18
жұмсалып отырады. Өндіріске қосымша ресурстарды тарту есебінен ғана келесі өндірістің
деңгейі кеңейтілген өлшемінде жаңартыла алады. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс өндірістің
әрбір жаңа ұдайы өндірушілік кезеңінде аса жоғары (алғашқыларымен салыстырғанда)
деңгейде жаңарып отыруын білдіреді. Осыған байланысты, нәтижесінде адамдардың
тұтынудың аса жоғары дәрежесіне өтуі және қоғамның әл-ауқатының
өсуі қамтамасыз
етіледі. Екінші өлшеміне сәйкес, экономикалық теорияда ұдайы өндірістің экстенсивті,
интенсивті және аралас типтері орын алады.
Экстенсивті ұдайы өндіріс – бұл бұрынғы технологиялық негізін өзгертпей
қосымша
ресурстарды
тарту
есебінен
өндіріс ауқымын
кеңейту
үдерісі.
Экстенсивтендірудің бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады:
жұмысшылар санын
арттыру, жұмыс күнін создыру, инвестициялар мен капитал салымдары көлемін өсіру, жаңа
жер телімдерін игеру, шикізат өндіруді арттыру және т.б. Ұдайы өндірістің таза
экстенсивті типінің болашағы болмайды, себебі ол ресурстардың шектеулілігі
мәселесімен соқтығысады.
Сәйкесінше, осындай ұдайы өндіріс өздігінше экономикалық
үлгі болып табылады және экстенсивті ұдайы өндірістің классикалық түрі орын алмайды.
Интенсивті ұдайы өндіріс – техника мен технологияны сапалы түрде жақсарту есебінен
өндіріс көлемін ұлғайту үдерісі. Ұдайы өндірістің мұндай типі үшін мынадай жолдар тән:
техниканы жаңарту, барлық ресурстарды аса тиімді қолдану, материалдық ресурстарды
үнемдеу, жұмыскер
кадрлардың біліктілігін көтеру, еңбек тәртібін нығайту, басқаруды
жетілдіру, ғылым мен инфрақұрылымды дамыту, т.б.
Тәжірибе жүзінде таза күйінде интенсивті ұдайы және экстенсивті ұдайы өндірістер
орын алмайды. Олар бір-бірімен өзара байланыста болады және бір-бірін толықтырып
отырады, олай болса, нақты шаруашылықта аралас ұдайы өндірістің типі орын алады.
Аралас ұдайы өндіріс – бұл бір уақытта экономикалық ресурстардың санын
арттыру және техника мен технологияны жетілдіру есебінен
өндіріс ауқымын кеңейту
үдерісі.
Достарыңызбен бөлісу: