Құйма пішінге
толтырылғаннан кейін жылдам
салқындатады жəне
ақ шойынның құрылымын
алады.
Содан кейін, құймаларды ұзақ босаңдатады
(2 тəулік), оларды
пеш газдардың тотығуынан,
құмның себілуінен жəне т.б. қорғау үшін –
қажатады. Босаңдату нəтижесінде
құрылым
феррит немесе перлит түйірлерінен жəне
графит ұлпаларынан тұрады. Феррит жəне
графиттен тұратын шойын сынығы күңгірт.
Мұндай
таптауға
көнгіш
шойында
салыстырмалы түрде көп
графит болғандықтан
қаражүректі деп атайды.
Егер электроидты айналмалы аймақты жылдамдырақ салқындатса,
шойынның
құрылымында перлит сақталады. Мұндай шойынды перлитті таптауға көнгіш шойын немесе
ақшылжүректі деп атайды. Оның құрылымында ферритті таптауға көнгіш шойынға қарағанда
графит аз болып келеді. Таптауға көнгіш шойынды КЧ əріпімен жəне
уақытша кедергімен
салыстырмалы узаруды
көрсететін санмен белгілейді, мысалы, КЧ 35-10.
4.6 кестеде кейбір белгіленген таптауға көнгіш шойындардың (МОСТ 1215—79)
механикалық қасиеті жəне химиялық құрамы көрсетілген.
Таптауға көнгіш шойын құймаларын соққы жəне діріл жүктемесінде (картерлер,
редукторлар, фланецтер, муфталар) жұмыс істеуге арналған бөлшектерде қолданады.
4.6 кесте.
Достарыңызбен бөлісу: