86
5.
Инновациялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру (1 млрд.
долл.).
Ұлттық банктің міндетті резервтер нормасын төмендету есебінен екінші деңгейлі
банктер өздерінің ресурстық базасын 350 млрд. теңгеге (2,9 млрд. долл.) ұлғайтты.
Дағдарысқа қарсы шаралардың жалпы көлемі 22,7 млрд. долл., немесе ЖІӨ-нің 17%-ын
құрады. Бұл сома әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды.
«Батыл бес қадам» деп аталатын бірлескен іс-қимыл жоспары әлеуметтік
тұрақтылықты
қамтамасыз
етуге,
макроэкономикалық
тепе-теңдікті
қолдауға,
экономикалық өсу мен іскерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталады. Бұл бағдарлама
шеңберінде әлеуметтік басымдық ретінде жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу саналады.
Дағдарысқа қарсы бағдарламаның қатарында ұлттық валютаны девальвациялау
сияқты мәжбүрлі әрі ең қажет болған шараны да атап өткен жөн. Дағдарысқа қарсы құрал
ретінде қолданылатын деваль- вация шарасына және экономиканың дамуына жаңа серпін
берудің мұндай әдісіне әлемнің көптеген мемлекеттері жүгінді. Өтіп жатқан дағдарыс
жағдайында көптеген елдер өз экономикаларының бәсекелік қабілеттілігін қолдау үшін
өздерінің валюталарын девальвациялап үлгерді. Қазақстан үшін бұл шараның маңызы өте
зор болды, өйткені қаржылық дағдарыстың әсерінен негізгі экспорттық тауарларға сұраныс
қысқарды, соның салдарынан өз өнімдерін экспортқа қоятын ірі компаниялар өндірістік-
инвестициялық жоспарларын тыюға және жұмысшылар санын қысқартуға мәжбүр болды.
Халық үшін девальвацияның оң жақтары да, теріс жақтары да бар. Басты кемшілігі
болып ұлттық валютада сақталатын қолма-қол ақшалай резервтер мен депозиттер
құнының бір бөлігінің жоғалуы табылады. Басқа жағынан алып қарағанда, доллар
нысанындағы жинақтардың теңгелік құны маңызды түрде өсе түсті. Сондай-ақ, олар қолда
бар резервтерді сақтауға көмектеседі.
Тұрақты табысқа өмір сүретін халықты (бюджеттік қызметкерлерді, зейнеткерлерді, аз
қамтылғандарды) қолдау үшін 2015-2017 жылдарда бюджеттен олардың табыстарын жыл
сайын көтеріп отыру үшін
қаржы қарастырылды. Үкімет осы категориядағы қазақстандықтар- дың өмір сүру
деңгейін төмендетіп алмау үшін бюджет баптарын қосымша қайта қарап отыруға тапсырма
алды. Тұтыну нарығындағы бағаларды реттеп отыру бойынша шаралар күшейтілді, халық
жалпы тұтынатын тауарларды жеткізушілерге бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу
міндеттері жүктелді.
Достарыңызбен бөлісу: