22
■
бір мезгілде қосылған пісіру бекеттерінің саны бойынша ток
көздері бір бекеттік және көп бекеттік болып бөлінеді;
■
мақсаты бойынша ток көздері қаптамалы электродтармен қолмен
доғалы пісіруге арналған, флюс астында автоматты және
механикаландырылған пісіруге арналған, қорғаушы газда пісіруге
арналған, электрқожды пісіруге арналған, плазмалық пісіру және
кесуге арналған болып бөлінеді.
Сондай-ақ нәрлендіру көздері әрекет ету және конструктивті
орындау қағидасы бойынша бөлінеді.
Нәрлендіру көзінің шартты белгіленуі дефис арқылы бөлінген екі
бөліктен тұрады.
Дефиске дейін:
■
бірінші әріп көздің типін белгілейді (трансформатор — Т,
генератор — Г, түрлендіргіш — П, агрегат — А, түзеткіш — В,
мамандандырылған көз (қондырғы) — У, жоғары жиілікті буыны
бар (инвертор) — Ч);
■
екінші әріп пісіру түрін белгілейді (доғалы — Д, плазмалы — П,
электрқож — Ш);
■
үшінші әріп пісіру тәсілін белгілейді (қорғаушы газдарда — Г,
флюс астында — Ф, әмбебап — У, қапталған электродтармен —
белгілеусіз);
■
төртінші әріп нәрлендіру көзінің мақсатын түсіндіреді (көп
бекеттік пісіруге арналған — М, импульстік пісіруге арналған —
И).
дефистен кейін:
■
алғашқы бір немесе екі сан номиналды пісіру тогын көрсетеді
(ондықтармен немесе жүздіктермен дөңгелектелген мағына
ампер);
■
кейінгі екі сан әзірлеме нөмірін көрсетеді;
■
кейінгі әріптер климаттық орындауды белгілейді (салқын
климатты елдер үшін — ХЛ, бірқалыпты климатпен — У,
тропикалық климаты бар — Т);
■
соңғы сан орналастыру санатын белгілейді (ашық ауада
жұмыс істеу үшін — 1, жаппа астында — 2, жылытылмайтын
орынжайда — 3, жылытылатын орынжайда — 4).
Қолмен доғалы пісіруге арналған трансформаторлар әдетте
табиғи салқындату барысында жұмыс істейді, ал қалған көздер
мәжбүрлі ауа вентиляциясын қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: