3. Мәнжазба, эссе, баяндама тақырыптары: Экономикалық ресурстар және
олардың шектеулілігі; Қазіргі қоғамдық өндірістегі адамның орны мен рөлі; Ғылыми-
техникалық прогрестің қоғамдық өндіріске әсері; Ғылыми-техникалық прогрестің мәні
және оның дамуы.
4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект): 1)
Қоғамның өндіргіш күштері және өндірістік қатынастар.
2)
Экономикалық тиімділік және балама шығындар.
5. Жаттығулар: 1) а) «не өндіру керек» мәселесі тек ресурстардың шектеулілігі жағдайында
ғана туындайды және ол жеке бизнеске ғана тән құбылыс; ә) «қалай өндіру керек» мәселесі
еңбекке қабілетті халықпен толық
қамтылған қоғамда орын алмайды;
б) «кім үшін өндіру керек» мәселесі орталықтандырылған қоғам үшін өзекті болып
табылмайды.
Осы әрбір пунктке өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
2) Өндірістік мүмкіндіктер қисығын қарастырыңыз: Осы суретке қарап мыналардың экономикалық мағынасын түсіндіріңіз:
1.
А, В, С, D нүктелері нені сипаттайды?
2.
А нүктесінен В нүктесіне, В нүктесінен С нүктесіне, С нүктесінен А нүктесіне,
және А нүктесінен D нүктесіне қозғалу нені
сипаттайды?
3) Экономикада көліктер мен станоктар өндіріледі. Көліктер
5
4
3
2
1
0
Станоктар
0
7
13
18
22
25
Табу керек:
а) қосымша бір көлік өндірудің балама шығындарын; ә) қосымша бір станок
өндірудің балама шығындарын.
6. Тест тапсырмалары: 1. Материалдық емес өндіріс саласын көрсетіңіз: А) Құрылыс В) Ауыл шаруашылығы С) Өнеркәсіп
D) Денсаулық сақтау Е) Материалдық-техникалық жабдықтау