1 Карипова М. Р


Еңбек нарығында еңбектің өзі емес, белгілі бір еңбек



Pdf көрінісі
бет75/169
Дата27.10.2023
өлшемі3,61 Mb.
#188867
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   169
Байланысты:
Экономикалық-теория.-Карипова

Еңбек нарығында еңбектің өзі емес, белгілі бір еңбек 
түрінің қызметтері сауда-саттыққа түседі. 
Осыны есте сақтаған жөн. Бұл жерде
қалыпты экономикалық жағдайларда ұсынылатын еңбек қызметтерінің саны мен сапасы 
еңбек иесі – жалдамалы жұмыскердің кәсіби дайындық деңгейіне, оның біліктілігіне, 
тәжірибесіне, жұмысты әділетті атқара алу мүмкіндігіне, қабілеттілігіне және басқа да 
факторларға байланысты болып келеді. Еңбек нарығын талдау еңбеккке сұраныс пен еңбек 
ұсынысын қарастырумен байланысты. Еңбек нарығындағы сұраныстың субъектілері 
болып бизнес өкілдері және мемлекет, ал еңбек 
ұсынысының субъектілері болып үй шаруашылықтары табылады. 
Еңбекке деген сұраныс 
– бұл бәсекенің әртүрлі жағдайларында фирмалардың 
немесе мемлекеттің еңбек қызметінің белгілі бір түрлерін белгілі бір бағамен сатып алуын 
сипаттайтын қажеттіліктері. 
Еңбекке деген сұранысқа бірнеше факторлар әсер етеді: 
1.
Дайын игіліктерге деген сұраныс көлемі; 
2.
Жалақы деңгейі; 
3.
Еңбектің басқа факторлармен өзара алмастырыла алу дәрежесі; 
4.
Ғылыми-техникалық прогресстің дамуы; 
5.
Елде қалыптастып отырған экономикалық жағдайлар; 
6.
Жұмыс берушілердің монопсониялық әрекеттері. 
Еңбекке сұраныс көлемі (L) оның бағасы – жалақы деңгейіне (w) тәуелді және оның 
сұраныс қисығы теріс көлбеулі болып табылады. 
7.1-сурет. 
Еңбекке деген сұраныс қисығы 
Осы суретке сәйкес, абсцисса осінде – қажетті еңбек қызметінің шамасы (L) және 
ордината осінде – жалақы мөлшерлемесі (w). DL қисығының бойындағы кез келген нүкте 
жалақының белгілі бір деңгейінде еңбекке сұраныс шамасының қандай екендігін көрсетеді. 
Жалақы мөлшерлемесі өскенде кәсіпкер еңбекке сұраныс көлемін 
қысқартады және керісінше, жалақының төменгі деңгейінде ол жұмыскерлерді 
көбірек жалдауға ынталы болады. 
Еңбек ұсынысы 
– бұл үй шаруашылықтарының және жалдамалы жұмысшылардың 
жалақының белгілі деңгейіне өздерінің еңбек қызметтерін нарықта сата алуға 
дайындықтары. 
Еңбек ұсынысына да бірнеше факторлар әсер етеді: 
1.
Елдегі демографиялық жағдайлар; 
2.
Жұмыскерлердің жасы, жынысы және басқа да құрамы; 
3.
Жұмыс күнінің орташа ұзақтылығы; 
4.
Миграциялық үдерістер; 
5.
Жұмыскерлердің кәсіби біліктілік деңгейі; 
6.
Кәсіподақтар қозғалысы; 
7.
Жалақыдан басқа табыс табудың басқа да мүмкіндіктері; 
8.
Жұмыс орнын таңдаудағы еңбек жағдайының қолайлылығы. 


63 
Еңбектің ұсыныс функциясы сұраныспен салыстырғанда ерекше жағдайда 
қарастырылады. Еңбек ұсынының көлемі де жалақы деңгейіне тәуелді және оның ұсыныс 
қисығы оң көлбеулі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет