трансформаторлардың қолданылуымен дайындалатын.
Жоғары жиілікті жартылай өткізгіш қуатты құралдардың пайда
болуы, әсіресе, тұрмыстық радиоаппаратурада жиі қолданылатын
қуат беру блоктарындағы кернеуді трансформаторсыз өзгерту
қағидасына көшуге мүмкіндік берді. Темір де, мыс та жоқ. Тек
қана радиоэлементтермен жабдықталған жеңіл әрі ықшам мөрлеу
тақшасы бар. Уақыт өте келе бұл технологиялар пісіру
техникасында қолданыла бастады да пісіру аппараты ауыр
құрылғыдан электроника салынған шағын қорапшаға айналды.
Одан кейін сипаттамалары бойынша бірегей, аралық жоғары
жиілікті кернеуді өзгертетін пісіру аппараттары – транзисторлы
инверторлар пайда болды.
Инверторлы пісіру аппаратының барлық жұмысы тоқты
біртіндеп күшейтетін электронды микропроцессорлік сұлба
арқылы іске асырылатын кернеуді фазалық жылжыту (инверсия)
қағидасына сүйенеді. Фазалық жылжыту қағидасын қолдану ток
көзінің сыртқы сипаттамаларының кең спектрін – тіп-тіке
құламалыдан үдеушіге дейін және тегіс ток ауытқымасын алу
мүмкіндігін береді.
Транзисторлы инвенторы бар түзеткіштің сызбасы 1.20-
суретте көрсетілген. Мұнда желілі түзеткіш V1 блогы 50 Гц
жиілікті 220-380 В үш фазалы айнымалы кернеуді төмен жиілікті,
L1 мен C1-ден тұратын сүзгіштің көмегімен тегістелетін тұрақты
шамаға өзгертеді. Содан соң тегістелген кернеу екі транзистордан
- VT1мен VT2 – тұратын инвертордың көмегімен бір фазалы
айнымалы жоғарғы жиілікті кернеуге өзгереді.
Әрі қарай кернеу жоғары жиілікті шағын габаритті Т
трансформаторымен төмендетіледі, V2 блогының шұраларымен
түзетіледі, L2 мен С2-ден тұратын, тегістейтін жоғары жиілікті
сүзгіштен өтеді, содан соң доғаға беріледі.
1.20-сурет Транзисторлы инвертормен түзеткіштің схемалық сызбасы
Достарыңызбен бөлісу: