1 Карипова М. Р


Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштері



Pdf көрінісі
бет69/169
Дата27.10.2023
өлшемі3,61 Mb.
#188867
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   169
Байланысты:
Экономикалық-теория.-Карипова

Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштері. 
Дүниежүзілік 
банктің Doing Business рейтингісінде елдің бизнес- ахуалы 2014 жылы 64 орынды, 2015 
жылы 63 орынды, 2016 жылы 58 орынды, 2017 жылы 47 орынды иеленді. Бұдан басқа
Қазақстан 2016 жылы кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін қолайлы жағдайлар жасауда ең 
жақсы нәтижелерге жету бойынша 10 елдің ішінен 1-орынға шықты. 
Doing Business рейтингісінде 2017 жылы бизнесті ашу, меншікті тіркеу
инвесторларды қорғау, салық салу, келісімдерді орындау және кәсіпорындарды жою сияқты 
маңызды салалар бойынша Қазақстан алдыңғы 50 елдің қатарынан табылды. 
ШОК субъектілерін қаржылық қолдау шаралары. 
Кәсіпкерлікті дамыту комитеті 
«Даму» Қорымен бірге «Бизнестің жол картасы – 2020» Мемлекеттік Бағдарламасын (әрі 
қарай – Бағдарлама) жүзеге асырып жатыр. Бағдарламаның мақсаты болып шикізаттық 
емес секторларда аймақтық кәсіпкерлікті тұрақты және теңгерімді дамыту, сонымен қатар іс 
жүзіндегі жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жаңа жұмыс орындарын ашу табылады. 
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында жалпы сомасы 350 456,9 млн. теңгеге 1 112 
жоба субсидияландырылды. Жобалардың басым бөлігі мына салаларда орын алды, яғни 
агроөнеркәсіптік кешен – 265 жоба, көлік пен қоймалау – 223 жоба, жеңіл өнеркәсіп пен 
жиһаз өндірісі – 160 жоба. 
2018 жылдан бастап Бағдарламаға төмендегідей қаржы құралдары енгізілді: 
1.
Несиелендіруді кепілдендірудің жаңа жүйесі, бұл кәсіпкерлердің несие 
ресурстарына деген қол жетімділігін жақсарту мақсатында әзірленді. 
2.
Жаңашылдығымен ерекшеленген жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асырушы өз 
ісін енді бастаушы кәсіпкерлерді қолдау. 
«Жұмыспен қамту – 2020» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын несиелерді 
беру және оқыту бағдарламаларын жүргізу арқылы ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті 
дамытуға қолдау көрсету шаралары да жүзеге асырылады. Бұл Бағдарламаға қатысушыларға 
2017 жылы микрокредиттік ұйымдар арқылы 3 569 млн. теңге көлемінде шағын несие 
берілді. Жалпы алғанда, Бағдарламаның 1 435 қатысушысы несие ресурстарымен 
қамтамасыз етілді. Шағын несиенің орташа көлемі 1 862 мың теңгені құрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет