ғана емес, біздің әлеуметтік қорғау үшін де
қажет екенін білеміз». (Респондент; ИН22)
Осылайша, мүгедектігі бар балалармен
жұмыс істейтін тұлғаларға арналған толық
білім беру бағдарламаларын және оқу кур-
старын құру үшін мемлекетке көп жұмыс
атқаруға болар еді. Мемлекет бұл оқу кур-
старын қолданыстағы мұғалімдерді даярлау
бағдарламаларына кіріктіре алады, соны-
мен қатар оны тиісті білімдері болмағанына
қарамастан, қызметкерлерді практикалық
дағдыланудан өткізген мекемелерге ұсына ала-
ды. Қазіргі уақытқа дейін мүгедектігі бар бала-
ларды білім беру саласына енгізу инклюзивті
білім беру тұрғысынан, не мамандандырылған
мектеп тұрғысынан қарастырылып келді,
алайда респонденттер үйде оқытатын үшінші
нұсқаны атап көрсетті. Инклюзивтік мектептер
мен сыныптарға қолдау көрсету білім беруді
қамтамасыз етудің, сонымен қатар баланың
әлеуметтік интеграциясы мен дамуының басым
әдісі болғанымен, мүгедектік деңгейі баланың
басқалармен бірге сыныпта оқуына кедергі
келтіруі мүмкін. Мұндай балаларды үйде оқыту
білім оларды беру қызметінен айырмай, оның
орнына бағалы балама болуы мүмкін:
«Бала үйде оқытылған кезде, мұғалім кесте
бойынша келеді және сабақ жүргізеді. Ата-
анасы, анасы немесе әжесі мұғалімнің анық
келгенін және оқытқанын растап, құжатқа
қол қояды. Сондай-ақ психологиялық-
медициналық-педагогикалық комиссия
да болады. Комиссия мүшелері үйден үйді
аралап, балалармен және олардың ата-
анасымен әңгімелеседі, олардың деңгейін,
бағдарламаның қалай орындалғанын
тексереді, бұл – бақылау ісі». (Директор;
ИН11).
Үйде білім алуға және әлеуметтік көмек
көрсетуге арналған дұрыс әзірленген хатта-
ма білім беретін мекемеге бара алмайтын
баланың білім беру жүйесінен тыс қалмауын
қамтамасыз ете алады.
Достарыңызбен бөлісу: