53
Терезеде қажетті бума таңдалып, файл атауы енгізілген және файл типі
көрсетілген соң
Құру (Создать)
батырмасы басылу керек.
Access программасының
7
объектісі бар:
кесте, сұраныс, форма, есеп,
макрос, модуль, беттер.
Кесте
(таблицы)– жазбалар мен өрістерден
тұратын ДҚ-ның негізгі
объектісі, Кестелерде деректер сақталады.
Сұраныс
– берілгендерді бір немесе бірнеше кестелерден қолданушының
анықтаған шарты бойынша іріктеп алуға арналған құрал. Сұраныстар
көмегімен мәліметтерді зерттейді, іріктейді,
таңдайды, өзгертеді, біріктіреді,
яғни өңдейді.
Пішім (форма)
– кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы
түрде экранда бейнелейтін және оларды басқаратын құрал.
Есеп (отчет)
– кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы және
көрнекі түрде
экран бетіне көрсетіп, баспаға басып шығару құралы. Есеп
парақтары түзілгеннен кейін ондағы мәліметтерді редакциялауға болмайды.
Макрос
– макрокомандалар жиынтығы. Егер ДҚ-да қандай да бір
операциялар жиі орындалатын болса, онда олардың командаларын бір макроста
жинап, оған пернелер комбинациясын сәйкестендіруге болады.
Модуль – Visual Basic
тілінде жазылған ішкі программалар. Егер Access-
тің стандартты құралдары қажетті талапты қанағаттандыра алмаса, онда
бағдарламалаушы ішкі программалар көмегімен жүйенің мүмкіндігін кеңейте
алады.
Беттер
- әр түрлі типтегі Web-құжатты құруға мүмкіндік береді.
Келісілген типтегі Web-құжатты құру үшін
HTML тілінің нұсқалары
(шаблондары) қолданылады.
ДҚ терезесінің оң жағында
үш командалық батырма
орналасқан:
1)
Ашу
– таңдалған объектіні ашады. Егер объект кесте болса, оны көріп
шығуға, жаңа жазба қосуға және кесте берілгендерін өзгертуге болады;
2)
Конструктор
– таңдалған объект құрылымын ашып, оны түзету және
оны өзгертуге мүмкіндік береді.
Егер объект кесте болса, онда оған жаңа
өрістер енгізуге немесе ондағы бар өрістердің қасиеттерін өзгертуге болады.
Яғни, бұл режим ДҚ-рын құрастырушылар үшін қажет;
3)
Құру
– жаңа объектілерді құру үшін керек.
MS Access программасында құрылған ДҚ-ның кеңейтілмесі
Достарыңызбен бөлісу: