1 Карипова М. Р


халықаралық еңбек бөлінісімен



Pdf көрінісі
бет152/169
Дата27.10.2023
өлшемі3,61 Mb.
#188867
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   169
Байланысты:
Экономикалық-теория.-Карипова

халықаралық еңбек бөлінісімен 
(ХЭБ) 
тығыз байланысты. ХЭБ бірнеше факторлармен анықталады. Ол әлем елдерінің өндірістік 
шарттарының алуан түрлілігі жағдайында дамиды. Әлем елдерінің табиғи ресурстарға
капиталға, еңбек ресурстарына, технологияға және тағы басқаларына әртүрлі иелік етуі 
(мысалы, бір ел пайдалы қазбаларға өте бай, ал басқа бір елде олар мүлдем тапшы болуы 
мүмкін) олардың өндірістік мүмкіндіктерінің бірдей болмайтындығына алып келеді. 
Адамдар өнімнің барлық түрін өндіргісі келеді, бірақ бұл кейбір жағдайларда тиімсіз және 
мүмкін емес болып табылады. 
Осындай мәселелерге бірінші болып классиктер 
Адам Смит 
пен 
Давид Рикардо 
көңіл бөлді. А.Смит: «кез келген өнімді кез келген елде өндіруге болады, бірақ олардың 
шығындары өте жоғары және сапасы төмен болуы мүмкін, сол себепті, елдер өндірісі арзанға 
түсетін тауарлар мен қызметтердің түріне маманданғаны дұрыс», деп жазды. Олай болса, 
қазіргі әлемдік нарық сыртқы сауданың тиімділігімен түсіндіріледі. Смитше, әлемдік 
сауданың тиімділігі қандай да бір елдің өндіріс шығындары деңгейінде басқа бір елге 
қарағанда абсолютті артықшылыққа ие болуынан көрініс табады. Осылайша, А.Смит 
абсолютті артықшылықтар теориясын 
қалыптастырды. Ал Д.Рикардо болса, өзінің 
әйгілі 
салыстырмалы артықшылықтар теориясын 
дамытты. Айталық, Қазақстанға 
Қырғыз Республикасына қарағанда бидай мен мата өндірісі арзанға түседі. Егер бұлай 
болса, онда Қазақстанға Қырғыз Республикасымен саудаласудың мүлдем қажеті жоқ. 
Алайда, салыстырмалы шығындар теориясына сәйкес екі ел арасындағы сауда 
тиімді болып табылады. Айталық, Қазақстанда бидайдың 1 бірлік құны матаның 1,5 бірлік 
құнына тең. Ал Қырғыз Республикасында бидайдың 1 бірлігі матаның 2 бірлігіне тең. 
Егер, Қырғыз Республикасына бидай шығарсақ, онда оның құнына матаның 2 бірлігін алуға 
болады. Олай болса, матаға қарағанда бидайды Қазақстанда өндірген аса тиімді болып 
табылады. 
15.1-сурет. 
Салыстырмалы артықшылықтар 


123 
Суреттен көріп отырғанымыздай, Қазақстанның ішкі нарығында бидайдың 300 
бірлігі 450 бірлік матаға айырбасталар еді (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет