Валюта қолдану саласы мен тəртібіне қарай мынадай түрлерге
бөлінеді:
-
еркін конверсияланатын (толық қайтарымды) жəне ол кез
-
келген шетел
валютасына белгілі баламен шексіз
айырбасталады. Оларға: АҚШ доллары,
ағылшын фунт стерлингі, швейцария франкісі жəне жапон иені жатады.
-
барлық валюталық операция бойынша ішінара (ішінара қайтарымды)
конверсияланатын немесе конверсияланбайтын
-
тек бір елдің шеңберінде
айналымда болатын валюта;
-
басқа шетел валютасына айырбасталмайтын валюта.
Валютаны конверсияландыру дегеніміз
-
экономиканың əлемдік нарықта
бəсекелестік қабілеттілігін жасау жəне валюта
-
несие қатынастарын
халықаралық стандартқа сай қайта құру.
Валюта курсы дегеніміз
-
ұлттық
валютаның басқа елдің ақша бірлігіндегі
бағасы.
Ақша айналымын немесе валютаны тұрақтандырудың тəсілдері
:
x
нөлдендіру
-
мемлекет құнсызданған ақшаны жарамсыз деп жариялап,
оның орнына жаңа ақша белгісін енгізуі;
x
девальвация
-
қағаз ақша құнының өзінің тұрақты
қалпына түсуі;
x
ревальвация
-
бұл ұлттық валюта курсының шетел валютасы
қатынасына қарай көтерілуі, егер инфляция басқа елдерге қарағанда қарқынмен
дамитын болса.
x
деноминация
-
ақшаның құны күрт төмендеп кеткен кезде оның
айналысын реттеп, есептеуді жеңілдету мақсатымен ақшаның белгіленген
көрсеткішін кеміту арқылы оған өзгеріс жасау.
~54~
1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы —
теңге
айналысқа енгізілді. 1993 жылы қараша айына дейін эмиссиялау қызметін тек
қана КСРО
-
ның Мемлекеттік банкі, кейіннен Ресейдің Орталық банкі атқарып
келді. Ол кезде Қазақстан аумағында төлем құралы ретінде КСРО Мемлекеттік
банкінің немесе Ресей Орталық банкісінің 1961—
1991 жылдары шығарған
рублдегі банкноталары мен монеталары қызмет етті. Ендеше сол уақыттары
біздің шаруашылық айналымға қажетті Ресейдің рублін сатып алып
отырғанымызда жасырын емес. Əсіресе 1 рублдегі қолма
-
қол ақшаны 2 рубль
қолма
-
қолсыз ақшаға сатып алған. КСРО ыдырағаннан кейін кейбір оның
кұрамына енген республикалар өздерінің ұлттық ақша бірлігін айналымға
енгізіп, яғни «рубль аймағынан» шығып кеткен болса, ал біздің республикамыз
сол аймақта екі жыл бойы қалды. Оның басты себебі, Қазақстанда өзінің
банкнота шығаратын фабрикасы мен Монета сарайы болмады.
1992 жылы құпия жолмен біздің алғашқы валюталарымыз 1, 3, 5, 10, 20,
50, 100 номиналдағы банкноталар түрінде төрт ғасырлық тəжірибесі бар
ағылшынның пошта маркілері мен банкнота жасауды кəсіп еткен «Харрисон
жəне оның ұлдары» компаниясымен өзара жасалған келісімшартқа байланысты
шығарылды.
1992 жылы 26 шілде күні Ресей өзінің төл валютасын енгізгеннен бастап,
өзге елдердің, соның ішінде «рубль аймағындағы» Қазақстан, Өзбекстан,
Тəжікстан сияқты елдердің қаржылық жүйелерін бөліп жібергендігін хабарлады.
Сондай
-
ақ, Ресей Орталық банкі Қазақстанға казақ нышандары бар рубльді
шығарып беруді үсынған.
Банкноттар мен монеталарды шығару, олардың айналысын ұйымдастыру,
жалған ақша жасаушылармен күрес бірте
-
бірте ғаламдық проблемалар болып
отыр. Бірқатар мемлекеттер банкноталар мен монеталарды алдыңғы қатарлы
технологиялары бар компанияларға ішінара жəне толық бере отырып, өздері
оларды жасаудан бас тартады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы қорғалған
баспа үшін қазіргі заманғы баспа жабдықтарымен жарақтала отырып, тек ұлттық
валюта банкноталарын ғана шығарып кана қоймай, мемлекеттік жəне
коммерциялык тапсырыстар бойынша қорғалған полиграфиялық өнімді де
шығарады.
Қазақстан теңге сарайы Берлинде (Германия) беделді Монеталар сарайы
көрмесінде жоғары бағаланатын монеталарды шығарады жəне оған деген
мамандар мен коллекционерлер арасындағы қызығушылық күннен
-
күнге өсіп
отыр.
Қазақстан теңге сарайы IS0
-
9001:2000 халықаралық стандарт бойынша
сапа менеджменті жүйесін ендірді жəне монета өнімдері мен мемлекеттік
марапаттарды шығаруға сертификаттар алды. Кəсіпорындар үшін шығарылған
марапаттар ең үздік əлемдік стандарттарға сəйкес келетін зергерлік өнердің
тамаша үлгілері болып табылады. Басқа орталық банктерден монеталар
дайындауға алынған тапсырыстан басқа, ҚТС бірнеше халықаралық монеталар
бағдарламасына, оның ішінде Олимпиада ойындары мен футбол бойынша əлем
чемпионатына арналған бағдарламаға катысуға шақыру алды. Соңғы жетістіктер
~55~
ретінде биколорлы монеталарды, эмалі бар proof сапасындағы күміс монетаны,
ұлттық валютаны енгізуге 15 жылдыққа арналған салмағы 1 кг номиналы 50 000
теңге күміс жəне алтын бірегей монеталар шығаруды меңгеруді атап етуге
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |