Мартенсит кристалдарынің түзілу жылдамдығы өте үлкен жəне 1000 м/с –қа дейін
жетеді. Мартенсит пластиналары аустенит түйірлері шектеулеріне дейін немесе болаттың
ақауы бар шетіне дейін өседі. Алғашқы пластиналарға бұрыш (60; 120
о
) болып орналасқан
мартенситтің келесі пластиналары мартенситтің бастапқы пластиналарының көлемдері
жəне аустениттік түйірлер шетімен шектелген.
Түрлену ағымының төмен температурасында мартенсит кристалдарының түзілу
жылдамдығының жоғары болуы аустениттің кристалл торларының мартенсит торларына
тікелей өтуіне байланысты (когерентты шектеулер).
Жылдам түрленуде ара қашықтығы қатаң сақталған, атом аралық бөлшектер аз g ^ а
атомдар белгілі тəртіппен араласады. Сонымен бірге мұнда когерентті байланыс деп
аталатын g- жəне а-темір торларының жалпы қабат тегістігі сақталады. Когерентті түрлену
атомдардың бір тордан екіншісіне өткендегі жақын қашықтыққа орын ауыстыруын
білдіреді. Сондықтан мартенситтің жаңа фазасының кристалл торы аустениттің бастапқы
фазасына бағытталуы заңдылық болып есептеледі.Торлардың когерентті кернеуіне жəне
фазалардың үлестік көлемдерінің əр алуандығына (аустенит пен мартенситтің) байланысты
мартенситтік түрлену ірі ішкі кернеудің пайда болуына əкеледі. М
н
и М
к
мартенситтік
түрленуінің басы мен соңындағы температура интервалында мартенситтік түрлену жүреді.
Эвтекоидты болат үшін бұл 240 °С температурада басталып, -50 °С температурада аяқталады.
Алайда бұл температурада болатта түрленбеген, қалдық аустениттің біршама бөлігі
сақталады. М
к
нүктесінен төмен салқындату ақырғы ыдырауға əкелмейді. М
н
жəне М
к
нүктелерінің орны суыту жылдамдығына тəуелді емес, бірақ болаттағы көміртек құрамына
тəуелді.
( 5.11сур).
Кобальт пен алюминийден өзге, аустенитте
еритін барлық қосылған элементтер М
н
жəне
М
к
темперутуралары мəнін төмендетеді.
Мартенситтік түрлену кернеуді қатты
сезінеді, ал аустениттің деформациясы М
н
жоғары
темпераратурада
түрленуді
жүргізеді
(
Достарыңызбен бөлісу: