1 Карипова М. Р


Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты



Pdf көрінісі
бет155/169
Дата27.10.2023
өлшемі3,61 Mb.
#188867
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   169
Байланысты:
Экономикалық-теория.-Карипова

 
Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты 
Мемлекеттің сыртқы саудаға араласу ауқымына байланысты сыртқы сауда саясаты: 
1.
 
Еркін сауда саясаты 
(Фритредерлік). Ішкі нарықтарды шетелдік капитал мен 
қызметтерге ашуды көздейтін және экспорт пен импортты шектемейтін іс-әрекет; 
2.
 
Протекционистік сауда саясаты 
(қорғаныштық). Ішкі нарықтарды шетелдік 
тауарлардан қорғауға бағытталған және импортты шектейтін әрекеттер болып екіге 
бөлінеді. 
Бұл екі саясаттың өзіне артықшылықтары мен кемшіліктері бар. 
Еркін сауда саясатының 
артықшылықтары: 
бәсекелестікті ынталандырады; 
монополияны шектейді; өндірістің тиімділігі жоғарылайды; бағалар төмен дейді; тауар 
таңдау мүмкіндігі артады; халықаралық еңбек бөлінісі жақсара түседі; елдер бір-бірімен 
жақындасып, ынтымақтастығы артады. 
Кемшіліктері: 
ұлттық экономиканы шетелдік 
бизнестің теріс әсерінен қорғаудың болмауы; ішкі нарықтарды жаулап алу немесе 
демпингтің орын алуы; сапасыз өнімдердің өткізілуі және т.б. 
Протекционизмнің 
артықшылықтары: 
сауда балансын тепе-теңдікке 
келтіреді; демпингтен қорғайды; ұлттық өндіріс салаларының өсуін ынталандырады; жас 
салаларды қорғайды. 
Кемшіліктері: 
өндірістің тиімділігі төмендейді; бағалар өседі; тауарды таңдау 
мүмкіндіктері 
тарылады; 
халықаралық 
еңбек 
бөлінісінің 
артықшылықтары 
қолданылмайды; экспорттық қатынастар үзіледі. 


125 
Сонымен, фритредерлік саясат сыртқы сауданың ешқандай кедергілерін-сіз елдер 
арасындағы тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалуын жақтаса, ал протекционистік саясат 
ұлттық өндірісті қолдау үшін елге шетелдік өнімнің келуін шектеуді қарастырады. 
Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері 
тарифтік 
және 
тарифтік 
емес әдістер 
болып бөлінеді. Сыртқы сауданы реттеудің тарифтік құралдарына кедендік 
баж салығы мен тарифтік квота жатады. Тарифтік емес құралдарға квоталау, лицензиялау, 
еркін экспорттық шектеулер, жасырын және қаржылық әдістер, экономикалық емес 
әдістер жатады. 
Мемлекеттер арасындағы сыртқы сауданы реттеуді және өндіріс факторларының 
өзара қозғалысын қазіргі уақытта Халықаралық валюталық қор, Дүниежүзілік сауда 
ұйымы, Дүниежүзілік банк және Біріккен Ұлттар Ұйымы жүзеге асырады. 
Сондай-ақ, сыртқы сауданың мемлекеттік реттеу бір жақты, екі жақты және көп 
жақты болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет