С. А. Вологжанина, А. Ф. Иголкин материалтану оқУ ҚҰралы



Pdf көрінісі
бет79/239
Дата27.10.2023
өлшемі8,95 Mb.
#188857
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   239
Байланысты:
6 Вологжанина Материалтану. Оқулық

2
): 
t
1
— фазалық өту температурасы
180 


Көп жағдайда (мысалы, көптеген ірі құймаларда) ІІ ретті жасыту ақырғы термиялық 
өңдеу болып табылады. ІІ ретті жасытудың мынадай түрлері бар: 
толық, шала және 
изотермиялық
Толық жасыту үрдісін эвтекоидтқа дейінгі болаттарды 30...50 °С температурада А
с3
нүктесінен жоғары қыздырып,
осы температурада металдың толық қайта кристалдану мен бəсең салқындауы үшін 
қолданады(5.16 сур. қараңыз). Мұдай жасытуда салқындату кезінде біркелкі ұсақ түйірлі 
ферритті – перлитті құрылым қалыптастыратын ұсақ аустенитті түйірлер түзіледі. 
Сондықтан толық жасытуды түйірлерді майдалау мақсатында пайдаланады. Бұдан басқа, 
толық жасыту арқылы эвтекоидқа дейінгі болаттың құрылымдық ақауларын жояды. Жасыту
кезіндегі салқындату жылдамдығы суытылған аустениттің тұрақтылығына, яғни болаттың
құрамына тəуелді. Суытылған аусениттің жоғары тұрақтылығын игерген қосылған 
болаттар жасытуда көміртекті болаттарға қарағанда (жылдамдығы 100.200 °С/с) жай 
суытылады(жылдамдығы 30.100°С/с). Перлиттік аймақтағы аустениттің ыдырауынан кейін 
одан əрі суытуды жылдамдатуға жəне ауада өткізуге болады. Егер толық жасыту кернеуді 
түсіруге арналса, пешпен бірге баяу суытуды бөлме температурасына дейін жеткізіп
өткізеді. 
Шала жасытудың толық жасытудан айырмашылығы – болатты ең төмен 
температураға дейін (А
с1
нүктесі температурасынан жоғары , бірақ А
с3
нүктесінен төмен) 
қыздыруда. Эвтекоидқа дейінгі болаттарға бұл жасыту түрін шектеулі, негізінен, оларды 
кесіп өңдеуді жақсарту үшін қолданады, болаттың кей бөліктерінің қайта кристалдануы 
нəтижесінде (артық ферриттің бөлшектері аустенитке айналады) ұсақ перлит түзеледі. Шала 
жұмсарту жасытуы уақыт үнемдеу мен өзіндік құнын төмендетеуге мүмкіндік береді. 
Шала жасытуды эвтекоидқа дейінгі көміртекті жəне қосылған болаттарға кеңінен 
қолданады. Шала жасытуда қыздыруды А

нүктесінен аз ғана жоғары температурада
өткізеді, бұл іс жүзінде болаттың қайта толық кристалдануына жəне қарапайым пластина 
орнына түйір (сфероидалды) пішінді перлит алуға жеткізеді.Сондықтан бұндай жасытуды 
сфероидизирлеу деп атайды.
181 


Мұндай жасытуға тар температуралық интервалы (750... 780 °С) тəн, эвтекоид 
құрамға жақын болаттарда жуасыту интервалы ерекше тар(740.750 °С) болады.Түйір 
карбидтерді алу үшін легірленген эвтекоидтан кейінгі болаттарды ең жоғарғы температура 
мен кең интервалда (770.820 °С) қыздыру керек. Болаттың ақырғы құрылымы 
сфероидизирлеуші жасытудың суыту жылдамдығы мен температурасына тəуелді. Суыту 
жылдамдығы төмен болған сайын, аустенит ыдырауындағы карбид түйірлерінің көлемі 
ұлғаяды. Суыту жылдамдығын реттей отырып, майда глобулярлық перлиттен ірі түйірлі
құрылымды алуға болады. Ұсақ түйірлі перлит өте қатты болады. Сфероидизирленген 
жасытуды көміртекті жəне легірленген құрал –жабдықтық жəне шарикті мойынтіректер
жасалатын болаттарға қолданады.Төмен жəне орташа көміртекті болаттардың жұқа
табақшаларын жəне метал шыбықтарын да суық күйде штамптау немесе созу алдында
иілгіштігін ұлғаюту үшін жасытады. 
Түйірлі перлитке жасытылған кейін эвтекоидты жəне эвтекоидтан кейінгі болаттар 
кесіп өңдеуге ыңғайлы болады. 
Изотермиялық жасытуды
легірленген болаттың өңделуін жақсарту үшін қолданады. 
Изотермиялық жасыту А
с3 
нүктесінен жоғары 30.50 °С жоғары қыздырып ( толық 
жасытудағыдай) жəне салыстырмалы алғанда, жылдам А
г1 
нүктесінен (əдетте 660.680 °С 
дейін) суытуды, мұндай температурада тепе –тең перлит құрылымының пайда болуы мен 
сонан соң ауада суытуды білдіреді. 
( 5.18 сур). 
Изотермиялық жасыту қайта кристалдану процесінің ұзақтығын біраз кемітеді, 
əсіресе қажетті қаттылық деңгейіне жету үшін қоспалы болаттарды толық жасытуда өте
жəй суытады. 
Сонымен бірге, изотермиялық жасытуда біртекті ферритті -перлитті құрылым алу 
көзделеді. 
Изотермиялық жасыту ең тұрақты үдеріс; толық жасытуда температураның суыту 
жылдамдығын реттеуден гөрі оны қажетті деңгейде ұстаған пайдалы. 
Изотермиялық жасытуға көбінесе
шыңдалған 
(штамповка) 
жəне 
шағын 
көлемдегі сұрыптық прокат ұшырайды. 
Сурет 5.18. Изотермиялық жасыту сызбасы
182 


0,65... 0,9 % көміртек құрамды серіппелі болат арқандарды салқындату алдында
патентирлеу деп аталатын изотермиялық өңдеуден өткізеді. 
Арқандарды патентирлеуде біртекті аустенит алу мақсатында жоғары температуралы 
аустенизациялаудан өткізеді (қыздыру ^
с3
нүктесі температурасынан 150.200°С –ге жоғары) 
жəне одан соң температурасы 450.550 °С. Ерітілген тұздан өткізеді.Аустениттің ыдырауы 
нəтижесінде жұқа пластиналы троостит немесе сорбит түзіледі. Мұндай құрылым суықпен
созуда үзілмей қатты қысылады (75% жоғары).Соңғы суықпен созудан кейін қаттылығы 
жоғары арқан алынады (а
в
= 2 000.2250 МПа). Егер жасыту кезінде қыздырудан кейінгі 
суыту мен ұстау ауада жүргізілсе, мұндай процесті тұрақты жасыту деп атайды. Болатты 
тұрақты қыздыруда GSE сызығы температурасынан 30.50°С температураға жоғары
қыздырып, ауада суытады. Жылдам суыту жəй жасытумен салыстырғанда аустениттің тым 
артық суып кетуіне ықпал етеді ( 5.15 сур). Сондықтан бірыңғай жасыту кезінде эвтекоидтың
жұқа түзілімі (сорбит) жəне өте ұсақ эвтекоидты түйір алынады. Сондай –ақ тұрақты
жасытуда артық фазалардың бөлінуі бəсең болады (доэвтекоидты болаттардан ферриттің 
жəне эаэвекоидты болаттарда цемениттің) жəне квазиэвтекоид түзіледі. Нəтижесінде 
бірыңғай жасытудан соң болаттың беріктігі ұлғаяды. Тұрақтандыру болатты кесер алдында 
жұмсарту жəне болатты шынықтыру алдында жалпы құрылымын жақсарту жəне
ақауларын жою қолданылатын үшін аралық операция ретінде пайдаланады. Сонымен, 
тұрақтандыруды тағайындау аралық операция ретінде жасытуға ұқсас. Жасытуға қарағанда 
тұрақтандыру пайдалырақ болғандықтан жəне өңдеудің бұл түрлерінің нəтижелері бірдей 
болғандықтан, тұрақтандыруды пайдалану тиімдірек, 
Алайда болатты жұмсарту операциясы ретінде үнемі жасытудың орнына қолданыла
бермейді. Аустенитің суыққа ұшырау бейімділігі ондағы көміртек жəне қоспа элеменеттер
құрамының ұлғаюына байланысты көбейеді, жасыту мен тұрақтандырудан кейінгі
қасиеттеріндегі айырмашылық болаттың құрамына байланысты. Сондықтан, 
тұрақтандыруды жұмсарып жасыту орнына аустенит шабан салқындайтын көміртек
құрамы аз болаттарға қолданады, бірақ оны астениттің аз ғана салқындауынан біраз
қатаятын құрамында көміртегі басым болаттарға пайдалануға болмайды. Заэвтекоидты 
болаттарда тұрақтану қатты торын жоюға мүмкіндік береді, бұл Аст нүктесінен жоғары 
температурада қыздырғанда еритін цеменитті əрі қарай болатты тұрақтандыру процесінде
жылдам суытуда цемениттің қатты торын қайта түзе алмайды. . Бұл болаттың қасиетін
жақсартады. Тұрақтандыруды орташа жəне жоғары көміртекті доэвтекоидты болаттарға, 
егер бұл болаттардың қасиеттері не қойылатын талаптар бірқалыпты жəне олар үшін 
жасытудың жоғары деңгейі қажет емес, тек ақырғы термиялық өңдеу ретінде пайдаланады. 
183 


Болатты шынықтыру. Болатты шынықтыру фазалық түрлену температурасынан асқан 
температурада қыздыруды, барлық түрленуді аяқтау үшін осы температурада ұстап тұру жəне 
жоғары беріктік пен қаттылықты қамтамасыз ету мақсатында бөлме температурасында
тепе-теңсіз құрылымдар алу үшін жоғары жылдамдықпен суытуды білдіреді.
Қыздыру температурасына қарай толық жəне шала шынықтыру деп бөлінеді. Толық 
қыздыруды А
с3
немесе А
ст
нүктелерінен 30...50 °С температураға жоғары температурада 
жүзеге асырады. Шынықтырудан кейін біршама қалдық аустенит бар мартенсит құрылымы 
алынады. 
Шала шынықтыруда болатты А
с1 
нүктесінен 30.50 °С-ге дейін жоғары температураға , 
бірақ А
с3
жəне А
ст 
нүктелерінен төмен температураға дейін қыздырады. Мұндай жағдайда
эвтекоидқа дейінгі болаттар құрамы аустенит пен ферриттен, ал эвтекоидтан кейінгі 
болаттарда –аустенит пен қайтала цемениттен тұрады. Жылдам суытуда аустенит болаттағы
көміртек құрамына тəуелді мартенситке айналады. Жылдам суытылған аустенит беріктігі 
болаттағы көміртек құрамына тəуелді болатын мартенситке айналады( 5.19 сур).
Эвтекоидқа дейінгі болаттардың шала шынықтырудан кейін құрылымы мартенсит пен
феррит түйірлері, ал эвтекоидтан кейінгі болаттар мартенсит пен қайталама цемениттің 
дөңгелек қосылыстардан тұрады.
Эвтекоидтқа дейінгі болаттар құрылымында 
феррит болуы қаттылығын төмендетеді, 
сондықтан 
бұл 
шынықтыру 
сирек 
қолданылады. Эвтекоидтан кейінгі болаттарда 
ртық цемениттің болуы керісінше, пайдалы.
Эвтекоитдтан кейінгі болаттарды құрал –
жабдықтар дайындау үшін пайдаланады. 
Құрал –жабдықтар жасауға қолданылатын 
болаттарға қойылатын маңызды талап – 
олардың қатты болуы. 
Толық шынықтырылғаннан кейін эвтекоидтан 
кейінгі болаттардың қаттылығы
HRC 
Сурет. 5.19. көміртектің құрамының 
жəне температурасының - 
болат қаттылығына əсері: 
1 - температурасынан жоғары қызу нүктесі 
Ac3; 2 - сəрсенсенді- 
саңылаулар; 3 - жоғары температураны 
жылыту 
нүктелері Ac1 
184 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет