В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет3/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

1- 
тарау 
ПІСІРУ ДОҒАНЫҢ НӘРЛЕНДІРУ
КӨЗДЕРІ 
1.1. 
ПІСІРУ
 
БЕКЕТІНІҢ
 
ЖАБДЫҒЫ
Пісірушінің жұмыс орны
— бұл жұмысты орындауға қажетті 
аспаптармен және жабдықпен жарақтандырылған пісіру бекеті. 
Пісіру бекеттері өндірістік үй-жайларда да, сондай-ақ ашық 
өндірістік 
алаңдарда 
да 
(жұмыстың 
құрылыс-монтаждық 
жағдайларында) орналаса береді. Жұмыс жағдайына қарай пісіру 
бекеттері орындалатын жұмыстың сипатына және пісірілетін 
конструкциялардың габариттік өлшемдеріне қарай пісіру бекеті 
арнайы пісіру кабиналарында немесе тікелей конструкцияда 
орналасады. 
Пісіруші кабинасының өлшемі 2x2 немесе 2x3 м. Оның қаңқасы 
металдан, ал қабырғалары мен едендері — отқа шыдамды 
материалдан жасалады. Есік ойығы отқа шыдамды сіңіргіші бар 
брезент жабынмен жабылады. Бөлшектерді жинақтау және пісіру 
үшін торы және соратын желдеткіші бар биіктігі 0,5-0,9 м ССНЗ 
және ССНЗ-001 типті металл үстелдер пайдаланылады. Үстелге 
электродтар мен күйінділерге арналған «қалта» бекітіледі. Үстелдің 
орнына кабинада көмкергіштер, манипуляторлар және бұйыммен 
жұмыс жасауды жеңілдететін өзге де жарақ, соның ішінде жүк 
көтергіш құрылғылар орнатылады. Пісірушіге ыңғайлы болуы үшін 
оның 
орындығы 
реттелетін 
бұранда 
құрылғымен 
жарақтандырылған. Пісірушінің орнының жанында дайындамалар 
мен дайын бұйымдарға арналған сөрелер немесе контейнерлер, 
аспаптарға, қосалқы және ауыстыратын бөлшектерге, құжаттамалар 
мен жеке заттарға арналған тумбочкалар орналасады.
Нәрлендіру көзі ретінде кабиналарда неғұрлым кең таралған 
ауыспалы токта пісіруге арналған ТДМ типті бір бекеттік пісіру 
трансформатролары



немесе тұрақты токта пісіруге арналған ВД немесе ВДУ типті пісіру 
түзеткіштері пайдаланылады. Сондай-ақ көп бекеттік, яғни бірнеше 
тәуелсіз 
бекеттерге 
есептелген 
нәрлендіру 
көздері 
де 
пайдаланылады.
Пісіру бекеттерін көп бекеттік көздерден нәрлендіру барысында 
пісіру тогын кабиналарға ток келтіретін сымдардың немесе 
шиналардың көмегімен таратады. Кабинада пісіру тогын қосуға 
арналған ажыратқыш немесе магниттік қосқыш орнатылады. 
Өлшемдері 2000 х 2000 немесе 2000 х 3000 мм дәнекерлеу 
кабиналары 
кішігірім 
бұйымдарды 
пісіру 
барысында 
пайдаланылады. 
Кабиналардың 
қабырғалары 
жанбайтын 
материалдардан жасалады және ультракүлгін сәулелерді сіңіретін 
отқа төзімді бояумен боялады. Желдетуді жақсарту үшін 
кабиналардың биіктігі 1 800-2 000 мм қабырғалары еденнен 200-300 
мм биік болуы керек. Кабина есігінің ойығын отқа төзімді зат 
сіңірілген брезентпен жабады. Еденді отқа төзімі материалдан — 
кірпіштен немесе бетоннан жасайды. Кабиналардың табиғи және 
жасанды жарықтандырылуы (80-100 лк), желдеткіші (ауа алмасу 40 
м
3
/сағ) пісіру аймағынан газ бен буды сіңіретін орнындағы 
сорғыштар болуы шарт. 
Кабинаның ішінде отырып жұмыс істеу үшін биіктігі 500х600 
мм немесе тұрып жұмыс істеу үшін биіктігі 900 мм шамасындағы 
(алаңы шамамен 1 м
2
), пісіру тогы көзінен ток өткізгіш сымды 
бекітуге және үстелді жерге тұйықтау сымын өткізуге арналған 
металл пісіру үстелі орнатылады. Үстелдің сол қабырғасынан
1.1-
сүрет. Пісіру кабинасы: 
1
— нәрлендіру көзі; 
2
— электродтарға арналған жәшік; 
3
— аспаптарға арналған жәшік; 
4
— 
электродтарды қыздыруға арналған электр пеші; 
5
— бөлшектер мен дайын пісіру тораптарына 
арналған сөрелер; 
6
— пісірушінің үстелі; 
7
— пісірушінің орындығы. 



электродтар мен қоспалық сымды сақтауға арналған ұялар бар 
болуы шарт (1.1-сурет). 
Электродтарды кептіру үшін нәрлендіру көзіне жалғанатын 
арнайы 
пеналдар 
бар. 
Пеналдағы 
шығару 
клеммасына 
электродұстағышпен 10-60с жанасумен қол жеткізілетін пеналдағы 
қажетті температура 100-110 °С (қыздыру спиральдары соның 
ішінде) 1-1,5 сағ. бойы сақталады. 
Пісіру тогы жұмыс орнында арнайы реттегіштердің және 
пісіргіш доғамен бірге бірізділікпен қосылатын БР (РБ) типті 
балластық реостаттардың көмегімен реттеледі (1.1-кесте). Егер 
бекетті тұрақты токпен нәрлендіру көпбекеттік көзден жүзеге 
асырылатын болса (кері полярлылық тогымен пісіру барысында), 
УР-301УЗ реттеу құрылғысы пайдаланылады. 
Пісіруші ыңғайсыз қалыпта (металл бұйымдардың ішінде немесе 
басқа да қауіпті жағдайларда) пісіру жұмыстарын орындағанда, бос 
жүрісі 70 В кернеуі бар нәрлендіру көзі, доға үзілсе, 12 В кернеуге 
дейін төмендететін арнайы блокпен жарақтандырылған. 
Пісіру жұмыстарын орындау үшін пісірушіге аспаптар мен 
құрал-саймандардың белгілі бір жиынтығы, сондай-ақ жеке 
қорғаныс құралдары мен арнайы киім қажет болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет