С. А. Вологжанина, А. Ф. Иголкин материалтану оқУ ҚҰралы



Pdf көрінісі
бет20/239
Дата27.10.2023
өлшемі8,95 Mb.
#188857
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   239
Байланысты:
6 Вологжанина Материалтану. Оқулық

Бақылау сұрақтары
1. Қандай жолмен дайындықтарды алуға болады? 
2. Құю құймаларының қандай қасиеттері болуы керек? 
3. Дəнекерлеудің қандай түрлері бар? 
4. Кесумен өңдеу дегеніміз не? 
5. Неге кесумен өңдеу кезінде дайындама мен құралды салқындатып, майлау керек? 
6. Жону станоктары бойынша қандай жұмыстар атқаруға болады? 
7. Қандай станоктарда тесіктерді жөндеуге жəне өңдеуге болады? 
8. Фрезерлік станоктарда қандай жұмыс түрлерін жүргізуге болады? 
9. Соққылау дегеніміз не? 
10. Тегістеуді қандай мақсатпен жасайды? 


2 Т А Р А У
МАТЕЛЛДАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫСЫ
 
2.1. Металлдар мен қорытпалардың жалпы сипаттамалары
Металлдар мен олардың қорытпаларын машина жасауда, құрал – жабдықтарда жəне т.б. 
жерлерде қолданады. Жасанды жолмен жасалынған материалдарға қарағанда, керамикалық, 
қаңылтыр металдардың негізі құрылымдық материал болып табылады. Табиғатта металлдар 
таза күйде, сондай-ақ кен, оксид жəне тұз түрінде кездеседі. Таза күйде кездесетін химиялық 
тұрақты элементтер (Pt, Au, Ag, Hg, Cu). 
Д.И. Менделеевтің ашқан 109 периодтық элементтер жүйесінің ішінен, 22 бейметалл 
болып табылады.
Металдық материалдар негізінен екі үлкен топқа бөлінеді: темір жəне темірдің 
қорытпалары (болат жəне шойын) қара металлдар, ал қалған металлдар мен олардың 
қорытпаларын– түсті металлдар деп атайды. Сонымен қатар, барлық түсті металлдар 
техникада қолданылады, өз кезегінде мынадай топтарға бөлінеді:
Жеңіл металлдар (Mg, Be, Al, Ti) тығыздығы 5 г/см

дейін; 

Ауыр металлдар (Pb, Mo, Ag, Au, Pt, W, Ta, Ir, Os) тығыздығы 10 г/см
3
артық; 

Балқуы оңай металдар (Sn, Pb, Zn) 232; 327; 410 °С балқу температурасына сəйкес;

Балқуы қиын металдар (W, Mo, Ta, Nb) балқу температурасы жезге қарағанда 
айтарлықтай жоғары (1 536 °С жоғары); 

Коррозияға қарсы төзімділігі жоғары асыл металлдар (Au, Ag, Pt); 

Уран металлдары, немесе актиноидтар (актинидтер), атомдық техникада 
қолданылатын; 

Сирек кездесетін жер металлдары — лантаноидтер, болатты өзгертуде қолданылатын; 

Сілтілік жəне сілтілік жер металлдары (Na, K, Li, Ca) бос күйінде атом 
реакторларында, сұйық металлдарда жылу таратушы ретінде қолданылады; натрий сондай-ақ 
жасанды каучук өндірісінде котализатор ретінде пайдаланылады, ал литий — жеңіл жəне 
берік алюминий қорытпаларын қоспалау үшін, самолет құрылысында қолданылады.
Металлдардың қасиеттері əр түрлі.
Сынап -38,8 °С температурада қатады; вольфрам 
жұмыс температурасын 2 000°С дейін сақтап тұрады (балқу температурасы 3 410°С); литий, 
натрий, калий 
 
41 


судан жеңіл; иридий жəне осмий литийдан 42 есе ауыр; күмістің тоқ өткізгіштігі марганецке 
қарағанда 130 есе жоғары. Сонымен қатар металлдар жалпы ортақ қасиеттерге де ие. Оларға:

жоғары икемділік; 

жоғары жылу өткізгіштік; 

оғары тоқ өткізгіштік; 

электрлік кедергінің оң температуралық коэффициенті, температураның артуына 
байланысты кедергінің өсуін жəне температура кезінде көп металдардардың аса өткізгіштігін, 
жақын жəне абсолютті нолгн теңдігін білдіретін

жақсы рефлексиялық қабілеттер (металлдар мөлдір емес жəне металлдарға сай 
жылтырға ие); 

термо-электрондық эмиссия, яғни қыздыру кезінде электрондарды жіберуге қабілетті; 

Қатты күйдегі кристаллдық құрылым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет