1 Оқу пәнінің төлқұжаты
Пәннің атауы:
«Халық ауыз әдебиеті»
Таңдау бойынша пән
Кредит саны мен оқу мерзімі
Барлығы – 4 кредит
Курс: 1
Семестр: 2
Аудиториялық сабақтар – 60 сағат
Дәрістер – 30 сағат
Тәжірибелік – 30 сағат
CӨЖ – 120
Соның ішінде CӨЖМ – 30
Еңбек сыйымдылығы барлығы – 180 сағат
Бақылау формасы
Емтихан – 2 семестр
Пререквезиттер:
- Қазақ әдебиетінің тарихы;
- Көне дәуірдегі әдебиет;
- Шетел әдебиетінің тарихы;
- Әдебиеттануға кіріспе.
Постреквизиттер:
- Әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері;
- Әдебиеттің ғылыми-философиялық негіздері;
- Әдебиеттану ғылымындағы жаңа бағыттар.
Оқытушы туралы мәлімет және байланысу ақпараттары
Аты-жөні: Жүсіпов Нартай Қуандықұлы
Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: ф.ғ.д., профессор, «Қазақ филологиясы»
кафедрасында «А» корпусында (Ломов к-сі, 64) 356 аудиторияда орналасқан.
Байланысу телефоны: Тел. (12-55) 356 кабинет
2 Пәні, мақсаты мен міндеттері:
«Қазақ халық ауыз әдебиеті» пәнін жеке пән ретінде оқыту арқылы
халқымыздың сан ғасыр бойында жасаған рухани мәдениеті – фольклорлық
мұраларды терең таныстыру мақсат етілді.
Пәннің мақсаты:
Қазақ халқы өзінің қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, харекет-кәсібі,
дүниетанымы мен наным-сенімі, қуаныш-қайғысы, арман-үміті және т.б.
жайында сан алуан түрлі өлең-жыр, аңыз-ертегілер, мақал-мәтелдер шығарып
және оны ауызша айту арқылы таратқан. Фольклорлық мұралар ұрпақтан-
ұрпаққа ауысып біздің заманымызға жеткен. Мазмұн-мәні терең көркем халық
әдебиетін аса бағалы байлық ретінде оқыта отырып, оның өзіндік сипатын
танытып, студенттерге тағылым беру көзделеді.
Пәннің міндеті:
Фольклордың тарихы мен теориясы туралы түсінік. Халық өнерінің ішінде
фольклордың алатын орны. Фольклортанудың ғылымдарға қатысы.
Фольклорлық мұралардың көп қырлы табиғаты, туу, таралу-сақталу
ерекшеліктері. Халықтық сипаты, қоғамдық маңызы.
Ауызша айтудың дәстүрлілігі, формулалығы, стильдік кестесі.
Фольклордың пайда болуы туралы пікірлер және оның жанрлары.
Жанрлардың классификациясы, жанрлық түрлердің бөліну жолдары.
Достарыңызбен бөлісу: |