25
1.
Қоғамдық шаруашылықтың негізгі нысандар
Қоғамдық шаруашылықтың нысаны
– адамдардың шаруашы- лық қызметін
ұйымдастырудың белгілі бір тәсілі.
Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің тарихи тұрғыдан қалыптас- қан 2 әдісі бар:
Натуралды шаруашылық – қоғамның тек өз қажеттіліктері үшін ғана қажетті
өнімдердің жиынтығын өндірумен айналысатын тұйық шаруашылық. Натуралды
шаруашылықтың негізгі сипатты белгілері:
-
экономикалық қатынастар жүйесінің тұйықтылығы;
-
әмбебап қол еңбегіне негізделген өндірістің орын алуы;
-
қоғамдық еңбек бөлінісінің жоқ болуы;
-
өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыстардың орын
алуы;
-
еңбек өнімдерінің айырбасқа түспеуі.
Натуралды шаруашылықтың иемденушілік және ұдайы өндіру- шілік болып
бөлінеді. Иемденушілік натуралды шаруашылық терімшілік өнері басым болатын,
еңбектің қарапайым құралдарын қолданумен, тұтыну деңгейіне кепілдеменің жоқ
болуымен және табиғаттың дайын игіліктерін қолданумен байланысты сипатталатын
шаруашылық. Кейіннен, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығының пайда
болуымен байланысты натуралды шаруашылықтың иемденушілік түрі ұдайы
өндірушілікке айналды. Ұдайы өндірушілік натуралды шаруашылық – табиғаттың дайын
игіліктері адам еңбегімен жасалған бірқатар «экономикалық игіліктермен» толықтырылып
отыратын, тұтынудың минималды деңгейіне кепілдік беретін және өндіріс
терімшілік пен аң аулаушылықты біртіндеп ығыстыратын шаруашылық. Мұндай
шаруашылыққа от жағу, ысқылау, тасты қайрау, аралау, бұрғылау сияқты және басқа да
әдістерді қолдану, еңбек құралдарының жаңа, аса күрделі түрлері тән болды. Ұдайы
өндірушілік шаруашылық адамның табиғат күшіне деген тәуелділігін төмендетіп,
материалдық игіліктердің үнемі жаңарып отыруына жағдай жасады.
Достарыңызбен бөлісу: