В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет17/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

42
 


Басқа жағынан өздігінен өршитін генератордың жұмыс жасау 
қағидасы тәуелсіз өршитін генератордың жұмыс жасау қағидасынан 
ешқандай айырмашылығы жоқ.
Коллекторлы пісіру генераторларының дайындалуы оңай және 
пайдалану кезінде көп шығынды талап етпейді. Дегенмен өндіріс 
жағдайының қолайсыздығы (ылғалдылықтың жоғары деңгейі, 
майлы булар, түрлі түйіршіктермен араласқан шаң) шөткелермен 
қажалатын коллектордың тез істен шығуына әкеліп соғады.
Шұралы генератордың сұлбасы әлдеқайда жетілген.
Шұралы генератор дегеніміз – айнымалы тоқтың генераторы 
мен түзеткіш блоктың құрамдастырымы. Әдетте оларда айнымалы 
ток айқын үйекті құрылымның роторы бар синхронды генератордан 
немесе индукторлы генератордан алынады. Олардың ішінде 
индукторлы генераторлар кең қолданысқа ие. 
Индукторлы генераторларда әдетте үш фазалы болатын 
статордың орамасы фазалары үздіксіз жылжымалы келетін статорда 
орналасады. Сонымен бірге өршу орамасы да статордың корпусына 
бекітілген.
1.22а-суретте көрсетілген индукторлы генератордың тісті 4-
ротор-индукторы және 1-статорда орналасқан тұрақты тоқтан 
қуаттанатын 3-өршу орамасы бар.
1.22-сурет. Әраттас-полюсті (а) және аттас-полюсті (б) индукторлы 
генераторлардың сұлбасы:
1 – статор; 2 – күшпен тарту орамасы; 3 – өршу орамасы; 4 – тісті ротор-индуктор
43
 


Өршу орамасы үздіксіз магниттегіш күш тудырады. Бірақ 2-күш 
орамасын тесіп өтетін Ф
в
өршу ағыны лүпілдеуіш болып келеді. 
Себебі оның жолындағы магниттік қарсылық ротордың айналуы 
кезінде өзгеріске ұшырайды. Күш орамының білігі ротордың тісіне 
сәйкес келгенде өршу ағыны ең жоғарғы деңгейге жетеді. Ал 
ротордың ойымымен сәйкес келгенде ең төменгі деңгейге түседі. 
Демек, күш орамасында айнымалы кернеу пайда болады.
1.22а
- суретте горизонтальдан жоғары орналасқан индукторлы 
генератордың полюстері оңтүстік бөлікке жатады. Ал төмен 
орналасқаны – солтүстік бөлікке. Сондықтан мұндай генераторды 
әраттас полюсті деп атайды.
1.22 б
- суретте аттас полюсті генератор бейнеленген. Ондағы 
тісті 1 статор табақты электртехникалық болаттың екі қалтасынан 
тұрады. 
Ал 
тісті 
4-ротор-индуктор 
бір-бірінен 
180 
эл.град.қашықтықта (1 тіске) орналасқан екі қалтадан тұрады. 
Статордың тістерінде бірінен кейін бірі және параллель 
байланысатын шарғылар орналасқан.
Статордың екі қалтасының арасында тұрақты тоқпен 
қуатталатын 3 өршудің сақиналы орамасы бекітілген. 2 күш ормасы 
статордың жіктерінде жинақталған. Ф
в
өршу ағыны алдымен 
ротордың білігінен өтеді, содан соң жұлдыз тәрізді тармақталады, 
ротордың тісті қалтасынан, одан әрі статордың тістерінен өткен соң 
генератордың корпусында тұйықталады.
1.22 б
-суретте статордың жақын қалтасының барлық 
полюстері оңтүстік бөлігі, ал алыс қалтасындағы – солтүстік бөлігі 
болып саналады. Сондықтан мұндай индукторлы генераторды аттас 
полюсті деп атайды.
Индукторлы генераторлардың шашырау ағынының әрекетімен 
және магнитсіздендіргіш қасиеті бар зәкір әсерінің ағынымен 
шартталған кәдімгі тіп-тіке құламалы сипаттамалары бар.
1.23-суретте өздігінен өршитін шұралы пісіру генераторының 
электрлік сұлбасы берілген. Ол жоғары жиіліктегі индукторлы 
лүпілдеуіш генератор мен басқарылмайтын V1-V6 шұраларында үш 
фазалы көпірлі сұлбасы бойынша жинақталған түзеткіш құрылғыдан 
тұрады.
Іске қосу кезінде генератор жүктемесіз болып, ал оның белдігі 
айнала бастағанда, қалдық магниттегіштің есебінен статор 
орамасының қысқышында аздаған кернеу пайда болады.

 
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет