 

қаржыландарудың 
аралас, көп арналы жүйелері бар үлгілер. Осы жүйе Швейцария жəне Сингапур 
денсаулық сақтау жүйесінде айқын көрінеді. Швейцарияда медициналық 
қызметтің 70% жеке медициналық шоттардағы қаражаттардан төленеді, ал 6% 
жұмыс беруші есебінен, 20% мемлекет қаржысы есебінен бөлінеді. Сингапурда 
жеке медицина есепшоттары жүйесі жұмыс жасайды. Сингапурда 
Швейцариядағы сияқты өмір сүру ұзақтығы 80 жас, балалардың өлімі тіпті 
төмен, ал ондағы медициналық қызмет Швейцариядағыға қарағанда жан басына 
шаққанда 4 есе арзан. Денсаулық сақтау жүйесіндегі шығындар ЖІӨ
-
нің 
Сингапурда 3,3%, ал Швейцарияда 11,4% құрайды. Мұндай жүйеде 
тұтынушылардың таңдау еркіндігі мол. Шығынның көп бөлігін науқас есебінен 
болғаннан кейін өз денсаулығына өзі жауапты, яғни көптеген аурулардың алдын 
алу жақсы дамыған. Денсаулық саласындағы қаржылық операциялар делдалдық 
компаниялармен емес, тікелей науқас пен дəрігер арасында жүргізіледі. 
Сингапурда медициналық қызмет нарығында мемлекеттің атқаратын қызметі
жоғары болғанымен (міндетті медициналық қор жинау, сомаларға шектеу қою, 
азаматтар тарапынан бірлескен қаржыландыруды талап ету, қосымша 
медициналық сақтандыруды таңдау еркіндігі), қаржыландыру денгейі төмен. 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау жүйесі Сингапурдың денсаулық сақтау жүйесін 
Тынық мұхит өңіріндегі ең үздік жүйе деп таныды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет