Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет12/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   85
Байланысты:
дш

 
 


15 

БОЛАШАҚ 
ДЕНЕ 
ШЫНЫҚТЫРУ 
МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ 
РЕФЛЕКСИВТІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ 
 
1.1 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау мәселесінің 
ғылымда қарастырылу жайы
Қазақстан Республикасы орта білімніңжаңартылған бағдарламасында XXI 
ғасыр талаптарына сәйкес мектеп оқушылары бүгінгі заманда және келешекте 
табысты болуы үшін, бұрынғыдан да анағұрлым жоғары дағдыларды меңгеруі 
қажет ететіндігі атап көрсетілген. Осылайша қазақстандық білім беру мен 
ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы 
білімге қолжетімділігін, жаңа кәсіби дағдыларды алу, зерттеу және 
шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді.
Қазіргі уақытта мамандықпен байланысты қызмет түрлеріндегі әртүрлі 
салалардан білімді жедел пайдалануға қабілетті кең көлемдегі бейімді 
мамандарға қажеттілік арта түсуде. Мұндай мамандарды қалыптастыруда 
жүйелі ойлауды дамыту, материалдық дүниені оның сан-салалы байланыстары 
мен қатынастарының бірлігі тұрғысында көре білу біліктілігі бірінші кезектегі 
маңызға ие. Бұл жағдай спортшы ұстаздың еңбек қызметіндегі істерінің алға 
қарай дамуы жалпы білім деңгейін, ойлаудың ізденісті түрлерін, маманның өз 
білімін үздіксіз көтеріп отыру қабілетін алдыңғы орын шығаруда.
Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру дене тәрбиесі жүйесіне де 
тікелей байланысты. Бұл ретте еліміздегі осы сала бойынша болашақ 
мамандарды даярлаудың мемлекеттік стандартының әлеуетіне тоқталуды жөн 
санадық.
5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының
кәсіби қызмет нысандары – келесі ұйымдарда дене дайындығы, дене тәрбиесі, 
спорттық жаттығу, рекреация және қайта қалпына келтіру жүйесін іске асыру 
бойынша педагогикалық үдеріс болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет