1 Карипова М. Р


t  салық мөлшерлемесі  100%  50%  0



Pdf көрінісі
бет133/169
Дата27.10.2023
өлшемі3,61 Mb.
#188867
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   169
Байланысты:
Экономикалық-теория.-Карипова


салық мөлшерлемесі 
100% 
50% 

 
 
 
 
13.1-сурет. 
Лаффер қисығы 
 
 
 
Ақша жүйесінің элементтері және ақша агрегаттары 
Ақшалар айналыс құралы ретінде қоғамның экономикалық әрекеттерін келісімді 
түрде реттеуге мүмкіндік береді. 
Ақша жүйесі 
– бұл тарихи қалыптасқан және мемлекеттің заңымен бекітілген ақша 
айналысын ұйымдастырудың формасы, жеке элементтері белгілі бір бірлікте болатын жүйе. 
Ақша жүйесінің негізгі элементтері: 
-
ақша бірлігі мен баға атаулары; 
-
ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және қамтамасыз ету 
мемлекет бюджет кірістері
Т
 


108 
сипаты; 
-
нақты ақшаны қажет етпейтін төлем айналымын ұйымдастыру; 
-
ұлттық валютаның бағамы, оны шетел валютасына айырбастау тәртібі. 
Елдің ақша жүйесін реттеу жұмысын осы жүйенің әрқилы элементтерін үйлесімге 
келтіріп отыратын қаржы-несие органдары жүзеге асырады. 
Ақша массасы 
– бұл қолма-қол және қолма-қолсыз нысандағы барлық ақша 
қаражаттарының жиынтығы. Ақша массасының көмегімен шаруашылықтағы тауарлар 
мен қызметтердің айналымы жүріп отырады. Ақша массасының шамасы ақшаға сұраныс 
пен ақша ұсынысы факторларына тәуелді болып табылады. 
Ақша массасының құрылымын ақша агрегаттары анықтайды.Ақша агрегаттары: 
М0 
= айналыстағы қолма-қол ақшалар; 
М1 
= М0 + жинақ банктеріндегі, коммерциялық банктердегі халықтың және 
кәсіпорындардың талап етілгенге дейінгі депозиттері, халықтың және кәсіпорындардың 
есеп-айырысушылық және ағым- 
дық шоттардағы қаржылары, саяхатшылардың чектері; 
М2 
= М1 + кіші жедел салымдар; 
М3 
= М2 + ірі жедел салымдар, банктердің депозиттік сертификат- тары, 
мемлекеттік займ облигациялары. 
Сонымен қатар нарықтық экономикасы дамыған елдерде L деген агрегат та 
қолданылады, яғни: 

= M3 + қазыналық жинақ облигациялары, коммерциялық қағаздар, қыс-қа 
мерзімдік мемлекеттік міндеттемелер және т.б. 
Қорыта айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты өзінен алдыңғылар- дың барлық 
элементтерін біріктіріп ақша массасының үлкен көлемін құрайды. Ақшаның өтімділігі мен 
табыстылығы арасында кері байланыс бар, яғни ақша агрегаты іріленген сайын оның 
табыстылығы жоғарылай береді және өтімділігі төмендей береді, керісінше, бастапқы кіші 
агрегаттардың (М1) өтімділігі жоғары, ал табыстылығы мүлдем болмайды немесе төмен 
болып табылады. 
Экономикада М1 және М2 ақша агрегаттары аса жиі қолданылады. Ақша 
массасының теориясын, соның ішінде ақшаға сұраныс пен ақша ұсынысын 
неоклассикалық мектептің құрамдас бір бөлігі ақшаның сандық теориясы зерттейді. Бұл 
теорияның негізгі өкілі, американдық экономист Ирвинг Фишер (1867-1947) мынадай 
теңдеуін 
ұсынады: 
MV = PY, 
мұнда, М – айналыстағы ақшаның саны; V – ақша айналымының жылдамдығы; Р – 
елдегі бағалардың орташа деңгейі; Y – экономикада өндірілген барлық тауарлар мен 
қызметтердің саны. 
Бұл теңдеуге сәйкес мынадай болжам жасалынады, яғни V мен Y тұрақты, себебі 
олар ұзақ мерзімді факторлармен анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет