Өшпейтін электромагниттік тербелістер тудыратын ең қарапайым құрылғы –
транзисторлы генератор. 8.
Еріксіз тербелістер – периодты түрде әсер ететін сыртқы күштің әсерінен болатын
тербелістер.
9.
Автотербелмелі жүйелер – жүйеге энергияның берілуі арқылы өшпейтін
тербелістер жасалатын жүйелер.
10.
Еркін электромагниттік тербелістер – шарғыдағы ток күшінің және конденсатор
астарлары арасындағы кернеудің сырттан энергия алмай периодты түрде
қайталанатын өзгерісі.
11.
Электромагниттік тербелістер – зарядтың, ток күші мен кернеудің периодты түрде
өзгеруі.
12.
Индукциялық генератор – механикалық энергияны электр энергиясына
айналдыратын құрылғы.
13.
Айнымалы ток – өткізгіштегі зарядталған бөлшектердің периодты түрде өзгеріп
отыратын сыртқы электр қозғаушы күш әсерінен болатын еріксіз тербелістері.
14.
Векторлық диаграмма – гармоникалық тербелістерді графикалық түрде бейнелеу
әдісі.
15.
Қуат коэффициенті – айнымалы ток тізбегіндегі энергияның қанша бөлігі басқа
энергия түріне айналатынын көрсетеді.
16.
Трансформатор – айнымалы ток кернеуін түрлендіру үшін қолданылатын аспап.
17.
Тасымалдау коэффициенті – трансформатордың бірінші реттік орамасындағы
орамдар санының екінші реттік орамадағы орамдар санына қатынасына тең шама.
18.
Қума толқын – энергия тасымалдайтын толқын.
19.
Толқын шебі – берілген t уақыт мезетінде кеңістіктің тербеліс жеткен нүктелерінің
геометриялық орны.
20.
Толқындық бет – берілген уақыт мезетінде кеңістіктің бірдей фазада тербелетін
нүктелерінің геометриялық орны.
21.
Тұрғын толқында
түйіндер деп аталатын қозғалмайтын нүктелер болады.
Түйіндердің ортасында максимал амплитудамен тербелетін нүктелер орналасады.
Бұл нүктелерді
шоқтықтар деп атайды.
22.
Тұрғын толқынды ерекшелейтін қасиет тербеліс энергиясының тасымалданбауы
болып табылады.