Д раб тілді ислам философиясы 67
«Калам» бөлімшесін басқарушы етіп тағайындайды. Басшы үшін жас ғалымды
қолдаудың маңыздылығы, ең алдымен, мына себеппен байланысты еді: әл-Ғазали
сүниттік мектеіггі қолдаушы және ол философияны қолдану арқылы мемлекет-
ті шииттер жүргізген насихаттан қорғайды деп үміттенді. Университетте 300-ге
ясуық шэкірттеріне ислам ғылымдарынан сабақ бере жүріп, эл-Ғазали перипате-
тикалық ислам философиясымен танысып, өзінің атақты кітаптары «Макасид
эл-Фалясифат» («Философтар мақсаты») пен «Тахафут әл-Фалясифатты» («Фи-
лософтарды күйрету») жазады. Осыдан кейін ол өзінің «Хорасан имам» титу-
лына «Ирак имам» атағын қосады. Мекгептің танымал, беделді ұстазы эл-Ғазали
36 жасқа толған шағында өзін, элемді, ондағы бар мәселелер туралы білімді ты-
нымсыз ізденіс кезінде терең рухани дағдарысты басынан кешіреді. Әлемді зерт-
теу мен сыни ойларға бейім әл-Ғазали өзінің көзқарасының дурыстығына, өмі-
рінің мағыналылығына, ақиқатгылыққа күмэн келтіреді. Өмірлік мақсатын із-
деумен шаршаған ғалым рухани ауруына шипа іздеп күдірстті Алладан көмек
беруін сүрайды. Ақыр аяғында, ол тыныштықты аскеттік өмір сүру салтынан
табады. 1095 жылы әл-Ғазали отбасын барлық қажеттілікпен қамтамасыз етіп,
отбасы мен ұстаздық қызметін тастап (ағасы Ахмедке қалдырады), аскеттік
өмір сүруге бел буады. Ол Сирия елдеріне саяхат жасап, Иерусалим, Алексан
дрия, Мысыр, Мекке мен Медине қалаларын да аралайды. Тақуалық өмір су
ру салтын устанған эл-Ғазали оған жат қоғамға «сыртьшан» көз жүгіртуге жә-
не XII ғ. басында ислам қоғамы душар болған әлеуметтік-мәдени дағдарысты
шешу, жолдары мен әдістерін ойлап табуға мүмкіндік алады. Дэл осы кезеңце
оның негізгі еңбегі «И’хйа ‘улум ад-дин» («Дін жайлы ғылымдардың тірілуі»)
жазылды. Левант елдері мен Иерусалим қаласында ол бірнеше уақыт болып,
жергілікті тұрғындарға дэріс береді жэне айналасындағылардың өтініші бойын-
ша шағын көлемді трактаттар құрастырады. Соңында он бір жылдық саяхаттан
кейін өзінің туған қаласы Тусқа келіп аялдайды. Бірақ біраз уақыт өткеннен
кейір сопылардың танымал өкілдерімен «рухани жетекшілер тобы» ақылдаса
отырып, 499 жылы Нисапур университетінде дәріс беруін қолға алады. Хүджат
әл-Ислам: «Ертеректе ғылымды жоғарғы әлеуметтік мэртебеге қалай қол жет-
кізуге .болатындығын үйрету мақсатында оқытатын едім, ал қазір кез келген
мәртебеден бас тартып, білімді болуға шақырамын», - дейді. Бұл ұзаққа с о -.
зылмады. Үш жыл өткен соң ол өзінің туған қаласы Тустағы оқшауланған өмі-
ріне қайтып оралып, сопылар мен «Фиқһ» шэкірттері үшін арнайы медре
се ашады. Етене жақын шәкірттеріне дэріс беруін жалғастыра жүріп, кітаптар
құрастырады жэне өзі де рухани жетекшілерінен сабақ алуын тоқтатпастан
1111 жылы элде қайда жас шағында дүниеден өтеді. Мезгілінен бұрын келген
қаза болғанына қарамастан ол ибн Сина секілді өз дэуіріндегі көптеген ғылым
салаларында «Фиқһтан» бастап астрономияға дейін беделге ие болды. Өзінің
білімді тұлға ретінде қалыптасуының жэне антикалық философияның алдьшда
түпнұсқалы ислам ойларьш қорғап, барлық күшін сарп еткендігінің арқасында
оны лайықты түрде «Хүджат әл-Ислам» («Исламның дэлелдері») деп атайды.
Оның И’хйа’ ‘улум ад-дин» («Дін жайлы ғылымдардың тірілуі») атты трактаты-
ның идеялары эртүрлі сопылық тариқаттарға, мысалы, «Шазилият» (Солтүстік
Африка) пен «Айдеруссият» (Йемен); сонымен қатар ірі сопы Абд әл-Кадир