1 Карипова М. Р



Pdf көрінісі
бет104/169
Дата27.10.2023
өлшемі3,61 Mb.
#188867
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   169
Байланысты:
Экономикалық-теория.-Карипова

10.1-сурет
Экономиканың циклдік дамуы 
Экономикалық циклдің әрбір дағдарысы жандану мен өрлеу фазаларында жетіліп 
отырады. Бұлар өндірісті тұрақты түрде кеңейтудің фазалары болып табылады. Бұл 
кезеңдерде халықтың табыстары ұлғаяды, жиынтық тұтынушылық сұраныс өседі. 
Тұтынушылық сұраныстың өсуі кәсіпкерлерді өндіріс қуаттарын арттыруға және капитал 
салымдарын көбейтуге ынталандырады. Сәйкесінше, өндіріс құрал-жабдықтарына да 
сұраныс артады. Жалпы жиынтық сұраныстың өсуі қоғамдық өндірістің өсу қарқынынан 
басып озады. Жекелеген капиталдардың ағыны үздіксіз айналымға түседі, бәсекелік күрес 
төмендейді. Сондықтан өндірістерді жаңарту, жаңа еңгізілімдерді енгізу ынталары 
төмендейді. Ұдайы өндіріс салыстырмалы экстенсивті негізде жүріп отырады. Мұндай 
даму өндірістің өсу қарқыны жиынтық сұраныстың өсу қарқынын басып озғанға дейін 
жалғаса береді. Содан кейін барып тауарлардың артық өндірілуі пайда болып 
экономикалық дағдарыс туындайды. Экономикалық дағдарыс капиталдың артық 
жинақталуына алып келеді және ол үш формада көрініс табады: тауарлы капиталдың артық 
өндірілуі (өткізілмей қалған өнімдердің өсуі), өндіргіш капиталдың артық жинақталуы 
(қолданылмай қалған артық өндіріс қуатының пайда болуы, жұмыссыздықтың өсуі), 
ақшалай капиталдың артық жинақталуы (өндіріске тартылмай қалған ақша санының өсуі). 
Капиталдың артық жинақталуының жалпы нәтижесі болып өндіріс шығындарының өсуі, 
бағалардың құлауы және пайданың төмендеуі табылады. 
Алайда, экономикалық дағдарыс ынталандырушылық («тазарту- шылық») қызмет 
атқарып, жаңа экономикалық дамуға тың серпін береді. Дағдарыс кезінде өндіріс 
шығындарын қысқартуға және пайданы көбейтуге ынта туады, бәсекелестік күшейеді. 
Экономикалық дағдарыс капиталдың пайдалы түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейтін 
өндіріс құрал-жабдықтарының моральдік жағынан тозуына алып келеді. Олай болса, ол 


84 
жаңа техникалық негізде капиталды жаңартуға ынта туғызады. Осыған байланысты, 
дағдарыс экономиканың салыстырмалы түрде интенсивті дамуын бастап береді. Онымен 
дамудың бұрынғы кезеңі аяқталып, жаңа дамуға көшу орын алады. 
Қазіргі нарықтық экономика оған мемлекеттің белсенді түрде араласуы 
жағдайында жұмыс істейді. Мемлекеттің экономикаға әсер етуі дағдарыстардың тереңдігі 
мен жиілігі, цикл фазаларының ұзақтылығы және олардың арасындағы қатынастар 
сияқты эконо- 
микалық динамиканың сипатын өзгерте отырып, экономикалық циклдің 
қадамына маңызды түрде ықпал жасаудан көрінеді. Мемлекеттік реттеудің салдарынан 
циклдік қозғалыстың механизмі өзгереді. 
Циклдік толқуларды жұмсартуға бағытталатын мемлекеттік реттеу антициклдік 
сипатқа ие болады. Мемлекеттің экономикалық циклге әсер етуінің аса маңызды әдістеріне 
ақша-несие және бюджет-салық саясатының құралдары жатады. Дағдарыс жағдайында 
мемлекеттің шаралары өндірісті ынталандыруға, ал өрлеу жағдайында оны тежеуге 
бағытталады. Себебі, экономиканың «қызып кетуін» суыту мақсатында мемлекет өрлеу 
фазасында несиенің қымбаттауына, жаңа салықтарды енгізуге және ескі салықтарды 
көтеруге, жеделдетілген амортизацияны тоқтатуға және жаңа инвестицияларға салықтық 
жеңілдіктерді алып тастауға мүмкіндік жасайды. Ал дағдарыс жағдайларында керісінше
мемлекеттік шаралар несиені арзандатуға, салықтарды қысқартуға, амортизацияны 
жеделдетуге және жаңа инвестицияларға салықтық жеңілдіктерді қолдануға бағытталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет