13-тақырып
.
Айтыс.
«Айтыс» деген атаудың мағынасы. Зерттелу тарихы.
Жанрдың
сипаттамасы.
Айтысты
мазмұны
мен
тақырыбына,түрінеқарай жіктеу. Әдеп-ғұрыппен, салтпен
байланысты айтылатын айтыстар. Бәдік, жұмбақ айтыстары.
Айтыс үлгісінде орындалатын мал мен иесі, өлі мен тірі, жар-
жар, мысал өлеңдерінің осы жанрға қатысы. Салтпен
байланысты айтыстардың көне екендігі. Сүре айтыс, түре
айтыс, қайым айтыс – айтыс формаларының түрлері.
Айтыстың айрықша дамыған түрі – ақындар айтысы.
Атақты ақындар айтысының даралық сипаты, әдебиетке
ұласуы. Айтыста саяси-әлеуметтік мәселелерінің көтерілуі,
теңсіздіктің, әділетсіздіктің, қоғамдық кемшіліктердің
сыналуы. Айтыстың тамашалық сипаты. Ақындық шеберлік пен
тапқырлық. Тәуелсіздік кезеңіндегі айтыстар. Өркендеу
себептері.
Айтыстың көркемдік ерекшеліктері.
14-тақырып
.
Халық әдебиетінің көркемдік бейнелеу
құралдары.
Фольклорлық шығарманың тақырыбы мен идеясы, образ,
композиция және сюжет, портрет, мінездеу, уақиғаның
шарықтау шегі және эпилог.
Ауыз әдебиетінің суреттеу құралдары: синоним, омоним,
архаизм, диалектизм, эпитет, теңеу, троп, метафора,
метонимия, символ, аллегория, ирония, сарказм, әірелеу,
литота, арнау, анафора, шендестіру, дамыту, эллипсис,
параллелизм.
Өлең сөз және оның құрылысы: ырғақ, шумақ (екі
тармақты, төрт тармақты, алты тармақты, жеті тармақты, сегіз
тармақты, он тармақты шумақтар).
Өлеңнің бунағы мен буыны дегеніміз не?
Қазақ халық әдебиетінің өлең ұйқастары: қара өлең ұйқасы,
шұбыртпалы ұйқас, ерікті ұйқас, кезекті ұйқас, шалыс ұйқас,
егіз ұйқас, аралас ұйқас.
Фольклорлық стиль.
15-тақырып. Қазіргі заман халық поэзиясы.
Ж.Жабаев (1846-1945), И.Байзақов (1900-1946),
Н.Байғанин (1860-1945), К.Әзірбаев (1884-1976), О.Шипин
(1879-1963), Ү.Кәрібаев (1889-), Н.Бекежанов (1890-1954),
Т.Көбдіков (1874-1954), Қ.Айнабеков (1885-1955), І.Манкин
(1880-1954), Қ.Жапсарбаев (1886-).
Бүгінгі айтыс және оның өзіне тән ерекшеліктері.
|