34
9.
Жекешелендірудің негізгі түрлері қандай?
А) Шағын, жаппай және жеке жобалар бойынша В) Шағын, орта және ірі
С) Ашық түрде және жабық түрде
D) Конкурс, аукцион және жалға беру бойынша Е) Қарапайым және күрделі
10.
Егер кез келген мүлікті жалға алса, онда жалгер:
А) Мүліктің тұтыну құнын пайдаланады В) Мүліктің толық иегері болып табылады
С) Берілген мүліктің құндылығына билік етеді (оны сата алады)
D) Мүліктің әлеуетті иесі болып табылады
Е) Аренда келісім шартында белгіленген жағдайларға байланысты ол мүліктің иесі
болып табылады
4 МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ
Мақсаты:
Меншіктің мәні мен мазмұны, түрлері мен нысандары, объектілері мен
субъектілерін зерттеу және Қазақстандағы мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру
бағыттарына кеңірек тоқталу
Сұрақтар:
1. Меншіктің мәні мен мазмұны, түрлері мен нысандары, объектілері мен субъектілері
2. Қазақстандағы мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағыттары
Меншік категориясы кез келген экономикалық жүйені ұйым- дастырудың іргетасы
болып табылады. Меншік ұғымы тарихи категория ретінде алдымен, жермен, содан соң
өндіріс құрал- жабдықтарын иемденумен, пайдаланумен және оларды жалға берумен
байланыстырылады. Осы тұрғыда, меншікті молайтуда өндіруші адамның еңбегіне және
оның еңбек өнімділігінің басымдылық рөліне ерекше мән беріледі, өйткені ол барлық
байлықтың және пайда табудың қайнар көзі ретінде саналады.
Меншік теориясына сүбелі үлесті У. Петти, Ф. Кенэ, А. Смит, Д. Рикардо, П.
Прудон, К. Маркс, Р. Коуз және А. Алчиан сияқты ғалымдар қосты.
Маркс бойынша, меншік – бұл өндіріс құрал-жабдықтарын иемденумен байланысты
қатынастар деп қарастырылады. Ал Коуздың пікірінше, кез келген ресурстар өздігінен
меншікке айнала алмайды, тек ресурстарды қолдану арқылы ғана меншіктің кешенді
құқықтарын анықтауға болады. Бұл меншіктің мазмұнын білдіре отырып, осы меншік
құқығына қатыстылардың барлығы сол меншіктің кімге қатысты екенін және өзара
пайдалы іс-әрекетті орындауға қол жеткізу үшін сол адамдардың бір-бірімен қалайша
келісе алатындығын сипаттайды.
Осындай көзқарастарға қарап, меншікті меншік объектілерінің қатыстылығы
жөніндегі адамдар арасындағы экономикалық қатынастар деп түсінуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: