Активтік операциялар – бұл несиелер беру.
Пассивтік операциялар – бұл ақша жинақтарын және банктің табыстарын
жұмылдыру. Банктегі барлық салымдар депозиттер және жинақ салымдары болып бөлінеді.
Банктік қызмет көрсетулер – бұл қолма-қол және қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге
асыру, валютамен және алтынмен байланысты операциялар, бағалы қағаздарды шығару
және сақтау, трасталық (сенімгерлік) операциялар. Банктер кеңестер береді, ақпараттар
ұсынады. Соңғы жылдары банктік қызмет көрсетулердің көлемі айтарлықтай өсті.
Банктік операциялардың барлық түрлері пайыз түрінде пайда алуға мүмкіндік беретін
несиелік негізде (активтік және пассивтік) немесе өз клиенттері есебінен комиссиялық
сыйақылар алу негізінде жүзеге асырылады.
Сонымен, барлық операциялардан түсетін банктік пайданы маржа деп атайды.
Маржа – активтік операциялар бойынша пайыздар мен пассивтік операциялар
пайыздардың айырмашылығынан болатын банктік таза пайда. Банктік пайдадан басқа
банктің табыс көздеріне инвестициядан, биржалық операциялардан түсетін табыстар және
банктік қызмет көрсетулерден түсетін комиссиялық сыйақылар жатады.
Арнайы мамандандырылған қаржы-несие институттары. Дамыған елдердің
қазіргі банк жүйесі арнайы мамандандырылған қаржы-несие институттарын да өзіне
жатқызады. Кейбір жағ- дайларда бұлар үшінші деңгейлі болып табылады. Арнайы
мамандандырылған қаржы-несие институттары мыналар жатады: инвестициялық банктер,
жинақ банктері, несиелік одақтар, сақтан- дыру компаниялары, зейнетақылық және
инвестициялық қорлар. Арнайы мамандандырылған қаржы-несие институттары халықтың
шағын капиталы мен жинақтарын жұмылдырып, солар арқылы экономиканы
инвестициялайды.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты. Лоренц қисығы Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – бұл қоғам мүшелерінің және әртүрлі топтардың табыстарын бөлу және қайта
бөлуге бағытталған үкіметтік іс-шаралары.
Осыған байланысты, әлеуметтік саясат бір жағынан, табыстардың әділетті бөлінуіне,
ал екінші жағынан, қоғам мүшелері мүмкіндіктері- нің теңдігін сақтап тұруға жауап беруі
тиіс.
Әлеуметтік саясаттың бірқатар міндеттері бар:
1.
тұрғындардың әл-ауқаттылығын көтеру;
2.
адамдардың өмір сүруі мен еңбек жағдайларын жақсарту;
3.
әлеуметтік әділеттілік принциптерін жүзеге асыру;
4.
қоғамның әлеуметтік салаларын және инфрақұрылымын дамыту;
5.
ел азаматтарының әлеуметтік мұқтаждықтары мен мүдделерін қанағаттандыру.
Осындай міндеттер негізінде әлеуметтік саясат мынадай мәселелерді шешуге
жауап іздейді:
1.
адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін қалай қанағаттандыру керек;
2.
қоғамда игіліктерді әлеуметтік тұрғыдан қалайша барынша әділетті бөлуге
болады;
3.
адамдардың әл-ауқаттылық деңгейінің көтерілуі мен эконо- микалық тиімділікті
арттырудың сәйкестілікті қалайша жүзеге асыру- ға болады.
Бәсекелестік тетіктер негізінде халық табыстарын нарықтық тұрғыдан бөлу тепе-
теңдікке жетуге кепілдік бермейді, яғни табысты шынайы бөлуге жауап бермейді. Сол
себепті, әлемнің дамыған елдерінің нақты қазіргі тәжірибесінде табыстарды бөлудегі
теңсіздер едәуір түрде байқалады. Сондықтан табыстарды бөлудегі теңсіздіктер осы
тақырыптың аса көкейкесті мәселесі болып қала береді.
Жеке табыстан салықтарды алып тастағаннан кейін және трансферттік
төлемдерді төлеп болғаннан кейін адамдардың табыстары біршама тепе-теңдік жағдайға
жақындайды (14.3-сурет).