С. А. Вологжанина, А. Ф. Иголкин материалтану оқУ ҚҰралы


  Болатты термиялық өңдеу технологиясы



Pdf көрінісі
бет78/239
Дата27.10.2023
өлшемі8,95 Mb.
#188857
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   239
Байланысты:
6 Вологжанина Материалтану. Оқулық

5.2. 
Болатты термиялық өңдеу технологиясы 
Болатты жасыту. Жасыту деп болаттан жасалған бөлшектерді қажетті температураға 
дейін қыздырып, сол температурада ұстап жəне пеште ақырын салқындату арқылы біртекті, 
беріктігі азайған, қалдық кернеуден босату процесін қамтыған термиялық өңдеуді атайды.
Тəжірибеде жасытудың екі түрін қолданады: І ретті жəне ІІ ретті жасыту. 
І ретті жасытуда болаттың бастапқы күйіне жəне қыздыру температурасына 
байланысты фазалық түрлену болмайды, гомогенезациялы , рекристализациялы, қалдық 
кернеулерді төмендететін жасыту жүреді( 5.16 сур). 
І ретті жасыту
түрлерінің ерекшелігі - болаттың беріктігі күйінде 
фазалық түрлену 
бар ма, жоқ па оған байланысты емес. 
Гомогенезациялы
(диффузиялық 
) жасытуды
металды кристалдауда пайда болатын
химиялық ұқсас еместікті жою үшін қолданады.Мұндай жасытуды құймалар мен қоспалы
болат қорытпаларына дендритті жəне ішкі кристалдануды жою үшін қолданады, бұл 
қысыммен өңдеуде жарықшақ пайда болудан, қабаттанып сынудан, ақ дақтар түрінде 
болатын ішкі сынулардан сақтау үшін қажет. 
178 


t,°


800 
600 
400 
0,2 0,4 0,6 0,8 1,0 1,2 1,4 1,6 1,8 C, % 
Сурет 5.16. І(1-3)жəнеІІ(4 —6): ретті жасытуда болатты қыздыру температурасы 
1 — диффузиялық жасыту ; 
2
— қайта кристалдану жасыту; 3 — ішкі кернеуді төмендтеу 
үшін жасыту; 4 —толық жасыту; 
5
— шала жасыту ; 
6
— тұрақтандыру 
Диффузиялық жасыту кезінде қыздыруды болат құрамындағы жеке бөліктерді
түзетуге қажетті диффузиялық процестерді жылдамдату үшін ең жоғары температурада 
жүргізеді. Әдетте қоспалы болаттар үшін гомогенезациялы(диффузиялық ) жасытуды 1 
050... 1250 °С интервалында таңдайды. Диффузиялық процестер қыздырудың басында
жедел жүреді, уақыт өткен сайын баяу өтеді, гомогенезациялы(диффузиялық )жасытуда
ұзақ уақыт температураны ұстаудың қажеті жоқ. Бұл электр энергиясын үнемдеу мен 
пештің өндіргіштігін ұлғайту үшін қажет. Әдетте гомогенезациялы(диффузиялық )жасытуда
қыздыру 15.20 сағат уақытты алады. Қыздырылған бөлшектерді пеште 800... 820 °С –ге 
дейін, одан соң ауада салқындатады.Диффузиялық жасыту нəтижесінде ірі түйіршік
алынып, одан əрі қысым арқылы немесе келесі термиялық өңделеді. 
Рекристалдану жасыту
суытылған –деформацияланған болатты рекристалдануға
дейінгі температурадан жоғары температурада ұстап, одан əрі баяу салқындатуды
білдіреді. 
Рекристаллдану жасытуды суық пластикалық деформацияны жоюға қолданады.
Мұндай жасытуды жүргізудегі негізгі үдеріс- металдың рекристалдануы болып
табылады. 
179 


Өнеркəсіпте 
қайта 
кристалдану 
жасытуы
қысыммен бастапқы суықпен өңдеудің ( материалға 
азғана пластика беру үшін) бастапқы операциясы 
ретінде қолданады жəне салқын деформация мен 
жартылай дайын өнімге қажетті қасиеттер беру үшін
ақырғы термиялық өңдеу аралығындағы аралық үдеріс 
болып табылады. 
Құрамында көміртек бар (0,08...0,2 % 
көміртек құрамды) болаттарға 680... 700 °С 
аралығындағы жасыту температурасын пайдаланады. 
Жоғары қоспалы хромды жəне хром –никельді болаттар
үшін 680.740 °С температура деңгейіндегі жасытуды 
0,5.1,5 сағат бойы қолданады. 
Ішкі кернеуді түсіруді металды қыздыру, құю, дəнекерлеу кезінде түзілген жəне
бөлшектің бұзылуына əкелетін қалдық кернеуді азайту мақсатында жүргізеді. 
Жасытуда ішкі кернеуді түсірудің
негізгі процесі қалдық кернеуді толық немесе 
жартылай релаксациялау болып табылады. Бұл үдеріс жасытудың нақты 
температурасында ағымдық шектеуі қалдық кернеуден төмен болады да, пластикалық 
деформация жүреді, нəтижесінде қалдық кернеу ағым шектеуінің мəніне дейін төмендейді.
5.17сур). Іс жүзінде болат бұйымдардың жасытуы 160.400 °С температура интервалында 
бəсең салқындатумен өткізіледі. 
ІІ ретті жасыту - көп жағдайда термиялық өңдеуге дайындық болып саналады – жасыту
процесінде төзімділік пен беріктік төмендеп, орта – жəне жоғары көміртекті болаттарды 
кесіп өңдеу жұмыстарын жеңілдетеді. Болаттан жасалған құрал-саймандарды шала жасыту
соңғы термиялық өңдеудің алдында өтеді.
1
Видманштеттік құрылым — эвтекоидқа дейінгі болаттың ерекше құрылым, мұнда 
феррит перлиттік түйірлер арқылы өтетін тұтас жəне үзілмелі инелі торлар құрады. Мұндай
құрылым жасыту үдерісінде қатты қыздырудан немесе ыстық деформацияланудан пайда 
болады.
Сурет 5.17. Температураның 
қалдық кернеуге (1) əсері жəне 
ағым шектеуі (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет