105
Қазақстанда арнайы бюджеттен тыс қорларға Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы
қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Инновациялық қор, Ұлттық қор кіреді.
Мемлекеттік бюджеттің күйі үш жағдайда болады. Біріншіден,
егер мемлекеттік
бюджет шығындары оның табыстарынан асып кетсе, онда бюджет тапшылығы орын алады.
Екіншіден, егер мемлекеттік бюджет түсімдері оның шығыстарынан көп болса, онда
бюджет артықшылығы орын алады. Үшіншіден, егер мемлекеттік бюджет табыстары мен
шығындары бір-біріне тең болса, онда бюджет тепе- теңдік жағдайда болады.
Салықтардың экономикалық мәні, қызметтері, элементтері. Лаффер
қисығы
Қазақстан Республикасы Салық Кодексі бойынша
салықтарға мынадай анықтама
беріледі.
Салықтар
– бұл мемлекеттің заңдық тәртіппен бекіткен,
белгілі бір мөлшерде
жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта бюджетке төленетін бір жақты міндетті
ақшалай төлемдер.
Салық жүйесі
белгілі бір уақыт аралығында
қандай да бір мемлекеттің
территориясында салынатын салықтардың, алынатын алымдардың, төленетін төлемдердің
жиынтығын білдіреді. Салық жүйесін құру бірқатар жалпы принциптерге негізделеді.
Салық жүйесінің принциптері:
1.
Салық салудың әділеттілігі (тепе-теңдігі).
2.
Салықтардың анықтылығы және нақтылылығы (салықтың мөлшері, мерзімі,
тәсілі мен төлеу тәртібі салық төлеушілерге нақты анықталған және түсінікті болуы қажет).
3.
Салық төлеу мерзімдері мен тәсілдерінің ыңғайлылығы.
4.
Салықтарды жинаудың үнемділігі немесе тиімділігі (салықтарды жинау және
салықтарға қызмет көрсет көрсету шығындары бюджетке түсетін салықтық түсімдерден
әлдеқайда төмен болуы тиіс).
5.
Салық заңдылығының тұрақтылығы.
6.
Салық салудың бір реттілігі.
7.
Салық төлеушілердің барлығына бірдей дерлік
салық салу талаптарының
ұсынылуы.
8.
Салықтық жеңілдіктер жүйесінің дәлелді болуы.
9.
Салық қызметтерінің оңтайлы үйлесімділігі.
Салықтардың экономикалық категория ретіндегі мәнін толық түсіну үшін оның
атқаратын негізгі қызметтеріне назар аудару қажет:
Достарыңызбен бөлісу: