25
өнімдермен араластырып жіберуге болмайды. Күріштің
әрқашан бетінде
жатқаны және бетінде 1 см су болғаны дұрыс.
Палау ыдыстың қақпағы жабылмай басылады. Қақпақ күріш суды өзіне
әбден сіңіріп, шашпа күйге келгенде ғана жабылады. Сөйтіп 15—20 минут от
басылып қойылады. Палау дастарқанға үлкен табаққа салынып әкеледі.
Табақта күрішінің астында, етінің үстінде жатуы керек.
МЕЙІ3 САЛЫП БАСЫЛҒАН БУХАР ПАЛАУЫ
1 кг күріш /5—6 адамға есептелгенде/, 150 г меіз, 250 г өсімдік майы, 2—
3 түйір пияз, 400 г сәбіз, тұз татымына карай..
Күріш күрмегінен тазартылып, 2 сағат суға салынып қойылады. Қазанға
майды әбден қыздырып, оған ұзыншалап туралған сәбіз, сақиналап туралған
пияз салынып, 10—15 минут қуырылады да 3—4
кесе қайнап тұрған су
құйылып, жақсылап жуылған мейіз салынады. Сөйтіп 5—7 минут
қайнатылады.
Қүріш салынып, оны 1 см жауып жататындай су құйылады. Сонымен,
күріш суды сіңірген бойда
қазанның қақпағы тығыз жабылып, от басыңқырап
қойылады да, тағы да 25 минут асылады. Дайын болған палау араластырылады
да, табаққа үйіліп салынады. Дастарқанға шалқан салатымен,
анармен бірге
әкелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: