66
Капиталға сұраныс пен капиталдың ұсыныс қисықтарының қиылысуы кезінде
капитал нарығында тепе-теңдік орнайды. Осы жерде экономикалық субъектілер
капиталдың белгілі бір тепе-теңдік көлемін белгілі бір тепе-теңдік пайыз деңгейінде сатуға
және сатып келіседі. Оны төмендегі суреттен көруге болады.
7.6-сурет.
Капитал нарығындағы тепе-теңдік
Пайыз мөлшерлемесі екіге бөлінеді:
1.
Атаулы пайыз мөлшерлемесі – инфляция қарқынын есепке алмайтын банктің
тағайындаған ағымдағы нарықтық пайыздың шамасы.
2.
Нақты пайыз мөлшерлемесі – инфляция қарқынын есепке алатын атаулы пайыз
мөлшерлемесінің сатып алушылық қабілеті. Ол атаулы пайыз мөлшерлемесі (i) мен алдағы
мүмкін болатын инфляция қарқыны (π) арасындағы айырмашылықты білдіреді:
r = i – π,
мұнда, r – нақты пайыз мөлшерлемесі. Мысалы, инфляцияның жылдық қарқыны
10%-ды құраса, банктің белгілеген атаулы пайыз мөлшерлемесі 15% болса, онда оның
нақты деңгейі 5%-ға тең.
Достарыңызбен бөлісу: