В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет2/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

Құрметті оқырман!
 
Бұл оқулық – «Пісіруші (электрмен және газбен пісіру 
жұмыстары)» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік жинақтың 
бөлігі болып табылады.
Оқулық ПМ. 02 «Түрлі болаттан, түсті металлдан және олардың 
қорытпаларынын, шойыннан жасалған бөлшектерді барлық 
кеңістіктік күйлерде пісіру». 
Жаңа ұрпақтың оқу-әдістемелік жинағы – жалпы білім беретін 
және жалпы кәсіптік пәндерді және кәсіби модульдердің зерттелуін 
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін дәстүрлі және инновациялық 
оқу материалдарынан тұрады. Әр жинақ жалпы және кәсіби 
құзыреттіліктерді меңгеру үшін қажет, оның ішінде жұмыс 
берушінің талаптарын ескерумен, оқулықтардан және оқу 
құралдарынан, оқыту және бақылау құралдарынан тұрады.
Оқу басылымдары электрондық білім беру ресурстарымен 
толықтырылады. 
Электрондық 
ресурстарда 
интерактивті 
жаттығулар мен жаттығу құрылғылары бар теориялық және 
практикалық модульдерге, интернеттегі қосымша материалдар мен 
ресурстарға сілтемелер бар. Оларға терминологиялық сөздік және 
оқу процесінің негізгі параметрлері: жұмыс уақыты, бақылау және 
практикалық тапсырмаларды орындау нәтижелері белгіленетін 
электрондық журнал енгізілген. Электрондық ресурстар оқу 
процесіне жеңіл кіреді және әртүрлі оқу бағдарламаларына 
бейімделе алады. 


Алғысөз 
 
Пісіру техникасы және технологиясының заманауи өндірісте 
алатын орны үлкен. Алып супертанкерлердің корпусынан бастап, 
адам көзінің торқабығы, жартылай өткізгіштік аспаптардың майда 
бөлшектері және хирургиялық ота кезінде де қолданылады. 
Көптеген заманауи машиналар мен құрылғыларды, мысалы, ғарыш 
зымырандарын, сүңгуір қайықтарды, газ және мұнай құбырларын 
пісірудің көмегінсіз дайындап шығару мүмкін емес. 
Техниканың 
дамуы 
пісіруді 
орындау 
әдістерімен
технологияларына жаңа талаптарды ұсынуда.
Қазіргі таңда күні кеше ғана экзотикалық болып есептелген 
материалдарды, мысалы, титан, ниобий және бериллий 
қорытпаларын, молибден, вольфрам, композициялық жоғары 
төзімді 
материалдарды, 
керамиканы, 
сондай-ақ 
әртекті 
материалдардың түрлі-түрлі үйлесулерін пісіру мүмкіндігі пайда 
болды.
Электрондық техниканың қалыңдығы бірнеше микрон және 
қалыңдығы бірнеше метр ауыр жабдықтардың бөлшектері 
пісіріледі.
Пісіру жұмыстары орындалатын жағдайлар үнемі күрделеніп 
отырады: пісіруді судың астында, жоғары температурада, терең 
вакуумда, аса жоғары радиацияда, салмақсыздықта жүргізеді. 
Ресейлік ғарышкерлердің әлем бойынша ғарышта ең бірінші болып 
сынаған екінші технологиялық процесс (құрастырудан кейінгі) 
болуы тегін емес. 
Еңбек өнімділігін арттыру қажеттілігі – пісіру өндірісін 
механизациялау және автоматтандыру деңгейін арттыруға, оның 
жаңа күрделі машиналармен және агрегаттармен қамтамасыз етуде, 
оларсыз бүгінгі күні көптеген өнім түрлерін шығару мүмкін емес. 
Сондай-ақ, пісіру өндірісіне роботтар қарқынды еніп келеді, бұл – 
бөлшектерді пісіру циклын толығымен автоматтандыру, яғни оны 
жұмысшы-пісіруші қатысуынсыз орындау мүмкін емес. 
Осының бәрі пісіру саласындағы мамандардың, соның ішінде 
жұмысшы-пісірушілердің біліктілігіне, пісірудің жаңа тәсілдерін 



у
және пісіру машиналарын меңгеруіне жоғары талаптар қояды. 
Бүгінде жұмысшы-пісірушіге күрделі болса да өзі меңгерген 
бірнеше операцяияларды орындау жеткіліксіз. Ол пісіру барысында 
жүретін негізгі процестердің физикалық мәнін түсінуі тиіс, әртүрлі 
конструкциялық материалдарды пісіру ерекшеліктерін, дәстүрлі, 
сондай-ақ жаңа да перспективалық пісіру тәсілдерінің мәнін және 
технологиялық мүмкіндіктерін білуі керек. 
Сөйтіп, жұмысшы-пісірушілерді оқыту, олардың кәсіби 
шеберлігін және мәдени-техникалық деңгейін үнемі жетілдіріп 
отыру қажет.
Даярланатын пісірушілердің саны бойынша Ресей әлемдегі 
алдыңғы орындардың бірінде. 
Пісіру пәні бойынша кейінгі кездері шығарылған оқулықтар мен 
оқу құралдарының бірқатары оқу процесіне арналған жақсы 
әдістемелік базаны құрап отыр. 
Аталған оқулықта қолмен пісірудің, доғалы және газбен 
пісірудің 
бірнеше 
түрін 
орындаудың 
негізгі 
мәселелері 
қарастырылған. 
Оқулықта газбен пісіру, қапталған электродты пайдаланып 
қолмен доғалы пісіру, қорғаушы газдарда қолмен доғалы пісіру 
және плазмалық пісіру технологиялары бойынша мәліметтер 
келтірілген. Әртүрлі класты болатты, шойынды және түсті металды 
пісіру ерекшеліктері қарастырылған. Металдарды айыра кесудің 
технологиялық аспектілері берілген. Доғалы және газбен пісіруге
сондай-ақ металдарды кесуге арналған жабдықтың сипаттамасы 
келтірілген.
Оқулықтың материалы студенттердің химияны, физиканы, 
металдар мен конструкциялық материалдар технологиясын зерттеу 
барысында алған деректеріне негізделеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет