1 Карипова М. Р



Pdf көрінісі
бет73/169
Дата27.10.2023
өлшемі3,61 Mb.
#188867
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   169
Байланысты:
Экономикалық-теория.-Карипова

6.
 
Қандай капиталға негізгі және айналмалы болып бөліну қасиеті тән? 
А) Ақшалай В) Тауарлық С) Өндірістік 
D) Өндірістік емес Е) Тұрақты 
7.
 
Кәсіпкерліктің табысты түрде жүзеге асырылуына әсер ететін факторлар: 
А) Мемлекеттік заңдылықтарды сақтау 
В) Кәсіпкердің жауапкершілігі мен белсенділігі С) Қажетті бастапқы капиталдың 
болуы 
D) Кәсіпкердің тәуекелге бара алу қабілеті мен мүмкіндігі Е) Осы аталған 
факторлардың барлығы әсер етеді 
8.
 
Акционерлік қоғамның бас органы не деп аталады? 
А) Директорлар кеңесi 
В) Өкiлеттiлер жиналысы 
С) Акционерлердiң жалпы жиналысы 
D) Айрықша акция ұстаушылардың жиналысы Е) Қарапайым акция ұстаушылардың 
кеңесi 
9.
 
Фирма қызметінің негізгі элементтеріне не жатпайды? 
А) Басқарушылық қызметі В) Маркетингтік қызметі 
С) Сыртқы әсерлерді реттеу әрекеттері D) Бағаларды реттеу Е) Пайда табу 
10.
 
Р. Кантильон экономикалық ғылымға қандай жаңалық енгізген? 
А) «Экономикалық игіліктер» терминін алғаш қолданған В) «Кәсіпкерлік» терминін 
алғаш ұсынған 
С) «Бизнес» деген ұғымды енгізген 
D) Оның экономикалық ғылымға ешкандай қатысы болмаған Е) Кәсіпкерліктің 
түрлерін дамытқан 


61 
7. ЕҢБЕК ЖӘНЕ КАПИТАЛ НАРЫҒЫ. ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСТАРДЫҢ 
ҚАЛЫПТАСУЫ 
 
Мақсаты: 
өндіріс факторлары нарықтарын жеке-жеке қарастыра отырып, әр 
ресурсқа тағайындалатын бағалардың, яғни жалақы, пайыз ерекшеліктерін кеңінен талқылау. 
Сұрақтар: 
Өндіріс факторларына деген сұраныс пен ұсыныс, оның ерекшеліктері; 
Еңбек нарығы және жалақы; 
Капитал нарығы және пайыз; 
9.1 Өндіріс факторларына деген сұраныс пен ұсыныс, оның ерекшеліктері 
Экономикалық ресурстар өзінің қызметін өндірістік үдеріс барысында іріленген 
түрінде негізгі өндіріс факторлары ретінде атқарады. Оларға еңбек, капитал, жер және басқа 
да факторлар жатады. Экономикалық қызметті бастайтын және пайда табу мақсатында 
саналы іс-әрекетке баратын кәсіпкер белгілі бір өнімнің түрін өндіру немесе қызмет көрсету 
үшін қажетті өндіріс факторларына сұраныс білдіреді. Бұл жерде өндіріс факторларының 
нарығы қалыптасады. Кәсіпкерлер мен тауар өндірушілер осы нарықтардың негізгі сатып 
алушылары болып табылады, ал үй шаруашылықтары өндіріс факторларының иелері 
ретінде сатушылар қызметін атқарады. Әр өндіріс факторына сұраныс пен ұсыныс 
қалыптасып, ортақ тепе- теңдік баға тағайындалып отырады. Әр өндірістік ресурс өзінің 
иесіне факторлық табыс алып келе алатындай қасиетке ие болуы тиіс. 
Мәселен, еңбектің иесі өзіне жалақы алады, капиталды сатушы өзіне пайызды алады, 
ал жердің иесі рентаға ие болады. 
Өндіріс факторлары нарықтарының кәдімгі тауарлар мен қызмет- тер нарығынан 
басты айыршылығы – фирмалар мен тұтынушылар рөлдерінің ауысуында болып 
табылады: фирмалар ресурстар нарығында сатып алушылар, ал тұтынушылар сатушылар 
ретінде жұмыс істейді. Басқаша айтқанда, фирмалар ресурстарға сұраныс білдіреді және 
тұтынушылар ресурстардың ұсынысын жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет