https://instagram.com/nurbolatmukhamedzhan?utm_medium=copy_link құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат 23.
Қандай да бір ортада бірнеше толқын көзі механикалық толқын тудыратын болса,
онда олар бір-біріне тәуелсіз таралады. Ортаның барлық бөлшектері әр толқын жеке
тудырған тербеліске қатысады. Толқындардың қабаттасуы нәтижесінде орта
бөлшектері тербелісінің максимумдары мен минимумдары кезектескен орнықты
көрініс пайда болады. Бұл құбылыс
интерференция деп аталады.
24.
Фазалық ығысулары тұрақты және жиіліктері бірдей толқындар ғана
интерференциялана алады. Ондай толқындарды
когерентті деп атайды, оларды
фазалық ығысулары тұрақты, бірдей жиілікте тербелетін толқын көздері тудырады.
25.
Толқындардың интерференциясы – екі немесе бірнеше когерентті толқынның
қабаттасуы кезінде олардың қорытқы амплитудаларының артуы немесе кемуі.
26.
Х.Гюйгенс принципі бойынша кеңістіктің ауытқу жеткен барлық нүктелері екінші
ретті толқын көздері болып табылады.
27.
Екінші ретті толқындардың орағытып өтетін шептері қорытқы
толқынның шебі болып саналады.
28.
Дифракция – толқындардың кедергілерді орағытып өту құбылысы.
29.
Толқын қарқындылығы – бірлік уақыт ішінде толқындардың таралу бағытына
перпендикуляр орналасқан бірлік бет арқылы тасымалдайтын энергиясына тең
физикалық шама.
30.
Модуляция – дыбыс жиілігіндегі тербелістерді жоғары жиілікті сигналмен
қабаттастыру.
31.
Тасымалдаушы жиілік – жоғары жиілікті генератор тудырған тербеліс жиілігі.
32.
Жиілікті радиобайланыс каналы – радиотолқындардың нақты тұтынушылар
арасындағы радиобайланыс үшін қолданылатын және ерекшеленген жиілігі.
33.