Сызықтық
спектрлер
– жеке спектрлік сызықтардан тұратын атомдардың ұшып
шығуы мен жұтылуының оптикалық спектрлері.
70.
Сызықты емес оптика –
қуатты жарық шоқтарының қатты денелерде, сұйықтарда
және газдарда таралуын және олардың затпен өзара әрекеттесуін қарастыратын
физикалық оптика бөлімі.
71.
Дененің жұтылу қабілеттілігі
– жиіліктер интервалында дененің жұтқан сәулелену
ағынының осы интервалда денеге түскен сәулелену ағынына қатынасына тең
физикалық шама.
72.
Энергетикалық жарқыраудың спектрлік тығыздығы немесе температурасы
дененің сәулелену қабілеттілігі
– жиіліктер интервалында алынған энергетикалық
жарқыраудың осы жиіліктер интервалы шамасына қатынасына тең физикалық шама.
73.
Спектрограф
– күрделі жарықты жіктеуге және спектрлерді суретке түсіруге
арналған аспап.
74.
Спектроскоп
– күрделі жарықты жіктеуге және спектрлерді бақылауға арналған
аспап.
75.
Жылулық сәулелену
– қыздырылған денелердің ішкі энергияларының есебінен
шығарылатын электромагниттік сәулелену.
76.
Фотоэффект
– жарық немесе басқа кез келген электрмагниттік сәулелену әсерінен
заттан электрондардың ұшып шығуы.
77.
Дененің энергетикалық жарқырауы
– температурасы дене бетінің бірлік ауданы
арқылы барлық бағытта барлық жиіліктер диапазонында таралатын энергияның
сәулелену уақытына қатынасына тең физикалық шама.
78.
Комптон эффектісі
– сулелену жиілігінің азаюымен қатар жүретін бос электронда
электрмагниттік сәулеленудің шашырауы.
79.
Бөлшектердің дифракциясы
– зат молекулаларында (атомдарында) бөлшектердің
шашырау процесі, осы кезде бөлшектерде толқындық қасиеттер байқалады.
80.
Табиғи радиоактивтілік
– радиоактивті сәулелену арқылы ядролардың өздігінен
басқа ядроларға айналуы.
81.
Заттағы α-бөлшектердің тоқтағанға дейінгі жүріп өткен жолы
Достарыңызбен бөлісу: |