Құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат



Pdf көрінісі
бет67/67
Дата22.10.2023
өлшемі0,84 Mb.
#187365
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
растыр ан М хамеджан Н рболат

жылулық нейтрондар
деп 
аталады. 
93.
Ядролық реактор
– ауыр ядролардың бөлінуі басқарылатын тізбекті ядролық 
реакция жүзеге асырылатын қондырғы. 
94.
Термоядролық реакция
– жүздеген миллион кельвин температурада жеңіл 
ядролардың бірігу реакциясы.
95.
Токамак (магнитті шарғылары бар тортәрізді камера) 
– басқарылатын 
термоядролық синтездеу өтуі үшін қажетті жағдайларға жету мақсатымен плазманы 
магнит өрісінде ұстап тұруға арналған тортәрізді (тороидалды) қондырғы. 
96.
Жұтылған сәулелену дозасы 
– cәулеленетін дене массасының бірлігінде жұтылған 
сәуле шығару энергиясына тең шама.
97.
Графен 
– көміртегі атомдарынан жасалған өте жұқа қабат, қалыңдығы бір атом. 
98.
Нанотехнологиялар 
– заттардан белгілі бір қасиеттерді алу мақсатында атомдық 
немесе молекулалық деңгейде өтетін манипуляциялау әдістерінің жиынтығы. 
99.
Наноматериалдар 
– геометриялық өлшемдері бір өлшеуде де 100 нм аспайтын
наноөлшемдердің салдарынан сапалы жаңа қасиеттерге ие болатын материалдар. 
100.
Бірөлшемді наноматериалдар 
– көміртекті нанотүтікшелер және наноталшықтар, 
наноөзектер, наноөткізгіштер. 
101.
Бірөлшемді нысандар 
– диаметрі бірнеше нанометрге тең болатын, ұзындығы 
бірнеше микрон цилиндрлер.
102.
Екіөлшемді наноматериалдар 
– төсеніштің бетіндегі қалыңдығы бірнеше 
нанометр қабат немесе пленка. 
103.
Жұлдыздың жылдық параллаксы дегеніміз
– аспан жұлдызынан орбита 
радиусына перпендикуляр бағытта Жер орбитасының орташа радиусы көрінетін 
бұрыш. 
104.
Жарықтың бір жыл ішінде өтетін қашықтығын 
жарық жылы
деп атайды. 
105.
Парсек
– жұлдыздан орбита радиусына перпендикуляр бағытта Жер орбитасының 
орташа радиусы бір секунд бұрышпен көрінетін қашықтық. 
106.
Жұлдыздың жарқырауы дегеніміз
– бірлік уақыт ішінде жұлдыз бетінен 
шығарылатын энергия. Жұлдыздың жарқырауы – жарық энергиясының сәулелену 
қуаты. 
107.
Жерден 10 пк қашықтықтағы жұлдыздың көрінерлік жұлдыздық шамасы М 
абсолют
жұлдыздық
шама
деген атауға ие болды.
108.
Галактика
– жұлдыздардан және жұлдыз шоғырларынан, жұлдызаралық газ бен 
тозаңнан және қараңғы материядан тұратын гравитациялық байланысқан жүйе. 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет