1 Карипова М. Р


Мемлекеттік қаржы үшке бөлінеді



Pdf көрінісі
бет127/169
Дата27.10.2023
өлшемі3,61 Mb.
#188867
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   169
Байланысты:
Экономикалық-теория.-Карипова

Мемлекеттік қаржы үшке бөлінеді: 
а) мемлекеттік бюджет; ә) мемлекеттік несие; 
б) арнайы бюджеттен тыс қорлар. 
Мемлекеттік бюджет 
– қаржы ресурстарының орталықтандырыл- ған қорын 
жасаумен байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы. 
Мемлекеттік несие 
– бюджет 
тапшылығын жабуға арналған қаржылар, ол ішкі және сыртқы жинақталған қарыздың 
сомасын көрсетеді. 
Арнайы бюджеттен тыс қорлар 
– қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттан-дыру 
үшін мақсатты қаржыландырудың қосымша нысаны. Қаржы жүйесінің негізгі буыны болып 


103 
орталықтандырылмаған қаржылар табылады. Өйткені оларда мемлекеттің және 
субъектілердің 
қаржы ресурста-рының негізгі бөлігі шоғырландырылған және қоғамдық игіліктер 
жасалады. Ал қаржы жүйесінің шешуші буыны ретінде шаруашылық субъектілерінің 
қаржылары табылады. Оларға қаржылардың мынадай түрлері кіреді: 
а) материалдық өндіріс саласында (нақты секторда) жұмыс істейтін субъектілердің 
қаржылары; 
ә) қаржылық ұйымдардың қаржылары; 
б) қызмет көрсету саласы мекемелерінің қаржылары. 
Сондай-ақ орталықтандырылмаған қаржыларға үй шаруа- шылықтарының 
қаржылар жатады. 
Қоғамда 
жасалған 
жиынтық 
өнімді 
бастапқы 
бөлу 
үдерісінде 
үй 
шаруашылықтарының, фирмалардың және мемлекеттің қарамағына келіп түсетін қаржы 
ресурстары олардың мақсатты жұмсалуы бойынша қолданылады. Мұндай қаржылық 
ресурстар банктік жүйе және қор нарығы сияқты қаржы нарықтары арқылы әріқарай қайта 
бөлу үдерісіне келіп түсуі мүмкін, бұл кезде осындай қаржылардың қозғалысы нарықтық 
келісімдер негізінде жүзеге асырылады. 
Мемлекеттің қаржы жүйесінен мемлекеттік бюджет және бюджет жүйесі бөлініп 
шығады. 
Мемлекеттік бюджет 
– кірістері мен шығыстары көрсетілген мемлекеттің 
қаржылық жоспары. Бюджеттің ерекше белгісі болып бюджеттік бағдарламалардың 
заңдық негізде бекітілуі табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет