С. А. Вологжанина, А. Ф. Иголкин материалтану оқУ ҚҰралы



Pdf көрінісі
бет73/239
Дата27.10.2023
өлшемі8,95 Mb.
#188857
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   239
Байланысты:
6 Вологжанина Материалтану. Оқулық

нақты түйір көлемі
деген ұғым енгізілген, 
163 


Әдетте аустениттің бастапқы түйірінің көлемі үлкен болған сайын, нақты түйір көлемі де
ұлғаяды.
Болатты қыздыру температурасы А
с3
нүктесінен жоғары болуы металды қыздыруды
асырып жіберуге əкеледі, нəтижесінде ірі нақты түйір түзіледі. Жоғары асып кеткен 
қыздыруды төмен температуада қайта қыздырумен түзелуге болады. Егер қыздыру 
шамадан асып кетсе жəне метал ұзақ уақыт бойы осы температурадағы тотықтыру 
атмосферасында қалса, түзетуге келмейтін кемшілік пайда боолады, яғни болаттың күйіп 
кетуіне əкелуі мүмкін. Металдың күйіп кетуі тотығуға жəне түйір шеттерінің жанып кетуіне 
жəне тас секілді сынғыштыққа əкеледі. 
Болаттың нақты түйірінің мөлшері төмен температуардағы тұтқырлыққа көбірек
əсер етеді.
Түйір көлемін МОСТ 5639 -82 бойынша болаттың микроқұрылымын эталондық
бағанамен 100 есе ұлғайта салыстырып анықтайды. (2.11суретті қараңыз). 
Түйір көлемі оған балл берумен бағаланады. Металл түйіріне берілген баға 1мм
2
тегісте орналасқан түйір санына тіке пропорциялы жəне түйірдің орташа диаметріне теріс 
пропорциялы болады. Шартты түрде 1ден 5 деген бағаға дейінгі түйір көлемі ірі түйірлі
болаттарға, ал одан да жоғары балл алғандар ( 6-дан 10-ға дейін) –ұсақ түйірлі болаттарға 
жатады. 
Болатты салқындату кезіндегі аустениттің диффузиялық түрленуі
.
Аустенитің изотермиялық түрлену диаграммасы.
Эвтекоидты болатты жұмсарту
кезіндегі салқындату уақытында болатын негізгі түрлену – аустениттің (727°С)
температурадан төмен А

нүктесінде цементті феррит қоспасына түрленуі деп саналады. 
Диффузиялық процестердің толық өтуін қамтамасыз ететін болатты салқындату 
жылдамдығында жəне болаттың тұрақты күйіне жақын болатын құрылымда темір –көміртек 
диаграммасына сəйкес перлит түзіледі. 
Фазалық түрленудің жалпы заңдылықтарына сəйкес, беріктік күйінде аустениттің 
перлитке диффузиялық түрленуі аустениттің бос энергиясы мен Ф +Ц ажырау өнімдерінің 
айырмасымен, ал түрлену кинетикасы – перлит орталықтарының түзілу санымен жəне бұл 
орталықтардың ұлғаю жылдамдығымен анықталады.
Аустениттің перлитке эвтекоидтық түрлену кинетикасы аустениттің изотермиялық 
түрлену диаграммасында С- үлгідегі қисықтармен кескінделіп, мынадай кескінде құрылады. 
30...50°С дейін А
с1
жоғары қыздырылған біртекті аустенит құрылымды үлгілерді 
тапсырылған температураны ұстап тұрған термостатқа көшіреді. Аустениттің парамагниттік , 
ал феррит пен цементит қоспасы ферромагнитті қасиеттерге ие екенін ескеріп, үлгілердің 
магниттік өзгерістерін бақылау аустениттің əр алуан температурада перлитке айналуын 
кинетикасын бағалауға мүмкіндік береді. 
164 


5.6 суретте аустениттің əр алуан
t
1
> t
2
> t
3
> t
4
> t

> t
6
.
температурада алынған 
изотермиялық ыдырау кинетикалық қисықтары келтірілген. 
Қисықтар сипаты ыдырау процесі бастапқыда бəсең жүргенін, одан əрі жылдамдығы 
ұлғайғанын жəне түрлену өнімдерінің 50% түзілгенде шегіне жететінін, ал қалдық аустенит 
саны төмендеуіне қарай үдеріс бірте –бірте өше бастайтындығын көрсетеді. 
а
1
, а
2
,
а
3

а
4
, а
5
, а
6
нүктелері бастапқы, 
b
1
,
b
2
, b
3
, b
4
, b
5
, b
6
нүктелері — түрленудің соңына сəйкес келеді. ( 5.6, а 
сур). 
Координаттарды түрлендіре отырып, алынған тəжірибелік қисықтар бойынша 
аустениттің изотермиялық түрлену диаграммасын құрастырады. Ол үшін изотермиялық
төзімділік t
1
, t
2
, t
3
, t
4
, t
5
, t
6
температурасының көлденең сызықтар нүктелерінде түрленудің
басталу нүктесін (а) жəне ақырғы (b) нүктесін енгізеді. Мұнда а

— а
6
қисығы түрленудің
бастапқы сызығы, ал b
1
— b
6
— соңғы сызығы болып саналады. (5.6, б сур). 
5.7 суретте эвтекоидты болаттағы (0,8 % көміртек) аустениттің изотермиялық түрлену
диаграммасы келтірілген. Мұндағы М
н
жəне М
к 
көлденең сызықтары диффузиялық 
мартенситтік түрленудің бастапқы жəне ақырғы температурасын көрсетеді. 
Изотермиялық түрлену диаграммасы аустениттің тұрақты температурада түрленуін 
зерттеудің көптеген деректер жинағының нəтижесін көрсетеді. Изотермиялық түрлену 
диаграммасын С əрпі жəне С –диаграммаларына ұқсастығына сəйкес, ал ағылшын тілді 
елдерде –ТТТ –диаграммалар (temperature — time — transformation ( температура – уақыт –
түрлену) деп атайды. 
Сурет 5.6. Аустенитті перлитке айналдырудың кинетикалық қисықтары (а) жəне аустенит 
(б) туралы изотермиялық ауысудың: 
М
н
, М
к
- тиісінше, мартенситикалық ауысудың басы мен соңы 
165 



Рис. 5.7. Эвтекоидты болат аусенитінің изщтермиялық түрлену диаграммасы: 
B - байнит; М - мартенсит; С - сорбит; Т - тростоста; v1 - v3 - жылдамдық 
трансформация; I-VI - тəн салалар 
Диаграммада мынадай аймақтарды бөліп көрсетуге болады: І тұрақты аустенит аймағы ( 0,8 
% көміртек бар болаттар үшін Д
с1
температурасынан асқанда); ІІ – суытылған аустенит 
аймағы; ІІІ - А ^ П түрлену басталған, бірақ аяқталмаған аймақ ; IV — аяқталған түрлену 
аймағы; V — басталған, бірақ аяқталмаған мартенситтік түрлену аумағы ( 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет