Ж. С. Нурпеисова аж – дегі мәліметтер базасы



Pdf көрінісі
бет20/106
Дата27.10.2023
өлшемі3,46 Mb.
#188624
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   106
Байланысты:
Нурпеисова-Ж.С.-АЖ-дегі-мәліметтер-базасы

Реляциялық алгебраға
негізделген сұраныс тілінің мысалы ISBL 
(Information System Base – ақпараттық жүйелердің базалық тілі) болып 
табылады. Реляциялық алгебра негізінде құрылған сұраныстар тілдері қазіргі 
заманғы ДББЖ кең таралған жоқ. Алайда, онымен танысу басқалармен 
көрсетілген реляциялық операциялардың мәнін түсіну үшін пайдалы. Кодд
ұсынған реляциялық алгебра операцияларын екі топқа бөлуге болады: 
базалық 
теориялық-көпше және арнайы реляциялық
. Операциялардың бірінші тобы 
жиын теориясының классикалық операцияларын қамтиды: 
-
біріктіру;
-
қиылысу;
-
айырмашылық; 
-
бөлу; 
-
декарттық көбейту операциялары жатады.
Екінші топты қатынастармен орындайтын арнайы операциялар жатады, 
олар: 
-
проекциялар;
-
бірігу; 
-
таңдау операциялары. 
Бұл операциялардың оңайлатылған графикалық көрінісі 7-ші суретте 
көрсетілген.
Реляциялық алгебра операциялары 
бір қатынаспен
(мысалы, проекция) 
немесе 
екі қатынаспен
(мысалы, біріктіру) орындалуы мүмкін. Бірінші 
жағдайда операция 
унарлы
, ал екіншісінде – 
бинарлы
деп аталады. Бинарлық 
операцияны орындау кезінде операцияларға қатысушы қатынастар құрылымы 
бойынша 
үйлесімді
болуы тиіс. 
Қатынастар құрылымдарының 
үйлесімділігі
атрибут және тиісті домендер 
типтерінің үйлесімділігін білдіреді. 


23 
R1 және R2 бірдей өлшемдегі екі үйлесімді қатынастарды 
біріктіру
(R1 
UNION R2)бастапқы қатынастардың барлық элементтері бар R қатынасы болып 
табылады (қайталануларды қоспағанда). 
7 сурет - Реляциялық алгебра операцияларының графикалық көрінісі 
Бірдей өлшемдегі R1 және R2 үйлесімді қатынастарын 
азайту
(R1 
MINUS R2) денесі R1 тиесілі көптеген кортеждерден тұратын, бірақ R2-ге 
сәйкес емес, қатынасы бар. 
R1 және R2 бірдей өлшемдегі екі үйлесімді қатынастардың 
қиылысуымен 
(R1 INTERSECT R2) бір мезгілде екі бастапқы қатынастарға да келетін 
кортеждерді қамтитын,R-денемен қатынасын туындатады. 
Атрибуттардың бірдей аттары жоқ к1 дәрежелі R қатынасы және к2 
дәрежелі R2 (R1 TIMES R2) қатынасының 
көбейтіндісі 
- (к1 + к2) дәрежелі R
қатынасы болып табылады, бұл жерде тақырыбы R1 және R2 қатынастар 
тақырыптарының тіркесуін білдіреді, ал денесі – кортеждердің бірінші к1 
элементтері R1 жиынына, ал соңғы к2 элементтері – R2 жиынына сәйкес 
келетін кортеждері болады. Бір немесе бірнеше атрибуттардың бірдей аттары 


24 
бар екі қарым-қатынас көбейтіндісін алу қажет болған жағдайда, бұдан әрі 
қарастырылатын RENAME атын өзгерту операциясы қолданылады. 
F формуласы бойынша (R WHERE f) Rқатынасының 
таңдауы
деп - R 
қатынасының кортеждері сияқты кортеждерден, f фомуласымен тапсырылған 
логикалық өрнектің ақиқаттылығын қанағаттандыратын, сондай тақырып пен 
денемен жаңа қатынас табылады. Формуланы жазу үшін операндалар – 
атрибуттардың аттары (немесе баған нөмірлері), константтар, логикалық 
операциялар (AND – және, OR – немесе, NOT – емес), салыстыру және жақша 
операциялары пайдаланылады. 
X, Y, ... , Z (А [X, Y, ... (Z]), атрибуттарына А қатынасының 
проекциясы
мұнда {X, Y, ... , Z} A атрибуттарының толық тізімінің ішкі жиыны болып 
табылады, тақырыбы X, Y, ... , Z болатын және А қатынасының кортеждерін 
мазмұндайтын қатынас болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет