1 Карипова М. Р



Pdf көрінісі
бет158/169
Дата27.10.2023
өлшемі3,61 Mb.
#188867
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   169
Байланысты:
Экономикалық-теория.-Карипова

2.
 
Бреттон-вудтық валюта жүйесі (1944-1971 ж.). Алтын девиздік деген атаудың 
қалыптасуы қағаз ақшалар-девиздердің әлемдік валюталар қызметін атқара бастауынан 
орын алды. Бұл жүйе кезінде ішкі экономикалық саясат әлі де болса төлем балансының 
жағдайына тәуелді болды. Алтын жүйенің негізі ретінде жұмыс істей берді. Бірақ алтындық 


127 
мазмұны бар бір ғана валютаның рөлін АҚШ-тың доллары атқарды. Ал қалған валюталар 
долларға, содан соң доллар арқылы алтынға теңестіріліп отырды. АҚШ-тың Федералдық 
резервтік жүйесі (ФРЖ) басқа елдердің орталық банктерімен келісім жүргізуде 1 троя 
унциясына4 35 доллар болып бекітілген баға бойынша алтынды сатып алуды және сатуды 
жүзеге асырды. 
Валюталық бағамдар тіркелген болды. Валюталық қатынастар Халықаралық 
валюталық қормен (ХВҚ)

бақыланып отырды. ХВҚ-ның міндеттеріне: валюта 
бағамдарын тұрақтандыру үшін несиелер беру, қаржы жүйесін сауықтыру бойынша 
ұсыныстар жасау, валюталық паритеттерді бақылау кірді. Алтын девиздік жүйенің пайда 
болуы мемлекеттердің ішкі экономикалық саясатының тәуелсіздігін күшейте түсті. 
Алтынды, ХВҚ-ның несиелерін пайдалану арқылы валюта бағамын ұстап тұруға 
болды. Бірақ ең бастысы, төлем балансының жағдайын ұлттық валюта бағамын өзгерту 
есебінен ғана жақсартуға болады. Алтын стандарт бұл құралды қолданбады. Ал алтын 
девиздік жүйе ұлттық мемлекетке валюта бағамын 10%-дық паритет аралығында өзгертуге 
мүмкіндік берді. 
ХХ ғасырдың 70-жылдары басында бреттон-вудтық жүйе дағдарысқа ұшырады. 
Валюталардың тіркелген айырбас бағамдарын ұстап тұру ХВҚ-ға мүше-елдердің бірыңғай 
экономикалық саясатты жүргізіп отыруын талап етті. Алайда, бұл мүмкін болмады. 
Әртүрлі елдерде инфляция қарқыны шарықтап мәселелер көбейе түсті. Жүйенің жұмыс 
істеуін қамтамасыз ету үшін алтынның ұсынысы жеткіліксіз болды. 
Алтын девиздік жүйенің қарама-қайшылықтары оны жаңа валюталық жүйеге – 
басқарылатын құбылмалы валюта бағамдары жүйесіне ауысу қажетті-лігіне алып келді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет