Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет10/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   85
Байланысты:
дш

Қорғауға ұсынылатын қағидалар
1.Болашақ 
спорт 
педагогтарын 
даярлау 
үрдісі 
психологиялық, 
педагогикалық мәселе ретінде ғылымда үнемі қарастырылып келеді. Оларда 
жастарды спортқа баулу, пән арқылы патриоттық тәрбие беру, спорт салалары 
бойынша мамандар даярлаудың теориялық-әдіснамалық және әдістемелік 
жолдары талданады, жаңа ұсыныстар беріледі. Бізге дейінгі зерттеулер біздің 
зерттеу жұмысымыздың теориялық негізін құрайды. 
2. «Рефлексия» философиялық ойлаудың пәні ретінде, психологияда адам 
санасының ең маңызды ерекшелігі ретінде қарастырылатын феномен. 
«Рефлексивті мәдениет», «болашақ дене шынықтыру мұғалімінің рефлексивті 
мәдениеті» ұғымдарының инвариантты анықтамалары адамның өзіне сыни 
көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі, өз 
мақсатын нақтылауға, ойын түйіндеуге қабілеттілігі. Адамның өзіне деген 
сенімін арттырып, рухани үйлесімділікке жетелейді, өзіне талап қоя білуін, 
жетістікке және сәтсіздікке деген өзіндік бағасы мен көзқарасын көрсетеді.
 
3.Рефлексивтік мәдениет - қазіргі заман мұғалімінің кәсібилігі мен 
құзіреттілігінің негізгі компоненттерінің бірі. Болашақ дене шынықтыру 
мұғалімінің 
рефлексивті 
мәдениетін 
қалыптастырудың 
құрылымдық- 
мазмұндық моделі - ақырғы нәтижеге жетудің теориялық-әдіснамалық 
негіздері; кәсіби білім алу барысында бұл сапаны қалыптастыру үдерісінің 
компоненттері мен көрсеткіштері, әдіс-тәсілдері, формалары, диагностикалау
жолдары және деңгейлері айқындалған құрылым.
4.Болашақ 
дене шынықтыру мұғалімінің рефлексивті мәдениетін 
қалыптастырудың мазмұны студенттердің осы бағыттағы теориялық 
білімдерінің жиынтығы мен оларды жаңашылдық және тәжірибелік жолмен 
игерту әдістемесінің біртұтас кешені.
Диссертация құрылымы 
ғылыми зерттеу логикасына сәйкес келеді және 
кіріспеден, 3 тараудан, зерттеудің негізгі тұжырымдары келтірілген 
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан 
тұрады. 
Кіріспе бөлімде
таңдалған зерттеу тақырыбының көкейкестілігі 
негізделеді, зерттеу мәселесінің ғылымда қарастырылу жайына сипаттама 
беріліп, тақырыбы айқындалады. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты: 
мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, 
әдіснамалық және теориялық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, 


14 
ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәнділігі, қорғауға 
ұсынылған қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі, 
талқылануы және жүзеге асырылуы баяндалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет