https://instagram.com/nurbolatmukhamedzhan?utm_medium=copy_link құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат 139.
Механикалық энергияның сақталу заңы – тұйық жүйені құрайтын денелер
арасында тек қана ауырлық күші мен серпімділік күші әрекет ететін болса, онда тұйық
жүйенің механикалық энергиясы өзгеріссіз сақталады
140.
Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің (осьтің) төңірегінде айнала алатын кез
келген дене иіндік деп аталады
141.
Иіндіктің айналу осі өтетін О нүктесін
тіреу нүктесі деп атайды
142.
Айналу білігінен күш векторы орналасқан түзуге дейінгі ең қысқа қашықтықты
күш иіні деп атайды
143.
Денеге әрекет ететін күштің өз иініне көбейтіндісі
күш моменті деп аталады
144.
Егер сыртқы күштердің әрекеті болмаған жағдайда дене қандай да бір нүкте арқылы
жүргізілген өзінің айналу осіне қатысты тыныштық (немесе бірқалыпты қозғалыс)
қалпын сақтайтын болса, ондай нүкте осы дененің
массалар центрі деп аталады
145.
Жай механизмдер , біріншіден, күштен ұтыс алу үшін, екіншіден, денеге түсетін
күш пен оның қозғалысының бағытын өзгерту үшін қолданылады
146.
Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар
жай механизмдер деп аталады (иіндік, блок, көлбеу жазықтық, шығыр, сына, бұранда)
147.
Жұмысша күшінің иіні ауырлық күшінің иінінен неше есе үлкен болса, жұмысшы
күштен сонша есе ұтады
148.
Блок дегеніміз – өз осінің төңірегінен айнала алатын, шетінде науасы бар доңғалақ
тегершік
149.
Блоктар
жылжымалы және
жылжымайтын болып бөлінеді
150.
Жүк көтергенде айналу осі не жоғары, не төмен қозғалмайтын блок –
жылжымайтын